Теориялық механика». пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің. ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ. М093 - Механика
«Теориялық механика»
пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
М093 - Механика
Шифр білім беру бағдармалар тобы
3. Тест мазмұны: Тест «Теориялық механика» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.
№
| Тақырыптың мазмұны
| Қиындық деңгейі
| Тапсыр
малар саны
|
| Нүкте және қатты дене кинематикасы. Нүкте қозғалысының берілу әдістері. Қисық сызықты қозғалыстағы нүктенің жылдамдығы мен үдеуі. Үдеуді табиғи үшбұрыштың осьтеріне жіктеу.
| A
|
|
| Абсолют қатты дененің ілгерілемелі қозғалысы. Қатты дененің ілгерілмелі қозғалыс кезіндегі нүкте траекториясы, жылдамдығы, үдеуі.
| A,B
|
|
| Қозғалмайтын өс төңірегіндегі абсолютті қатты дененің айналмалы қозғалысы. Бұрыштық жылдамдық және бұрыштық үдеу. Айнала қозғалатын қатты дененің нүктелерінің жылдамдықтары және үдеулері. Эйлер формуласы.
| А,В,С
|
|
| Абсолютті қатты дененің жазық паралель қозғалысы. Қатты дененің жазық паралель қозғалысын екі түрде өрнектеу. Жазық фигура нүктелерінің жылдамдығы және үдеуі. Жылдамдықтар және үдеулердің лездік центрлері.
| A,B,С
|
|
| Қозғалмайтын нүкте маңындағы қатты дене қозғалысы.Эйлер бұрыштары. Эйлердің кинематикалық теңдеулері. Эйлер-Даламбер теоремасы. Қозғалмайтын нүкте маңында қозғалатын дене жылдамдығы мен үдеуі.
| A,B,С
|
|
| Қатты дененің күрделі қозғалысы. Жылжымалы векторларды жүйеге келтіру. Бас вектор және бас момент. Жылжымалы векторларды жүйеге келтіру инварианты. Винт. | А,В
|
|
| Еркін қатты дене қозғалысы. Шаль теоремасы.Еркін қатты дене нүктелерінің жылдамдықтары мен үдеулері. | В,С
|
|
| Нүктенің күрделі қозғалысы. Абсолютті, салыстырмалы, тасымал қозғалыстар.Жылдамдықтарды қосу туралы теорема. Кориолис теоремасы.
| A,B,С
|
|
| Статиканың негізгі анықтамалары және акиомалары. Центрге қатысты момент күштері. Өске қатысты момент күштері.
| A,B
|
|
| Жинақталатын күштер жүйесі.Жинақталатын күштер жүйесінің тепе-теңдік шарты. Параллель күштер жүйесі. Тепе-теңдік шарттары, тепе-теңдік шарттарының эквиваленттілігі. Ауырлық центрі. Массалар центрін табу әдістері.
| В,С
|
|
| Жұптар теориясы. Кеңістікте еркін орналасқан күштер жүйесі. Әртүрлі күштер жүйесі үшін тепе-теңдік шарттары. Статикалық анықталмаған жүйелер. | A,B,C
|
|
| Материалдық нүктелер жүйесі және нүкте динамикасы. Нүктенің түзу сызықты тербелістері (гармоникалық, өшетін, мәжбүрлі). Материалдық нүктелер жүйе қозғалысының дифференциалдық теңдеулері.
| B,C
|
|
| Нүкте динамикасының жалпы теоремалары. Жүйенің негізгі динамикалық шамалары. Жүйе динамикасының жалпы теоремалары.
| В,С
|
| | |