|
||||||||||||||||||||||||||||
Тракторлар мен автомобильдер». пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің. ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ. М136 - Автокөлік құралдары. Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар«Тракторлар мен автомобильдер» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ (2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген) 1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау. 2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау: М136 - Автокөлік құралдары шифр білім беру бағдармалар тобы 3. Тест мазмұны: «Тракторлар мен автомобильдер» пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасы негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.
Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны |
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Тест тапсырмалары «Тракторлар мен автомобильдер» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған. Тест тапсырмаларында тракторлар мен автомобильдер құрылысы, іштен жану двигательдерінің механизмдері мен жүйелері, теориясы мен есептеу негіздері және олардың техникалық сипаттамалары қамтылған.
5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Бір тапсырманы орындау уақыты – 2 минут
Тест орындалуының жалпы уақыты – 60 минут
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестінің бір нұсқасында – 30 тапсырма.
Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларыныңбөлінуі:
- жеңіл (A) – 9 тапсырма (30%);
- орташа (B) – 12 тапсырма (40%);
- қиын (C) – 9 тапсырма (30%).
7. Тапсырма формасы:
Тест тапсырмалары жабық формада беріледі. Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір жауапты таңдау керек.
8. Тапсырманың орындалуын бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін түсушіге 1 балл беріледі, одан басқа жағдайда - 0 балл беріледі.
9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Жүнісбеков П. Автомобильдердің құрылысы және пайдалануы. Оқулық. Астана, Фолиант, 2013. 3 басылым. 287 бет.
2. Алиев Б.А., Тракторлар мен автомобильдер (теориясы). Алматы: НАЗ -9 ЖШС, 2005. Оқулық. 360 бет.
3. Жүнісбеков П., т.б. Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет. Астана, Фолиант, 2007. 248 бет.
4. Алиев Б.А. Автомобиль двигательдері. Алматы: Эвро, 2009
5. Шарипов В.М., Бирюков Ю.В., Дементьев Ю.В. и др. Тракторы и автомобили: Учебник для студентов ВУЗ, Издательство «Спектор» 2010г.
6. Котиков В.М., Ерхов А.В. Тракторы и автомобили: Москва.Издательский центр «Академия».2013г
7. Дьяченко В.Г. Теория двигателей внутренного сгорания. М., Автотрансиздат, 2011 г.
8. Кутьков Г.М.Тракторы и автомобили: Теория и технологические свойства. учебник для студентов ВУЗ. Издательство «Колос»
9. Родичев В.А. Тракторы. Издательство:Академия, 2016. - 250 с.
10. Ютт B. E. Электрооборудование автомобилей: Учеб. Для студентов вузов. – 2 изд., перераб. И доп.- М.: Транспорт 2000. 320с.
11. Хазимов М.Ж., Автомобильдердің электр жабдықтары. Оқу құралы – Алматы: 2008. 144 бет.
|
© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.
|
|