2. Міндеті:Келесі мамандықтар үшін үміткердің білім деңгейін анықтау:
3. Тест мазмұны: Тестіге «Сейсмологияның физикалық негіздері» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.
№ | Тақырыптың мазмұны | Тапсыр малар саны | Қиындық деңгейі |
Жер туралы ғылымдардағы сейсмологияның орны. Жер сілкіністер жер қозғалысының көрінісі. | А | ||
Жердің құрылымын зерттеудегі сейсмологияның рөлі. | А | ||
Жердің сілкінгіштігі және эпицентралды өрістер. | А | ||
Сейсмология және тектонофизика. | А | ||
Әлемдік және аймақтық сілкінгіштік. Сейсмотектоника. | А | ||
Сілкінгіштікті зерттеу әдістерінің классификациясы. Сейсмологиялық зерттеулердің міндеттері. | В | ||
Литосфера. Литосфералық плиталар. Литосфералық плиталардың шекаралары, олардың түрлері. | А | ||
Плиталар тектоникасы. Жер қыртысының негізгі сейсмогеодинамикалық құрылымдары (спрединг, субдукция, литосфераның трансформды жылжуы және т.б.). | В | ||
Жер қыртысы, оның құрылымы және құрамы. Жер қыртысының түрлері. Жер қыртысының ірі құрылымдық элементтері: құрлықтар мен мұхиттар. | В | ||
Сейсмологиялық мәліметтер бойынша жер қыртысының терең құрылымы. Конрад беті. Мохоровичич беті. | А | ||
Жер сілкінуінің себептері. Сейсмикалық белдеулер. | В | ||
Жер сілкінісінің түрлері және олардың себептері. Тектоникалық жер сілкінісінің ошағы. | А | ||
Физика және жер сілкінісін болжау. Болжаудың мақсаттары мен міндеттері. | В | ||
Сейсмикалық процестерді зерттеудегі жерасты суларының рөлі мен маңызы? Сейсмокауіпті аудандардағы жер асты суларының деңгейінің өзгеруін бақылау негізінде жер сілкінісін болжау. Сейсмикалық қызмет және сейсмологиялық мәліметтердің базалары мен банктерін қалыптастыру. | В | ||
Жер сілкінісі қарқындылығының макросейсмикалық шкаласы. Сейсмологияның геофизикамен және басқа да жаратылыс, техникалық ғылымдармен байланысы. | В | ||
Жер қыртысында сейсмикалық толқындардың таралуы. Сейсмикалық толқындардың қалыптасу шарттары мен түрлері, олардың негізгі сипаттамалары. Жердің құрылымын зерттеу үшін сейсмикалық толқындарды қолдану туралы жалпы идеялар. | С | ||
Тік - біркелкі емес ортадағы беттік толқындар. Негізгі және жоғары гармоника. Топтық және фазалық жылдамдық. Жер қыртысының өз тербелістері. | С | ||
Сейсмикалық толқындардың геологиялық ортада гармоникалық тербелістері, сіңуі мен таралуы, шағылу және сыну коэффициенттері. Серпімді тербелістердің кинематикалық сипаттамалары (сейсмобарлаудың түрлері мен жылдамдығын анықтау). | C | ||
Сейсмикалық тіркеу құрылғысы. Сейсмикалық аспаптардың жұмыс істеу принципі және сейсмикалық тербелістерді тіркеу әдістері. | С | ||
Сандық сейсмикалық мәліметтерді өңдеу әдістері. Спектрлік әдістер, кеңістік-уақыттық фильтрлеу, миграция. | С | ||
Серпімділік және серпімділік модулі; кернеу және деформация. Серпімділік теорияның динамикалық негіздері. | А | ||
Кернеу және деформация тензорлары. Серпімді энергия. Серпімділік теориясының динамикалық Грин функциясы. | В | ||
Барлаудың геофизикалық әдістері: тау жыныстарының физикалық қасиеттерін қолданатын әдіс, өлшенетін параметр әдісі. | С | ||
Магниттік барлаудың физикалық-геологиялық негіздері. Жердің магнит өрісінің элементтері, құрылымы және варияциясы (тау жыныстары мен кендердің магниттік қасиеттері, магнит өрісінің әлеуетті мен күші). | В | ||
Магнитті барлаудың өлшенген шамасы. Қалыпты және ауыспалы өрістер (жергілікті және аймақтық). Вариация түрлері және магниттік өріс градиенті. | В | ||
Магниттік барлаудың тура және кері есептерін шешу принциптері. | В | ||
Жердің гравитациялық өрісінің теориясы мен гравибарлау негіздері. Ауырлық күші және еркін құлау үдеуі. Еркін құлаудың потенциалы және оның туындылары. Гравиметриялық мәліметтер негізінде жердің фигурасын зерттеу. | В | ||
Ауырлық күшінің аномалиялары мен редукциясы. Гравибарлаудың тура және кері есептерін шешу принциптері. | С | ||
Электрлік барлаудың физика-математикалық негіздері. Табиғи және жасанды электрлік өрістер. Тұрақты және ауыспалы гармоникалық электромагниттік өрістер. Электрлік барлауда зерттелетін электромагниттік өрістер. | С | ||
Тура және кері электрлік барлау мәселелерін шешудің негіздері: біртекті изотропты орта үстіндегі нүктелі көз өрісі, табиғи өріс әдісіндегі электрохимиялық өрістер, кедергі әдісіндегі өзара принциптері, электромагниттік зондтаудың негізгі принциптері; электромагниттік өрісті зарядталған дене арқылы зерттеу түрлері. | С | ||
|
|||
|