Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жалпы психология». пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің. ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ. М066 – Психология



«Жалпы психология»

пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

(2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

М066 – Психология

Шифр                       білім беру бағдармалар тобы

3. Тест мазмұны: Тестіге «Жалпы психология» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.

Содержание темы Уровень трудности Количество заданий
Психология ғылымы мен практикасының пәні, салалары және міндеттері. А
Психологияның әдіснамасы мен зерттеу әдістері. А
Тұлға психологиясы. А
Іс-әрекетті психологиялық талдау. А
Психологиядағы сана мәселесі. Сана және ұғынылмаған психикалық  процесстер. В
Түйсіну мен қабылдау психикалық процестер жүйесінің бірінші деңгейі ретінде. В
Зейін психикалық процесс ретінде. В
Ес психикалық процестер құрылымының өзегі ретінде. В
Ойлау ақпараттарды қайта өңдеудің жоғарғы деңгейі ретінде. В
Сөйлеу іс-әрекетің психологиялық мәселелері. С
Қабілет психологиясы. С
Темперамент және мінез. С
Эмоция және сезім. С

Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

 

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Тест тапсырмалары мазмұнында жалпы психология теория ғылымының негіздері, теориялары, терминологиясы сипатталады.

 

5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманы орындау уақыты – 2 минут
     Тест орындалуының жалпы уақыты – 60 минут

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 30 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

- жеңіл (A) – 9 тапсырма (30%);

- орташа (B) – 12 тапсырма (40%);

- қиын (C) – 9 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:

Тест тапсырмалары жабық формада беріледі. Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір жауапты таңдау керек.

8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін студентке 1 балл береді, одан басқа жағдайда - 0 балл беріледі.

9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Жакыпов С.М. Жалпы психология негіздері.Оқулық -Алматы: Алла прима, 2012. – 203 б.

2. Жакыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе. Оқулық. –Алматы: Қазақ Университеті, 2007. – 230 б.

3. Жарықбаев Қ.Б. Жантану. Оқулық –Алматы., 2008.-200 б.

4. Намазбаева Ж.И. Жалпы психология. Оқулық –Алматы., 2006. -296 б.

5. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. – Алматы, «Білім», 1996.

6. Жарықбаев Қ., Озғанбаев О.Жантануға кіріспе. – Алматы, 2000.

7. Тәжібаев Т. Жалпы психология. – Алматы, 1998.

8. Сәбет Бап-Баба. «Жантану негіздері» Алматы, 2003.

9. Сәбет Бап-Баба. «Психология негіздері» Алматы, 2007.

10. Сəбет Бап – Баба. Жалпы психология – Алматы, 2003

11. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. - СПб.: Питер, 2009. -720 с.

12. Джакупов С.М. Общая психология: введение. Учебное пособие. Алматы: «Қазақ университеті», 2014. - 162 с.

13. Маклаков А.Г. Общая психология: Учебник для вузов. -СПб., 2008.-583 с.

14. Макарова И.В. Общая психология: Учебное пособие для СПО. - Люберцы: Юрайт, 2016. - 182 с.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.