Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Эндокриндік, ферменттік және арнайы шикізаттар



4.6 Эндокриндік, ферменттік және арнайы шикізаттар

Сабақтыңтың мақсаты:Студенттерге халық шаруашылығында қолданылатын эндокриндік, ферменттік және арнайы шикізаттың негізгі сипаттамасын оқып-білу,

Жұмысқа керекті материалдар:Эндокриндік, ферменттік және арнайы шикізат үлгілері, шикізатқа арналған құжаттар.

 

Жануарлар организмінде сыртқы және ішкі секреция бездері (тер, сілекей, қарын мен ішектің кілегейлі қабатының бездері) бар. Олардың бөлген сұйықтығы кейде ішкі ағзаның бөліктеріне немесе сыртқа бөлініп, өзіне тиісті қызметін атқарады. Ішкі секреция бездерінің бөлінген сұйықтығы гормон деп аталады. Олар организмнің жетілуіне және дұрыс қызмет істеуіне өте жақсы жағдай жасайды. Эндокриндік бездерді өңдегеннен алынған препараттар медицинада немесе ветеринарияда қолданылып, дәрілік және қабілеттілікті арттыратын қажетті заттар жасауға болады. Негізінде эндокриндік шикізаттарды дені сау жануарлардан әрі малдәрігерлік сараптаудан өткен ұшадан алынып, дайындалады.

 

 

 Сурет 54. Ірі қара малының ішкі секреция бездерінің орналасуы.

1- эпифиз (домалақ без), 2 – гипофиз, 3 - қалқанша без, 4 - қалқанша маңы бездері, 5 – тимус, 6 - бүйрекүсті безі, 7 - ұйқы безі, 8 - аналық без (жыныс бездері)

 

Гипофиз-мидың негізгі бөлігінде орналасып, ішкі секреция бездерінің ең маңыздысы болып саналады. Ол бірнеше гормондарды бөледі (өсу, жыныстық, май айырбастау, сүт өндіру және толғақ сияқты). Осы бездің бөлген сұйықтығы-гормоны жалпы организмнің өсуін, дамуын, жетілуін,  жыныстық бездің дамуы мен жұмыс істеуін, май клеткаларын ыдырату, қалқанша безді жандандыруға, сүт безі мен сүт бөлінуге өзінің көмегін тигізеді немесе реттейді. Гипофиз препараттары медицинада және ветеринарияда дәрілік сипатта қолданылады.

Қалқанша без (шитовидная железа) - мойындағы көмейдің артқы жағында орналасқан. Оның шығарған сұйықтығында негізгі белсенді гормон–тироксин. Осы гормоннан тиреоидин деген препарат дайындалып, медицинада есі ауысқан, семіздікке қарсы және басқа ауруларға қолданылады.

Қалқанша маңы бездері (парашитовидная железа)- қалқанша бездің қасында ұйқы күре тамырдың артқы жағында орналасқан. Осы бездің шығарған сұйықтығынан паратиреокрин атты препарат дайындалып, ағзаның функциясы бұзылған кезінде және сіңіру тырысу кезінде қоданылады.

Бүйрек үсті безі (надпочечник) - құрсақ қуысының артқы қабырғасында орналасқан бүйректің алдыңғы жағында болады. Осы бездің бөліп шығарған сұйықтығы - адреналин қан тамыры мен вегетативті жүйеге күшті әсер етеді. Сондықтан оны жүрек, астма, қан қысымы аурауларына қарсы дәрі ретінде қолданады. Ал осы бездің қабығынан алынған гармон-каротин - ағзаның алмасу процесіне өте қолайлы әсер етеді (әсіресе аддисон ауруына). Осылардан басқа бұл без С және А витаминдеріне өте бай.

Ұйқы безі (поджелудочная железа) – құрсақ қуысындағы он екі елі ішек қуысында орналасып, екі секреция бөлетін бездер қатарына жатады. Сыртқы без секрециясы- трипсин –он екі ішек ішіне құйылып,  одан панкреатин атты препарат дайындалып,  ал ішкі без секрециясы – инсулин қанға құйылып ағзаның көміртегі алмасуын қадағалап реттейді де бауыр, арықтау және қант аздығы ауруларына қолданылады.

Жыныс бездері (половые железы) - аналық –яйчник (ұрғашы малдарда) және аталық –семенник (еркек) бездерден құралады. Бұл бездер құрсақ қуысының артқы жағындағы бүйректің астында орналасқан.

Аналық жасуша оварин атты гормон шығарып, ұрғашы малдың күйлеуіне, буаздықтың жағдайына өз әсерін тигізеді. Ал аталық бездің гормоны - ндростерон - еркек малдың жыныстық жұмысына, жасуша ның дамуына қолғабыс тигізеді.

Ферменттік шикізаттар– жануарлар организмінің белгілі бір ағзаларында бөлініп шығарылатын өте күрделі органикалық заттар. Олар организмде жүретін биохимиялық процестерге катализатор ретінде көп көмек береді (әсіресе ас қорыту процестерінде).

Ұлтабар (сычуг)- күйіс қайыратын жануарлар қарындарының бір бөлімі. Ол ары қарай он екі елі ішекпен (кейде оны ұлтабардың ұшы деп те атайды) жалғасады. Жас малдардың (әсіресе бұзау, қозы лақ) ұлтабарының кілегейлі немесе шырышты қабаты ерекше зат – іріткі (кейде мәйек дейді) фермент бөліп шығарады.  Фермент (химозин) сыр дайындауға қолданылатын сүтті ірітуге немесе ашытуға жұмсалады. Бұл ферментті дайындау үшін енесін еміп жүрген бұзау, қозы, лақтардың ұлтабарлары шикізат болып табылады. Ұлтабар стандарт бойынша үш сортқа бөлінеді.

1 сұрып – ұлтабар қабырғалары таза, жұқа келген бұлшық етті қабығы бар, ашық немесе әлсіз алтын түсті, ішкі қалдықтар мен майы жоқ жақсы кептірілген, иісі жоқ деуге болады.

2 сұрып – аз ғана май қалдықтары бар, кейде кеміргіштер жеңіл кемірген ішкі қалдықтың ізі бар. Басқа белгісі бойынша 1 сорттағыдай.

3 сұрып – өте жақсы дамыған бұлшық еттері бар,  май қалдықтары жеңіл былғанған ішкі қалдықтардан онша айрылмаған. Осы ұлтабардан мәйек ашытқысын (10-15 г ұлтабарды 1 литр 4-5 пайыздық тұз ерітіндісіне ерітіп) жасайды. Осы ашытқының 1бөлігі 30 C температурада сүттің 50000 бөлігін ашытуға немесе ірітуге болады.

Пепсин дегеніміз- қарын сөлінің құрамына кіретін ферменттің бірі,  ол белоктардың ыдыратуға өте көмектеседі. Медицинада және техникалық мақсатта қолданылады. Техникалық пепсин торай ұлтабарының кілегейлі қабығы мен ересек ірі қар малының ұлтабарынан сулы немесе глицерин тұзбасы арқылы жасалады.

Трипсин- ұйқы безінің ферменті,  ас қорыту жүйесінде негізгі роль атқарады.  Құрамында трипсині бар техникалық препарат –панкреотин аяқ киімге қолданылатын былғарыны жұмсарту үшін кеңінен пайдаланады.  Бұл препаратты дайындау үшін инсулин өндірісінде қолданылмайтын ұйқы бездері тамаша шикізат болып табылады.

Организмді терапевтикалық және басқа препаратпен емдеу үшін арнайы шикізаттар қолданылады.  Олардың қатарына жас малдардың қаны, өті және жұлындары жатады.

Қанәртүрлі қан түйіршік терінен құралған қызыл түсті,  өзіндік иісі бар,  ащылау дәмді,  әлсіз сілтілік реакциялы (РН -7, 3-7, 9), қоймалжың сұйықтық.  Ол қан сарысыуы мен әртүрлі түйіршіктерден –эритроцит (қызыл қан түйіршігі),  лейкоцит (ақ қан түйіршігі),  тромбоциттен (қан пластинкасы) тұрады.

Сурет 55 . Эритроцит, лейкоцит және тромбоцит

 Ет өңдеу комбинатында сойылған мал қанының құрамы  кестеде келтірілді (%).

 

Құрамы Бүтін қан Қан сарысуы Қан түйіршіктері
Су 79-81 90-92 56-68
Құрғақ қалдық 19-21 8-10 32-44
Гемоглобин 12-16 -- 30-41
Жалпы белок 18-19 7-8 10-12

 

Техникалық мақсатқа қолданылатын қанды өңдегеннен кейіңгі көптеген өнімдердің ішінен ең маңыздылары – қара және ашық техникалық альбумин,  сунальбин мен құрғақ фибрин болып табылады.  Қара техникалық альбумин көбіне фанераны желімдеуге қолданылатын альбумин желімін дайындауға жұмсалады.  Ашық техникалық альбумин тоқыма өнеркәсібінде маталарды бояу және тері өнеркәсібінде былғары жылтыр болу үшін қолданылады.  Тағыда ол сурет ісінде де қоданылады.  Сунальбин пластмассалық тауарларды жасауға жұмсалады.  Қан шұжық жасау үшін қолданылады.  Одан өндірілген тағамдық ашық альбумин жұмыртқа ақуызы сияқты кондитер өнеркәсібінде пайдаланылады.  Өаннан кейбір фармацевтикалық препарат-гематоген дайындалады,  ал құрғақ фибрин малдарды семірту үшін қолданылатын азықтық құрамаға кіреді.

Өт - бауырдан бөлініп шыққан жасылдау – бурыл түсті,  әлсіз сілтілік қоймалжың сұйықтық.  Ол өт бездерінде түзіліп тағамды ыдыратуға кейде ішекке кейде қарынға құйылып отырады.  Өттің негізгі құрамында өт қышқылы (7 пайыз),  өтті пигменті,  холестерин (0, 5),  лецитин, минералды заттар,  т.с.с.  бар.  Өттен медициналық препараттар-холензима,  аллохол,  хологон және өт қышқылдарын дайындайды.

Жұлын омыртқаның ортасында орналасқан жіп секілді ақ немесе әлсіз сары түсті,  сырты қабықпен қапталғын зат.  Ірі қара мен шошқаның жұлынынан медициналық препараттар- холестерн (синтетикалық стероидтық гормондарды алу үшін),  лецитин (химиялық фармацевтикалық өндірісте қолдану үшін) және тағамдық өндірістің кейбір саласында пайдаланылады.

Жоғарыда айтылған шикізатты кең көлемде алу үшін мына әдістер - ысыту,  кептіру немесе ацетонда сусыздандыру көп қолданылады.  Сонда шикізат ішінде белсені заттар өз қабілеті жоғалтпайды.

 

Тапсырма 1. Дәрісті тыңдап және арнайы әдебиеттерден осы шикізаттарды оқып,  қабылдау ережелерін біліп,  нормативті- техникалық құжаттарды толтырып  кестеге түсіреді.

Шикізат түрі Олардың сипаттамасы Қолданылуы Ескерту
       
       
       

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.