Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы»



«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы»

пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

(2019 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

М114              Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдар   

Шифр               білім беру бағдармалар тобы

3. Тест мазмұны:Тестіге «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.

 

Тақырыптың мазмұны Қиындық деңгейі Тапсыр малар саны
Тоқыма материалдарының құрылысы және алынуы. Тоқыма талшықтары мен жіптерінің қасиеті. А-2 В-3 С-2
Тоқыма материалдарының құрылысы мен өңделуі. Тоқыма материалдарының негізгі түрлері және сапаны бағалау.   А-2 В-3 С-2
Тоқыма материалдарының қасиеті.   А-2 В-2 С-2
Табиғи және жасанды үлбір мен былғары. А-2 В-2 С-2
Жылытқыш, аралық және астарлық материалдар. Бекіткіш, өңдеуматериалдар мен уақ-түйектер. А-1 В-2 С-1

Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Тест тапсырмалары тоқыма материалдарының (талшық, жіп, мата, трикотаж және беймата жаймалары), табиғи үлбір және былғарының жіктелуі, талшықтар мен жіптердің құрылысы мен қасиеттері, стандарттарды пайдалана отырып материалдардың сапасын бағалаубойынша түсушінің теориялық білім деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманы орындау уақыты – 2 минут. Тест орындалуының жалпы уақыты – 60 минут

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 30 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларыныңбөлінуі:

- жеңіл (A) – 9 тапсырма (30%);

- орташа (B) – 12 тапсырма (40%);

- қиын (C) – 9 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:

Тест тапсырмалары жабық формада беріледі. Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір жауапты таңдау керек.

8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін түсушіге 1 балл береді, одан басқа жағдайда - 0 балл беріледі.

9.Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Цветкова Н. Н. Текстильное материаловедение: Учебное пособие / Н. Н. Цветкова. - Текстильное материаловедение; 2019-09-02. - Санкт-Петербург: Издательство СПбКО, 2010. - 72 с.

2. Шустов Ю.С., Кирюхин С.Н., Давыдов А.Е.Текстильное материаловедение: лабораторный практикум: - М: ИНФРА-М», 2018. - 341 с.

3. Шеромова И. А. Текстильные материалы: получение, строение, свойства. Учебное пособие,– Владивосток: Изд-во ВГУЭС, 2006. – 220 с.

4. Бесшапошникова В.И. Оценка качества текстильных материалов: Учебное пособие.- Саратов.: СГТУ. 2008.- 93 с.

5. Бузов Б.А., Алыменкова Н.Д., «Материаловедение в производстве изделий легкой промышленности», 2008 г.

6. Бессонова Н.Г. Материалы для отделки одежды: учебное пособие / Н. Г. Бессонова, Б. А. Бузов. - M.: Инфра-М, 2018. - 144 с.

7. Швейные нитки и клеевые материалы для одежды: учебное пособие / Б. А. Бузов, Н. А. Смирнова. - M.: ФОРУМ:ИНФРА-М, 2017. - 192с.

8. Кирюхин С.М., Шустов Ю.С. Текстильное материаловедение. – М.: Колос С, 2011. – 360 е.: ил. – (Учебники и учеб.пособия для студентов высш. учеб. заведений).

9. Құтжанова А. Ж.Тоқыма материалтану.Зертханалық практикум. - Алматы: АТУ, 2012. - 164 б.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.