Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»



«Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»

пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

(2019 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

М151 Көлік қызметі

Шифр   білім беру бағдармалар тобы

3. Тест мазмұны:Тестіге «Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша/орысша) ұсынылған.

Тақырыптың мазмұны Қиындық деңгейі Тапсырмалар саны
Темiр жол көлiгiнде тасымалдауды ұйымдастыру мен қозғалысты басқару (Темiр жол станцияларының технологиялық және өндiрiстiк жұмысы. Темiр жол және көлiк тораптарының жұмысын ұйымдастыру. Темiр жол желiсiнде вагонағындарды ұйымдастыру. Пойыздар жүрiс графигi. Желiлердiң өткiзгiштiк және тасымалдау қабiлетi. Темiр жол мен темiр жол көлiгiнiң өндiрiсiнiң қозғалысын басқару Пойыздар жүрiс графигi. Желiлердiң өткiзгiштiк және тасымалдау қабiлетi. Темiр жол мен темiр жол көлiгiнiң өндiрiсiнiң қозғалысын басқару. Жылжымалы құрамдарды пайдалану көрсеткiштерi. Пайдалану жұмыстарын шұғыл басқару. Пайдалану жұмысын талдау Пайдалану жұмыстарын шұғыл басқару. Пайдалану жұмысын талдау. Біртұтас көлік үрдісіндегі өнеркәсіптік көліктің алатын орыны. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы көлік жұмысын ұйымдастыру). А-1 В-2 С-1
Жол қозғалысын ұйымдастыру (Жол қозғалысындағы автомобильдендіруді дамытуды қауіпсіздігін және тиімділігін қамтамасыз ету мәселелері. Көлік ағыны және оның негізгі сипаттамалары. Жол қозғалысы және оның сипаттамалары. Жол қозғалысы сипаттамасын зерттеу әдістері. Жол-көлiк оқиғалары. Жол қозғалысындағы параметрлерiн зерттеу. Жол қозғалысын ұйымдастыру тиiмдiлiгiн бағалдау тәсiлдерi. Жол қиылыстары мен жол аралықтарындағы қозғалысты ұйымдастыру схемаларын құру. Жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын ұйымдастыру). А-1 В-2 С-1
Автомобиль көлiгiнде тасымалдауды ұйымдастыру мен қозғалысты басқару (Тасымалдауды ұйымдастыру негiздерi. Жүк- және жолаушыағындарының сипаттамалары. Автокөлiк құралдарының сипаттамалары. Автокөлiк жұмысының көрсеткiштерi. Көлiк-экспедициялық қызметтердiң негiзi. Бiртұтас технологиялық үрдiстiң мазмұны. Халықаралық жолаушы автотасымалдарын ұйымдастыру негiздерi). А-1 В-1 С-2
Әуе көлiгiнде тасымалдауды ұйымдастыру мен қозғалысты басқару (Әуе жолы көлiгiнiң тасымалдарын ұйымдастыру. Халықаралық жолаушы әуе жолы тасымалдары. Жүк әуе тасымалдары. Жүк әуе тасымалдары. Iшкi және аймақтық жолаушы тасымалдарының ерекшелiктерi. Әуе көлiгiнiң коммерциялық қызметiнiң ерекшелiктерi). А-2 В-1 С-1
Су көлiгiнде тасымалдауды ұйымдастыру мен қозғалысты басқару (Флоттың жұмысын ұйымдастыру. Көлiк кемелерiнiң жұмысын техникалық мөлшерлеу. Көлiк флотының жұмысының пайдалану көрсеткiштерi. Жүк флотының жұмысын жоспарлау Жүк флотының жұмысын жоспарлау. Флоттың жұмысын шұғыл басқарудың мақсаты мен функциялары. Флоттың жұмысын шұғыл жоспарлау. Флоттың жұмысын шұғыл есептеу және талдау. Жолаушылар флоты мен жолаушы қатынастарының желiлерi). А-1 В-2 С-1

Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

 

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:Тапсырма мазмұны берілген пәннің типтік оқу бағдарламасына сәйкес келеді.

5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут.

Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут.

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

- жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);

- орташа (B) – 8 тапсырма (40%);

- қиын (C) – 6 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.

8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Түсуші тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда түсуші 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін түсушіге 0 балл беріледі. Түсуші дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.

9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару. Кобдиков М.А., Жунисбеков Ж., О.Л.Гирш. Электрондық оқулық. 445 с.

2.Қазақстан автомобиль көлігі. М.М.Бекмагамбетов. Алматы, 2008 ж. 256 б.

3. Автокөлікпен халықаралық тасымалдау. С.Е.Бекжанова; К.Ә.Жүсіпов, З.К.Битлеуова, Ш.М.Көбдікова. Алматы, 2008 ж. 185 б.

4.Навигация и лоция. К.Дмитриев. М.Академкнига, 2004 г. 471 с.

5.Водный транспорт. Ч1. Внутренний водный транспорт. Учебное пособие. П.К.Рыбин, В.И.Смирнов. Санкт-Петербург, 2005 г. 45 с.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.