Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тау-кен өндірісінің негіздері»



«Тау-кен өндірісінің негіздері»

пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

тест спецификациясы

(2019 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

М116

шифр

Тау-кен инженериясы білім беру бағдармалар тобы

3. Тест мазмұны мен жоспары: Тестіге «Тау-кен өндірісінің негіздері» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.

 

Тақырыптың мазмұны Қиындық деңгейі Тапсыр малар саны
Таужыныстары және пайдалы қазбалары.Пайдалы қазбалар жатысының пішіндері мен элементтері. Таужыныстарының физика-механикалық қасиеттері. А-2 В-2
Тау-кен жұмыстары туралы жалпы  мәліметтер Кен орындарын игеру объектлері. Пайдалы қазбалардың қорлары. Пайдалы қазбалардың жоғалымы мен құнарсыздануы.Тау-кен қазбалары. А-1 В-2
Көмір кен орындарын жер асты қазу. Шахта алаптарын қазу тәртібі. Аршу, даярлау, тазалау жұмыстарының ерекшеліктері. Тау-кен қазбаларын жүргізу тәсілдері. Жер асты кен қазбаларын желдету тәсілдері мен сұлбалары. А-1 В-2 С-1
Рудалы кен орындарын жер асты қазу Руда кен орындарының қазу кезендері, аршу ерекшеліктері. Негізгі және қосымша өндірістік процестер. Қазу жүйелері. А-1 В-2 C-3
Пайдалы қазбаларды ашық тәсілмен қазу Карьер және оның негізгі элементтері. Аршу коэффициенті. Негізгі және қосымша өндірістік процестер. Горизонталь, енкіш және күрт құлама кендерді қазу жүйелері. А-2 В-2 С-3
Құрылыстық тау жыныстары кен орындарын қазу.Құрылыстық таужыныстарының түрлері және олардың қасиеттері. Құрылыстық тау жыныстар кен орындарын қазу  және өндіру технологиясымен технологиялық процестердің ерекшеліктері. А-1 В-1 С-1
Пайдалы қазбаларды байыту бойынша негізгі мәліметтер. Пайдалы қазбаларды байытуға дайындау. Байытудың негізгі әдістерімен процестері. Байытудың технологиялық нәтежелері. А-1 В-1 С-1


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.