|
|||
Кейс тапсырмаларының форматы5.Кейс тапсырмаларының форматы 5.1Ситуативтік тапсырма құрылымы кейстің екі өзара байланысқан фабуласынан (материалдық және процессуалдық) тұрады, олардың әрбірі бойынша бір дұрыс жауапты таңдау керек болатын бір тест тапсырмасынан және бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау керек болатын бір тест тапсырмасынан тұрады. 5.2 Кейс фабуласы (материалдық та, процессуалдық та бөлігі) материалдық құқық бойынша негізгі, іргелі салаларды да, сондай-ақ құқық қолдануда неғұрлым көп тараған институттарды да қамтуы керек. Кейс фабуласына нақты құқықтық регламентациясы болмайтын немесе құқық қолдануда тұрақты тәжірибеге негізделе алмайтын мән-жайларды енгізуге болмайды. 5.3 Кейс фабуласы жабық болуы керек, яғни ондағы мән-жайлар әртүрлі мағыналы емес, жеткілікті нақтылықта, логикалық ізбе-ізділікте, мүмкіндігінше хронологиялық тәртіпті сақтай отырып баяндалуы керек. 5.4 Кейсті құрастырғанда оның мазмұны мен сұрақтары белгілі бір құқық саласының әртүрлі институттары көрініс табатын ретте құрастырылады. 5.5 Фабула процессуалдық құқық бойынша бөлігінде міндетті түрде материалдық құқық бойынша фабулаға және оның дұрыс жауаптарына негізделген болуы керек. Бұл шарт ситуативтік тест тапсырмаларын құрастырудың осы спецификациясының басты талабы болып табылады. 5.6 Ситуативтік тапсырманы шешуге кететін уақыт кейстегі бір тест тапсырмасына жауапқа орта есеппен 1,5 минут жұмсалатындығына негізделеді. 6. Эталонды жауаптар және бағалау жіктері 6.1 Эталонды жауаптар толық және дәл, әр мағыналылық пен дау туғызбайтындай болуы керек. 6.2 Ситуативтік тест тапсырмаларының дистракторлары эталонды жауаптан көлемі жағынан ерекшеленбеуі керек, осы жауапты дұрыс деп есептемеуге болатын кем дегенде бір белгісіне ие болуы керек, сол сияқты заңсыз не қате әрекеттің/шешімнің айқын белгілеріне ие болмауы керек. Қосымша 1
|
|||
|