Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тау-кен кәсіпорындарының және



 «Тау-кен кәсіпорындарының және

жерасты ғимараттарының құрылысы»

пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

тест спецификациясы

(2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

 М116 - Тау-кен ісі

3. Тест мазмұны:

Тақырыптың мазмұны Қиындық деңгейі Тапсырмалар саны
Тау-кен кәсіпорындарының құрылыстарын жобалау ұстанымдары A
Тау-кен қазбаларының құрылысы туралы жалпы түсінік Тау-кен қазбаларының пішіні мен өлшемдерін анықтау. Бекітпе конструкциясын таңдау.. 2A 3В
Дайындау кезенінің жұмыстары. Жер беті ғимараттары құрылысының технологиясы Тұйық қазбаларды желдетуді есептеу және желдеткіштерді таңдау В
Тік оқпандар құрылысының технологиясы Тік оқпандар құрылысындағы жүргізу циклінің негізгі параметрлерін анықтау С
Оқпан маңы дуалының қазба өтуі.  Оқпан маңы дуалы құрылысының күнтізбелік жоспарын құру С
Жазық қазбалар құрылысының технологиясы Жазық және көлбеу қазбаларды өткен кезде қолданылатын тау-кен құралдарын таңдап негіздеу және эксплуатациялық өнімділігін анықтау. С
Көлбеу қазбалар құрылысының технологиясы. Жазық және көлбеу қазбаларды бұрғылап аттыру тәсілімен өткендегі тау-кен жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру. Жазық және көлбеу қазбаларды комбайн тәсілімен өткендегі тау-кен жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру В
Ашық кеніштер құрылысындағы жұмыстардың құрамы мен сипаттамасы. Кеніш құрылысының жүйелік графигінің үйлестірілуі және есебі В

Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

« Тау-кен кәсіпорындарының және жерасты ғимараттарының құрылысы » пәні «Тау-кен ісі» мамандығының элективті пәндер циклына кіреді және студенттерге тау-кен қазбаларының параметрлерін, оларды өту технологиясы, механизациясы мен ұйымдастырылуын, жер асты құрылыстарын салу технологиясын, тау-кен мекемелерінің жер беті ғимараттары құрылысының технологиясын жобалауды үйрету мақсатын алға қояды.

5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут.

Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут.

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

- жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);

- орташа (B) – 8 тапсырма (40%);

- қиын (C) – 6 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.

8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Үміткер тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда үміткер 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін үміткерге 0 балл беріледі. Үміткер дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.

9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

   1. Шахтное и подземное строительство. Учебник /Б.А. Картозия,Б.И.Федунец, М.Н. Шуплик и др. – М:Изд-во МГГУ, 2015 – с.732.

2. Айдарова М.А., КамаровР,К.,Баймульдин М.К. Строительство горных предприятий. Учебник.- Караганда: Изд-во КарГТУ, 2014.- 260с.

3. Гузеев А.Г. Проектирование и строительство горных предприятий. М.: , 2012.- 232 с.

4. Гузеев А.Г., Гудзь А.Г., Пономаренко А.К. Технология строительства горных предприятий. Киев-Донецк: Вища школа, 2015.-392 с.

5. Данилов Н.Н. Булгаков С.Н., Зимин М.П. Технология и организация строительного производства. М.: Строиздат, 2014. – 752 с.

6. Максимов А.П. Горнотехнические здания и сооружения. М.: 2016. – 263 с.

7. Баймульдин М.К. Строительство горных предприятий в примерах и задачах : учебное пособие /М.К. Баймульдин, М.А. Айдарова.-Караганда:Изд-во КарГТУ, 2013.-100с.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.