пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті:Білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің кейінігі білім деңгейін анықтау:
М121
шифр
Геология
білім беру бағдармалар тобы
3. Тест мазмұны: Тестіге «Жалпы және тарихи геология» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.
№
Тақырыптың мазмұны
Қиындық деңгейі
Тапсыр
малар саны
Геология, оның тақырыбы және нысандары. Геологияның зерттеу әдістері және басқа ғылымдармен байланысы. Геология циклінің ғылымдары. Геологияның мәні. Жер туралы жалпы мағлұмат. Жер әлем кеңістігінде. Жердің жаралуы туралы гипотезалар. Жердің геофизикалық өрістері және геохимиясы
С
Жер қыртысы, оның құрылысы және типтері. Жер қыртысының негізгі құрылымдық элементері. Жер қыртысының заттық құрамы: химиялық құрамы, минералдық құрамы және петрографиялық құрамы.
А
Геологиялық жылсанау. Жер эволюциясының негізгі кезеңдері. Таужыныстардың салыстырмалы жасын анықтау әдістері. Таужыныстардың абсолют жасын анықтау әдістері. Геохронологиялық шкала. Жерде тіршіліктің пайда болуы және дамуы
А
Геодинамикалық процестер. Эндогендік және экзогендік процестердің өзара байланысы мен ықпалы. Магматизм, оның түрлері. Интрузиялық магматизм. Эффузиялық магматизм. Жанартау типтері және таралуы. Магмалық таужыныстар. Магматизммен байланысты пайдалы қазбалар.
А
Экзогендік агенттердің геологиялық жұмысы. Мору, оның агентері және түрлері. Физикалық мору. Химиялық мору. Мору өнімдері. Мору процестерінің мәні. Денудация. Аккумуляция. Желдің геологиялық жұмысы (эол әрекеті)
А
Жер беті суының геологиялық әрекеті, өзендер, мұздықтар. Рельефтің және шөгінділердің мұздық нысандары (мореналар). Педиплен және пенеплен. Өзендер қауышуы. Өзен шашылымдары. Көлдер және батпақтар жұмысы.
В
Теңіз суының қиратқан өнімдерді тасымалдауы. Теңіз шөгінділерінің жиналуы және түрлері.
Шөгінді таужыныстардың қалыптасуы және жіктелуі. Литогенез сатылары: диагенез, катагенез және метагенез.
В
Жерасты суының геологиялық әрекеті. Таужыныстардағы су түрлері. Таужыныстардың коллекторлық қасиеттері. Жерасты суының жаралуы және құрамы. Жерасты суының жату жағдайлары. Мұнай-газ және руда кенорындарының жерасты суы. Карст және суффозия процестері. Көшкіндер және опырылымдар. Балшық жанартаулар.
В
Метаморфизм. Метаморфизм факторлары. Метаморфизм типтері, түрлері және білінім жағдайлары. Метаморфтық таужыныстар және солармен байланысты пайдалы қазбалар. Ксеногендік процестер. Ксеногендік құрылымдардың жаралуы. Импактілік кратерлердің құрылысы. Шок-метаморфизм. Ксеногендік процестердің Жер тарихындағы рөлі.
В
Стратиграфия нысаны. Стратиграфия негіздері. Фациялар мен формациялар туралы түсінік.