4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
«Жалпы химиялық технология» курсында химиялық процестер теориясының негiзгi жағдайлары және оларды өнеркәсiптiк обьектiлерде тәжiрибе жүзiнде қолдану қарастырылады. Химиялық өндiрiс химия технологиялық жүйе түрiнде қарастырылады. Химиялық технология процестердің физика-химиялық заңдылықтарына сүйенетiн қарқынды қолданбалы ғылым ретiнде оқып үйретiледi. Шикiзаттар мен энергияны жинақты тиiмдi қолдану және өнеркәсiптiк экология мәселелерi қарастырылады.
5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты.
Бір тапсырманың орындалу уақыты – 2,5 минут.
Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут
6. Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны.
Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.
Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:
- жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);
- орташа (B) – 8 тапсырма (40%);
- қиын (C) – 6 тапсырма (30%).
7.Тапсырманың формасы.
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
8. Тапсырманың орындалуын бағалау:
Түсуші тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда түсуші 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін түсушіге 0 балл беріледі. Түсуші дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.
9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Джанмулдаева Ж.К. Химиялық технологияның теориялық негiздерi. Оқу құралы. - Алматы: Эверо, 2015. - 188 б.
2. Джанмулдаева Ж.К. Химиялық технологияның теориялық негiздерi. Оқу құралы.- Шымкент: М.О.Әуезов ат.ОҚМУ‚ 2013.-208б.
3. Джанмулдаева Ж.К., Сейтмагзимова Г.М. Химиялық реакторлар. Учебное пособие. - Алматы: Эверо, 2016. – 120с.
4. Бишімбаев У.К., Нарманова Р.Ә., Еспенбетова Ш.О. Химиялық
технологияның негіздері: Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. – Алматы: Кітап баспасы, 2006.-296б.
5. Тойбаев Ы.Қ., Жұбанов Қ.А., Садықов Ү.Ә., Қоқанбаев Ә.Қ. Химиялық технология негіздері: Оқу құралы.-Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.-350б.
|
© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.
|
|