Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Менеджмент» және «педагогикалық менеджмент» ұғымдарының мәні



Соғыс жылдарынан кейін оқу жылының жоспар әдістемесіне және 60 жылдардың басына дейін мектеп директорларының жылдық есебінің технологиясына көп назар бөлінеді.

40 жылдардың аяғында мектеп ішінде басқаруды қалыптастыратын, басқарудың тәжірибесі мен әдебиетінде «жетекшілік пен бақылау» термині пайда болады. Әрине, бұл уақытта ешқандай мектеп ішіндегі басқару теориясы туралы айтуға болмайды. Оның басты екі функциясы оқытылады және өңделеді: мектеп ішіндегі бақылау және жоспарлау, онда ізденістің үлкен бөлігі эмпирикалық мінездеме мен қосымшаны ұстанады және барлық мектеп ішіндегі басқару циклінде өткізіледі.

60 жылдардың басында педагогикалық әдебиеттерде «мектепті басқару», «мектеп ішіндегі басқару» терминдері пайда бола бастайды, бұнда көбінесе оқымыстылар-мектепбасшылары және халықтық білім органдары, олардың жоғары эшелондары арасында қайшылықтар көп кездесті. Барлық мектеп басқару циклы туралы арнайы ізденіс, мектеп ішіндегі басқару қызметіне педагогикалық талдау сияқты, бірінші рет «оқу жылы» сияқты басқару циклы туралы ізденістер пайда болды. 80 жылдардың аяғында «мектеп ішіндегі басқару» термині аты шулы барлық кезең бойы педагогикалық ғылымда мазмұны толығымен ашылмаған «жетекшілік және бақылау» терминін біржолата ығыстырады.

70-80 жылдары ғалымдардың мектеп ішіндегі басқару проблемасын зерттеу жүйесін кең түрде қолдану әрекеті сипатталады.

Мектеп басқару үрдісін адамзат факторының белсенділігі арқылы қарастырған әр түрлі әрекетіне қарамай, «адамнан» (В.А. Сухомлинский., М.Г. Захаров), біздің елімізде мектеп басқару теориясында толығымен өте әлсіз әлеуметтік аспект болды және әлі күнге дейін демократияландыру және гуманизацияландыру басқаруы үрдісіне аз зейін аударды. Міне неліктен менеджменттің теоретикалық жағдайымен танысу келесі мектеп ішіндегі басқару демократиялық және гуманитарлық теориясы дамуына белгілі соққы береді.

3. «Менеджмент» және «педагогикалық менеджмент» ұғымдарының мәні

Педагогикалық менеджмент компонентерінің жүйе үлгілерінің категориясына келесі анықтамалар жатады:

Педагогикалық менеджмент – оқу-тәрбиелік пен оқу-танымдық процесіндегі басқарудың технологиялық және ұйымдастырушылық түрі, әдісі мен принциптер кешені оның тиімділігін жоғарылатуға бағытталған.

Педагогикалық менеджмент – іс-әрекеттік жүйе, ол өзінің құрамына келесі құрылымдық-функционалдық компоненттерді және жүйеүлгілер факторларын кіргізеді:

- іс-әрекет мақсаты (жоспарланған, күтілген нәтиже);

- іс-әрекет субъектісі (директор, оның орынбасары, оқытушы, оқушылар, студенттер және т.б.);

- іс-әрекет объектісі (ол екінші субъект) – жетекшінің айтқанын орындаушы (оқушы, студент, оқытушы, ди-ректордың орынбасары және т.б.);

- іс-әрекет мазмұны (оқу, басқару және басқа да ақпараттар);

- іс-әрекет қабілеті – (жетекшінінің оқытушымен және оқушылармен, оқытушының оқушылармен арақатына-сының стилі мен әдісі және т.б.).

Оқу-тәрбие үрдісін басқару (педагогикалық менеджменттің бір бөлігі ретінде) – жетекшінінің әсерін педагогикалық ұжымға және оқушыларды ғылыми негізде жоспарланған жолға, ұйымдастыру және олардың іс-әрекетін бақылауға бағыттау.

«Менеджмент» (management) ұғымы шет елдік және отандық әдебиеттерде қызмет ету аймағына байланысты кең мағынада түсіндіріледі. Сонымен қатар ол пәнаралық сипаттамалармен және жалпы қабылданған теорияларда көрсетілген бірыңғай көзқарастың жоқ болуымен ажыратылады.

Ағылшын тіліндегі «Оксфорд сөздігінде» менеджмент ұғымы келесідей анықталады:

1) адамдармен қарым-қатынас жасау тәсілі және тәртібі;

2) басқару билігі мен өнері;

3) әкімшілік дағдылар мен іскерліктер;

4) басқару органы.

«Шет тілдер» сөздігінде менеджмент – өндірісті басқару әдіс-тәсілдері, принциптері, құралдары мен формаларының жиынтығы ретінде және оның тиімділігі мен табыстылығын жоғарылату мақсатымен өндірісті басқару ретінде орыс тіліне аударылады.

«Менеджмент» ұғымын ағылшын тілінен үш бағытта аударуға болады:

1) жеке және қоғамдық бизнес аймағындағы еңбекті басқарумен байланысты тұлғалардың жиынтығы;

2) кәсіпкерлік қызметке, өмір сүру салтына және қазіргі қоғамның саясат аймағына әсер ететін әлеуметтік және экономикалық институт;

3) өндірістің және қазіргі қоғамның басқа салаларын әлеуметтік, техникалық және ұйымдастырушылық басқаруды оқытатын ғылыми пән ретінде қарастырылады.

Бұл ұғымның орыс тіліндегі синонимі ретінде «басқару» түсінігі қабылданған, ал ол кәсіпорынды немесе бір ұйымды басқару әдіс-тәсілдері, принциптері, құралдары мен формаларының жиынтығы. Басқару теориясында педагогикалық менеджмент ерекше орын алады, ол біріншіден оқушы мен оқытушы топтарын құрайды.

«Менеджмент» ұғымы бизнес сферасында пайда болғанымен, бүгінгі күні Шығыста менеджмент – бұл тек қана фирманы, корпорацияны басқару ғана емес, оның көптеген теориялық позициялары мен қағидалары кез-келген аймақты, сонымен қатар білім беру жүйесін де басқару әрекетіне қатысты деген пікір кеңінен таралған.

Қазіргі ғылыми әдебиеттерде менеджмент ұғымының мәні келесідей анықталады:

- адам еңбегінің, ақыл-ойының, өзін ұстау тәртібінің, сонымен қатар қаржы және техникалық ресурстар нәтижесінде белгілі бір мақсаттарға жету;

- адамдар жұмысын бақылау арқылы бизнесті басқару;

- адам айналасындағы іс-әрекеттерді арнайы басқару түрі;

- қарамағындағылардың өздерін ұстау тәртібі, ақыл-ойы мен еңбегін пайдалана отырып, басқарушының алға қойған мақсаттарына жете білу іскерлігі;

- әр түрлі ұйымдар құрамындағы адамдарды басқару әрекетінің түрі мен басқару қызметі;

- басқару қызметін тиімді түрде іске асыруға мүмкіндік беретін, адамның оқитын білім аймағы.

Келтірілген анықтамалардың ішінен мынадай қорытынды жасауға болады: ғылымда менеджмент «іс-әрекет түрі» және «білім аймағы» ретінде қарастырылады. Сонымен, менеджмент – интеграциялық үрдіс ретінде анықталып, соның көмегімен кәсіби дайындалған мамандардың белгілі бір ұйымдарды қалыптастыруы, мақсатты қою жолымен және сол табыстарға жету тәсілдерін өңдеу арқылы ұйымды басқаруы.

           

       Сабақты бекіту сұрақтары:

1.Педагогикалық менеджмент :

2. «Менеджмент» ұғымын ағылшын тілінен үш бағытта аударуға болады:

3.Педагогикалық менеджменттің ғылым ретінде пайда болуы:

               Үй тапсырмасы:Педагогикалық менеджменттің кәсіби білім беру жүйесіндегі маңыздылығы мен түрленуі  (Презентанция жасау)

Интернет көздері:

https://atameken.kz/kk/articles/28662-biznes-zhospar-azhettlg-men-mayzy-andaj

https://stud.kz/referat/show/5041

https://edu.mcfr.kz/news/2105-koronavirus-pandemiyasy



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.