Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Фотограмметрия» пәні



«Фотограмметрия» пәні

1.Орталық жобалаудың оптикалық негізі: объективтің көмегімен кескіндеменің нақты сұлбасы; фотосурет орталық проекция ретінде; орта және ортогоналды проекция; оратлық проекцияның негізгі элементтері. Объектілердің үлгісі және түсірулерді өлшеу мен бақылау: монокулярлы және бинокулярлы тұрғыдан көру; түсірімдерді стереокопиялық бақылау; тік, кері және нөл стереоэффект; үлгілер мен түсірімдерді өлшему.

2.Аэрофотограмметрия. Бір даналық түсірімдерді талдау: аэрофотограмметрияда қолданылатын координаталық жүйелер; бір даналық түсірімдерді бағыттаудың элементтері; тік және нүктелі бейнелерді түсірімдерде құрастыру; еңіс түсірімдер мен көлденең нүктелердің координаталарының бір-бірімен тәуелділігі; түсірім масштабы; еңіске сәйкес түсіріс нүктелерінің жылжып кетуі; жергілікті жер бедерінің әсерінен түсіріс нүктелерінің жылжып кетуі. Сурет сұлбасы: міндеті, құрастырылуы және дәлдігі.

3. Түсірімдердің өзгеруі (Трансформирование) : Түсірімдердің өзгеру әдістерінің маңызы; фотомеханикалық түсірім өзгеруінің геометриялық және оптикалық жағдайы; түсірімдердің өзгеру элементтері; инверсорлар құрылымы; фототрансформаторлар құрылымы; тірек нүктелері бойынша және белгіленген элементтер бойынша түсірімдердің өзгеруі; фото қағаздың деформациясына әсері; зоналар бойынша түсірімдердің өзгеруі; жазық беті еңісінің әсерінен түсірімдердің өзгеруі; фотопландардың міндеті, құрастырылуы, дәлдігі.

4.Түсіріс параларын талдау: негізгі анықтамалар; стереопаралар нүктелерінің координаталары мен параллакстары; аэрофото түсірістер параларын бағыттаудың элементтері; көлденең түсірістер бойынша жергілікті жердің координаталарын анықтау. Пара түсірістерді бір-бірімен бағыттау: бір-бірімен бағыттаудың жүйелі элементтері; бір-бірімен бағыттаудың теңдеулері; бір-бірімен бағыттаудың элементтерін анықтау. Үлгінің сыртқа бағытталуы: сыртқы бағытталудың элементтері.

5. Әмбебаб стереоаспаптар: әмбебаб стереоаспаптардың міндеті мен құрылымы; оптикалық әмбебаб стереоаспаптардың сұлбасы; бірінші, екінші және үшінші бөлім ішіндегі оптикалық аспаптар; механикалық универсалды стереоаспаптардың принципиалды сұлбасы; оптикалық-механикалық универсалды стереоаспаптардың принципиалды сұлбасы. Универсалды стереоаспаптарда түсірістерді өңдеу және бағыттау: аспаптарды түсірістерді бір-бірімен бағдарлау; аспаптарда үлгілерді сырттай бағдарлау; аспаптарда көлденеңдер сызу; картаның оригиналын құрастыру; қайта өңделген үлгілерді құрастыру; пара түсірістерді трансформылаудың теориясы; сыртқы бағдарлаудың элементтерін анықтау әдістерінің құрылымы.

6. Кеңістік фототриангуляциясы: кеңістік фототриангуляциясының міндеті мен құрылымы; универсалды стереоаспаптардағы фототриангуляция; геодезиялық бағдарлау; кеңістік фототриангуляциясының торының нүкте геодезиялық биіктігін анықтау. Аналитикалық фототриангуляция: аналитикалық фототриангуляцияда қолданылатын аспаптар; жартылай тәуелді үлгілердің әдісі бойынша аналитикалық маршрутты фототриангуляция; байланыстыру әдісі бойынша аналитикалық маршруттық фототриангуляция; аналитикалық көп маршрутты фототриангуляция.

7. Жердегі түсірілім. Жердегі түсірілімнің маңызы. Жер түсірілімдердің формуласы мен негізгі анықтамасы: оъект нүктелерінің координатасы және оны түсірстердегі көрінісі, стереотүсірістердегі негізгі жағдайлар, фотограмметриялық және геодезиялық координаталар арасындағы байланыс формулалары. Далалық және камералды жұмыстар: жерде жүргізілетін түсірістерде қолданылатын аспаптар, түсіріс жобасын құрастыру, далалық жұмыстар бойынша нәтижелерді өңдеу, аналитикалық, графикалық және графомеханикалық әдістермен жердегі түсірістерді өңдеу.

8. Далалық және камералдық жұмыстар: жерді түсіруде қолданылатын аспаптар, түсірім жобасын құрастыру, далалық жұмыстар нәтижесін өңдеу, аналитикалық, жер түсірісін өңдеудің аналитикалық, графикалық және графомеханикалық әдістері.

9. Жер түсірімі кезінде қолданылатын аспаптар. Аспаптар құрылымы. Жер түсірімінде қолданылатын аспаптар құрылымының принципиалды сұлбасы.

10. Жер түсірім құжаттарын өңдеуде қолданылатын қазіргі әдістер.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.