|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
PR теориясы мен тәжірибесі» пәні бойынша«PR теориясы мен тәжірибесі» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ (2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген) 1. Құрастырылу мақсаты:Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына магистратураға түсу емтиханы үшін құрастырылған. 2. Міндеті:Келесі мамандықтар үшін үміткердің білім деңгейін анықтау: М068 - Қоғаммен байланыс Шифр білім беру бағдармалар тобы 3. Тест мазмұны мен жоспары: Тестіге «PR теориясы мен практикасы» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша/орысша) ұсынылған.
Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны |
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Тест сұрақтарының мазмұнында паблик рилейшнздің пайда болуы мен дамуын, PR-науқандарды ұйымдастырып, өткізу, баспасөз қызметінің жүйесі, ұйым және оның коммуникативтік мінез-құлқы, мақсатты аудиториялар, PR-дың түрлері, функциялары, дағдарыстың алдын алу, имидж жасау, ақпараттық аудит өткізу, қоғаммен байланыстың экономикасы және т.б. жан-жақты қарастырылады. қоғаммен байланыстың қызмет етуінің негізгі принциптерін, ақпараттық-коммуникациялық қызметтің ерекше түрі ретіндегі паблик рилейшнздің мәнін,оның журналистикадан, жарнама, үгіт-насихаттан айырмашылығын, паблик рилейшнздің алғышарттары мен даму тарихын,қоғаммен байланыс мамандарының негізгі кәсіби міндеттері берілген.
5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Бір тапсырманы орындау уақыты – 2 минут
Тест орындалуының жалпы уақыты – 60 минут
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестінің бір нұсқасында – 30 тапсырма.
Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:
- жеңіл (A) – 9 тапсырма (30%);
- орташа (B) – 12 тапсырма (40%);
- қиын (C) – 9 тапсырма (30%).
7. Тапсырма формасы:
Тест тапсырмалары жабық формада беріледі. Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір жауапты таңдау керек.
8. Тапсырманың орындалуын бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін студентке 1 балл береді, одан басқа жағдайда - 0 балл беріледі.
9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Шыңғысова Н.Т. PR теориясы мен практикасы. Оқу құралы, Алматы, «Қазақ университеті», 2015.
2.А.Окай, А.Окай, О.Тұржан. Жұртшылықпен байланыс: негізгі ұғымдар, стратегиялық тұжырымдар мен тәжірибелер. 2 кітап. Оқу құралы. Астана, 2014.
2. Бекболатұлы Ж. PR жəне жарнама. Оқу құралы, Алматы, «Казахский национальный университет им. аль-Фараби», 2010
3. Бекболатұлы Ж. Қоғаммен байланысқа (PR) кіріспе. Оқу құралы, Алматы, «Казахский национальный университет им. аль-Фараби», 2013
4. Сұлтанбаева Г.С. Бұқаралық коммуникацияның негіздері мен тәжірибесі. Оқу құралы, Алматы, «Казахский национальный университет им. аль-Фараби», 2014
5. Чумиков А.Н., Бочаров М.П. «Связи с общественностью: теория и Практика». – 2014
|
© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.
|
|