Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бағалау өлшемдері: Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпайдан; барлығы 10 ұпай.



Бағалау өлшемдері:  Көлдер мен оған сәйкес су-шаруашылық объектілерін дұрыс анықтағаны үшін - 1 ұпайдан.  Барлығы: 10 ұпай.

 

5 – Тапсырма.Төменде берілген сипаттамаларға сәйкес мемлекеттерді және олардың астанасын анықтаңыз:

 

а) Сипаттамаға сәйкес Африка елін анықтаңыз.

Бұл ел теңізге шыға алады. Аумағының бір бөлігі таулы, жазық жерлері де кездеседі. Елдің атауы оның астанасының атауымен бірдей. Бұл елдің тұрғындары европоидтық нәсілдер. Рекреациялық ресурстарға бай, онда тарихи ескерткіщтер өте көп.

 

б) Сипаттамаға сәйкес Оңтүстік Америка елін анықтаңыз.

Байырғы кезде бұл ел Испания отарында болған. Ел аумағында материктің ең ірі көлі мен ірі сарқырама орналасқан. Пайдалы қазбаларға өте бай, елдің шаруашылығы да соның негізінде.

 

в) Сипаттамаға сәйкес Азия елін анықтаңыз.

Бұл ел аралдарда орналасқан. Оның табиғаты солтүстіктен оңтүстікке қарай жылжығанда өзгеріп отырады. Табиғи апаттарға жиі ұшырайды. Шаруашылықтың барлық түрлері жақсы дамыған.

 

г) Сипаттамаға сәйкес Солтүстік Америка елін анықтаңыз.

Бұл ел Атлант, Тынық және Солтүстік Мұзды мұхиттарына шыға алады. Елді жер бедеріне сәйкес екі ірі топқа бөлуге болады: таулы және жазықты. 3 аумақ, 10 провинциядан тұратын федеративті мемлекет. Технологиясы мен өндірісі дамыған мемлекет. Экономикасы көп салалы, табиғат  ресурстарына бай.

 

д) Сипаттамаға сәйкес Еуропа елін анықтаңыз.

Скандинавия елдерінің ішінде ең оңтүстіктегі мемлекет. Балтық және Солтүстік теңіздерімен шайылып жатыр. Жоғарғы дамыған индустриалы – аграрлы ел. Ұлттық табыстың 40% -ын өндірістен табады. Дүние жүзі бойынша жан басына шаққандағы ішкі сауда айналымының көлемі бойынша бірінші орынға ие. Басты экспорт тауарлары: машина жасау бөлшектері, ет және ет өнімдері, сүт тағамдары, балық, дәрі – дәрмектер, жиһаз. Басты салалары: металл өңдеу, машина жасау, тамақ, химия, тоқыма өнеркәсіптері.

Бағалау өлшемдері: Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпайдан; барлығы 10 ұпай.

БАРЛЫҒЫ: 50 ҰПАЙ



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.