|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мұнай өңдірудің технологиясы мен техникасы»«Мұнай өңдірудің технологиясы мен техникасы» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің тест спецификациясы (2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген) 1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау. 2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
3. Тест мазмұны мен жоспары: Тестіге «Мұнай өңдірудің технологиясы мен техникасы» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.
Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны |
1. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Тест тапсырмалары құрылымы мен мазмұны курстың ғылыми және теориялық базаларын толығымен қамтиды үміткердің білімді меңгеруін бағалауға мүмкіндік береді.
Тест тапсырмалары келесі ұғымдарды қамтиды:
-мұнай және газ кен орындарын игеру режимдері және негізгі заңдары
- ұңғыны аяқтау жұмыстары;
- ұңғының түп аймағының ластануы
- ұңғының түп аймағына әсер ету
- ұңғыны эксплуатацияға дайындау
- ұңғыны пайдалану түрлері
- пайдалану кезіндегі қиындықтармен күрес
- сораптардың негізгі сипаттамалары;
- ұңғымаларды гидродинамикалық зерттеу әдістері;
- гидрожару үрдісі
- ұңғыны жөндеу жұмыстары
5 .Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут.
Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.
Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:
- жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);
- орташа (B) – 8 тапсырма (40%);
- қиын (C) – 6 тапсырма (30%).
7. Тапсырма формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
8. Тапсырманың орындалуын бағалау:
Түсуші тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда түсуші 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін түсушіге 0 балл беріледі. Түсуші дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.
9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Мищенко И.Т. Скважинная добыча нефти. Учебное пособие для вузов. –М.: ФГУП Изд-во «Нефть и газ» РГУ нефти и газа им. И.М.Губкина,2003.-816 б.
2. Economides. M, Hill D. and Economides. Petroleum Production Systems, 1993
3. Reservoir Engineering handbook, Ahmaed Tarek, 2001
4. Шуров В.И. Технология и техника добычи нефти. М.: Недра, 2001
|
© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.
|
|