Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Мәдени-тынығу қызметі саласындағы менеджмент, маркетинг»,



  «Мәдени-тынығу қызметі саласындағы менеджмент, маркетинг»,

пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

тест спецификациясы

(2020дан бастап қолдану үшін бекітілген)

1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

M148 -  Бос уақыт

Шифр білім беру бағдармалар тобы

                               

3. Тест мазмұны:Тестіге «Мәдени-тынығу қызметі саласындағы менеджмент, маркетинг» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.

 

Тақырыптыңмазмұны Қиындықдеңгейі Тапсыр малар саны
Менеджмент басқару жүйесі ретінде Қазіргі күнгі менеджменттің теориялық - әдіснамалық негіздері. Менеджмент басқару жүйесі және арнайы қызмет түрі ретінде. Әлеуметтік - мәдени басқарудың негізгі құраушылары: мақсаты мен міндеті, құрылымы, қызметі, қағидалары, әдістері, нормативті база, ақпараттық және ресурстық қамту, ендіру механизмі А
Мәдени - тынығу мекемелеріндегі басқару әдістері Басқару «әдісі» түсінігі. Басқару әдістерінің жіктелуі.  Басқару әдістерінің негізгі жіктелу топтары: ұйымдастыру құқықтық, экономикалық, әлеуметтік - психологиялық. Басқарудың ұйымдастыру-құқықтық әдістері түсінігі. Басқарудың құқықтық формасы. Басқару қызметін құқықтық шектеу. Басқару құқықтық актілерінің жіктелуі. Экономикалық басқару әдістері ─ экономикалық заңдылықтар мен басқару мақсаттарын іске асыру құралы ретінде. Бюджеттік қаржыландыру. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері ─ ұжым дамуы мен қалыптасу үрдісіне, оның мүшелерінің рухани қызығушылығына әсер ету, олардың өмірлік көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету құралы ретінде А
Мәдени - тынығу мекемелерін басқарудағы ақпараттық қызмет Басқарудағы ақпараттың мәні мен маңызы. Әлеуметтік ақпараттың түсінігі және мәні. Қоғамдық жүйелерді басқаруда ақпаратты қолдану. Ішкі және сыртқы тәртіп ақпараты. Басқарудың субъектісі және объектісі арасындағы ақпарат айналымы. Ақпарат тасқынының екі типі: субъект-объект; объект-субъект. Тікелей және кері ақпарат. Мәдени - тынығу мекемелерін басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету. Мәдени - тынығу мекемелерін басқаруда пайдаланылатын ақпарат көздері. Басқару ақпаратына қойылатын негізгі талап. Ақпаратты алу және өңдеу. А
Басқару шешімдерін дайындау және шығару технологиясы Басқару шешімдерін дайындау және өңдеу технологиясы. Іс - әрекетті ұйымдастыруда шешімдердің атқаратын қызметі. Басқару шешіміне қойылар талап. Басқару шешімдерінің жіктелуі. Олардың тиімділігінің негізгі шарттары. Басқару шешімдерін таңдау. Инновациялық менеджменттің мәні мен ерекшеліктері А
 5 Мәдени - тынығу мекемелерінде іс - жүргізуді ұйымдастыру «Құжат айналымы», «іс өндірісі» және «құжаттау» түсінігі. Құжат және құжаттар түсінігі. Белгілері (негіздері) бойынша құжаттар жіктелуі: пайда болу орны бойынша, өту ерекшелігі, шұғылдылығы, мазмұны, мазмұн формасы, сақталу мерзімі, дәрежесі. Ұйымдастыру құжаттару: ереже, нұсқаулар, хаттамалар, келісімдер. Жарлықты құжаттар: бұйрықтар, көрсетулер, жарлықтар. Анықтама-ақпараттық құжаттар: актілер, мәлімдемелер, анықта-малар, хабарламалар, түсініктемелер, арыз, хат, жинақ-мәлімет, мінездеме және басқа да құжаттар. Мәдени – тынығу мекемелері құжаттардың өту тәртібі. Құжаттарды даярлаудың жалпы ережесі. Құжат айналымын компьютерлендіру мәселелері. Мәдени - тынығу мекемелері іс жүргізушінің жұмыс орнын ұйымдастыру. Мәдени - тынығу мекемелері іс жүргізу қызметі қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері А
Мәдени - тынығу мекемелері жұмысын жоспарлау Жоспарлау ─ әлеуметтік басқарудың функциясы мен әдісі ретінде. Әлеуметтік жоспарлау түрлері. Мәдени - тынығу мекемелерін жоспарлау, шарттық қатынастар және әлеуметтік тапсырыстар жүйесі. Мәдени - тынығу мекемелері жоспарларының түрлері. Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және күнделікті жоспарлар. Тақырыптық және жылдық жоспарлаудың ерекшелігі. Салалық, аймақтық және бағдарламалық - мақсаттық жоспарлау ерекшеліктері. Мәдени – тынығу жұмысының жоспарланған көрсеткіштері Мәдени –тынығу мекемелері жұмысын жоспарлауды ұйымдастыру. Жоспарлау кезеңдері. Мәдени - тынығу мекемелері қызметіндегі жоспарлау әдістерінің жүйесі (аналитикалық, нормативті, тораптық әдісі) В
Негізгі басқару іс - әрекетінің жүйесі (мамандарды іріктеу және орналастыру, нормативтерді дайындау, міндеттерді бөлу және т.б.) Мамандарды іріктеу және орналастыру. Ұйымдастыру нормативтерін дайындау. Міндеттерді бөлу және тапсырмаларды орындаушыларға жеткізу. Делегаттылық өкілеттілігі қағидасы. Орындаушылар белсенділігін ынталандырудың негізгі тәсілдері мен ережелері. Орындауды бақылау жүйесі. Озат тәжірибені жинақтау және талдау В
Әлеуметтік - мәдени саладағы ұйымдастыру қызметінің технологиясы Әлеуметтік - мәдени саладағы ұйымдастыру қызметі технологиясы. Ұйымдастырушылық қатынастар ─ әлеуметтік реттеудің өзіндік нысаны ретінде. Ұйымдастырушылық қызмет және ұйымдастырушылық қабілеттер. Ұйымдастырушы тұлғасының негізгі сапалары. Мәдени - тынығу қызметі саласы мамандарының ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру. Қызметкерлер, белсенділер, мәдени - тынығу мекемелеріне келушілермен ұйымдастырушылық жұмыстың ерекшеліктері В
Маркетингтің мәні және маркетинг ортасы Маркетинг түсінігі. Маркетингтің мәні және маркетинг ортасы. Маркетингтің қызметтері және олардың мазмұны. Маман - маркетологқа қойылатын талаптар. Мәдени - тынығу мекемелеріндегі маркетингтің негізгі міндеттері. Қызметке сұраныс және маркетинг түрлері (конверсиондық, ынталандырушы, дамытушы, қолдаушы, т.б.). Маркетинг түрлерінің өзіндік ерекшеліктері сипаттамасы. В
Маркетинг жүйесі және оның мәдени - тынығу саласында қалыптасуы Мәдени қызметтер маркетингінің жүйе құрушы құраушылары және олардың маркетинг қызметінің жалпы жүйесіндегі орны. Тұтынушылардың мәдени қызметке сұранысын анықтауда қолданылатын әдістер. «Сыртқы орта» ұғымы және оның құраушылары.    Мәдени - қызметтер нарығы және оның тұтынушылары. Мәдени қызметтер нарығындағы сигментация В
Маркетинг стратегиясы мен тактикасының қалыптасуы  «Стратегия» және «тактика» ұғымдары. Маркетингтің стратегиялық міндеттері. Стратегияның негізгі түрлері және олардың сипаттамасы. Стратегияның негізгі элементтері (мүмкіндіктерді талдау, мақсат таңдау, маркетинг стратегиясын құру, жоспардың орындалуын бақылау) В
Мәдени және бос уақытты өткізу саласындағы бағалардың стратегиясы Бағасы: тұжырымдамасы, түрлері, принциптері және маңызы. Мәдени шараларға баға факторы. Ұйымның және оқиғалардың негізгі стратегияларын баға саясаты С
Мәдени және бос уақытты ұйымдастыру саласындағы ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігі Ұйымның бәсекелестік тұжырымдамасы және принциптері. Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін анықтау. Мәдени-бос уақытты ұйымдастыру саласындағы ұйымның бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың функциялары мен әдістері. Бәсекелестік стратегиясының сипаттамасы. Ұйымның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар: макроэкономикалық, микроэкономикалық С
Мәдениет мекемелерінде қызметкерлердің жалақысын ұйымдастыру Еңбек бойынша бөлу заңы және оның мәдени-тынығу мекемелерінде көрініс беру ерекшелігі. Халық шаруашылығы мен мәдениет саласында еңбек ақы төлеудің негізгі принциптері. Еңбек ақы төлеу жүйесі мен формалары: тікелей істеген ақысы, еңбек ақы төлеудің істегеніне орай сыйлық жүйесі, еңбек ақы төлеудің қарапайым уақыттың жүйесі, еңбек ақы төлеудің уақытты-сыйлықты жүйесі. С
Мәдени және бос уақытты өткізудегі бизнес-жоспарлау Мәдени және бос уақытты өткізудегі бизнес-жоспарлаудың мазмұны және ұйымдастырылуы. Бизнесті жоспарлау кезеңдері. Бизнес-жоспардың құрылымы мен функциялары. Қаржылық-экономикалық жоспарлау. Тәуекелдерді басқару. Өндірістік жоспар және ұйымдастыру жоспары, маркетингтік талдау және маркетинг жоспары С


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.