Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Мейіргер ісіндегі менеджмент». пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің. ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ. М141 – Мейірбике ісі



«Мейіргер ісіндегі менеджмент»

пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

 (2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

 

1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: 7М101 «Денсаулық сақтау», «Мейірбике ісі» бағытының білім беру бағдарламалары тобы үшін деңгейін бағалау.

М141 – Мейірбике ісі

Шифр білім беру бағдармалар тобы

3. Тест мазмұны:

Тақырып мазмұны Қиындық деңгейі Тапсырмалар саны
Тәжірибелі менеджмент негіздері. Менеджменттік ұйымдастыру жүйесі. Менеджмент аспектілері мен мәселелері. Стратегиялық басқару және жоспарлау. Ұйымдастырудың миссиясы және мақсаты. А
Бақылау және реттеу менеджменттің пәндік қызметі. Менеджменттің әлеуметтік-психологиялық функциясы. Менеджменттің процесстік функциясы. А, С 1, 1
Менеджердің компетенциясы және оның ұйымдастыру ортасы. Менеджерге қойылатын кәсіби талаптар. Менеджменттің әдістері мен стильдері. А, С 1, 1
Кәсіпорында басшылық стилін қалыптастыру моделі. Тәжірибелік менеджменттің әдістемелік тәсілдері мен құралдары. Тәжірибелік менеджменттің құралдарының мазмұны. В
Медициналық мекемелеріндегі іскерлік қарым-қатынас және басқарушылық шиеленістер. А, С 1, 1
Заманауи ұйымдардың бәсекеге қабілетті болуы және тиімділігі. Басқарудағы адами фактор. А
Мамандарды дайындау және бағалау. Денсаулық сақтау саласын басқарудағы кадрлардың мәселесі. Басқарушылар мен басқару персоналдарын бағалау. Қызметке енгізудің психологиялық аспектілері. В, С 1, 1
Клиникалық хаттамалар мен стандарттарды құрастырудың маңызы, принциптері. В, С 1, 1
ҚР медициналық қызмет көрсету және сапасын бақылау комитетінің қызметі. С
Менеджменттегі өндірістік және шаруашылық жағдайлар. Антикризистік басқарудың шаралары. Жағдайларды қарастыру ережелері. Жағдайлық ситуация. Шиеленістердің пайда болу себептері мен табиғаты және оларды шешу жолдары. А, В 1, 1
Стрессті басқару. Ұйымдастырушылық өзгерістерді басқару. В
Менеджменттің эволюциясы мен дамуындағы заманауи бағыты. Ғылыми менеджмент мектебінің сипаттамасы. Адами қатынастар мектебінің негізгі сипаттамалары. В
Жоспарлау қызметінің заманауи ерекшеліктері. А.Маслоу мотивация моделі Ф.Херцберг мотивация теориясы В.Врум мотивация теориясы В
Басқарудың авторитарлық стилінің сипаттамалары. Менеджерлердің лидерлік қасиеттерін қалыптастыру. Менеджерлердің нарықтық тип ұйымдарындағы әрекет модельдері. В

Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны:

 

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Оқыту мақсаты: Мейірбике ісінің менеджері кәсібінде мейірбикелік персоналды басқаратын адамға оңтайлы имидж қалыптастыруын қамтамасыз ететін заманауи технологияларды қолданатын терең білім қалыптастыру.

5.Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут
Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

- жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);

- орташа (B) – 8 тапсырма (40%);

- қиын (C) – 6 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бip немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.

8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Түсуші тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда түсуші 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін түсушіге 0 балл беріледі. Түсуші дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.

9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Төлебаев Ж.С., Сыздықова К.Ш., Тасмағанбетова А.А., Авгамбаева Н.Н. Мейірбике ісіндегі менеджмент және әкімшілік үрдіс: Дәрістік топтама. ЖШС «Эверо», Алматы, 2012 -265 б.

2. Хамзина Н. К. Менеджмент в сестринском деле: учеб. пособие 2-е изд. - Алматы: Эверо, 2015. - 196 с.

3. Төлебаев Ж.С., Сыздықова К.Ш., Маукенова А.А., Алшембаева Л.Т. Денсаулық сақтаудағы менеджмент: дәрістік топтама. – Алматы: ЖК «Ақнұр баспасы». – 2016.- 258 бет.

4. Сыздықова К.Ш., Төлебаев Ж.С., Мусина Н.С. ж.б. Мейірбике ісіндегі менеджмент: оқу қуралы. – Қарағанды: ЖК «Ақнұр баспасы». – 2017.- 246 бет.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.