Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Машина бөлшектері». пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің. ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ. М104 - Көлік, көліктік техника және технологиялар



 «Машина бөлшектері»

пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

(2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

   1.Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

  2.Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

 М104 - Көлік, көліктік техника және технологиялар

  3.Тест мазмұны:

Тақырыптың мазмұны   Қиындық деңгейі Тапсыр малар саны
Машина бөлшектері мен тораптарын жобалау және есептеу негіздері: Жалпы мағлұматтар, машиналар мен бөлшектерге қойылатын талаптар, машиналар сенімділігі, машина бөлшектерінің жұмысқабілеттілігі мен есептеу критериилері, айнымалы кернеулер кезіндегі беріктік В-1
Резьбалы қосылыстар:Жалпы мағлұматтар,резьбалар классификациясы, артықшылықтары мен кемшіліктері, резьбалардың негізгі типтері мен геометриялық параметрлері, резьбалы бөлшектерді дайындау әдістері, олардың материалдары мен беріктік кластары, резьбалы қосылыстарды беріктікке есептеу А-1 В-1
Кілтектіжәнеоймакілтектіқосылыстар:Жалпы мағлұматтар, артықшылықтары мен кемшіліктері, қосылыстар түрлері мен есептеулері, қосылыстарды құрылымдау бойынша ұсыныстар, кілтектер мен оймакілтектер материалдары және шектік кернеулері В-1 С-1
Пісірмелі, дәнекерлі және тойтармалы қосылыстар:Жалпы мағлұматтар,артықшылықтары мен кемшіліктері, қосылыстардың негізгі типтері мен элементтері, қосылыстарды беріктікке есептеу А-1 В-1
Тістіберілістер:Жалпы мағлұматтар,артықшылықтары мен кемшіліктері, классификациясы, тісті ілінісудің негізгі теориялары, дөңгелектер ілінісуінің геометриясы, тісті дөңгелектерді дайындау және материалдары, тісті эвольвентті ілінісудің негізгі элементтері мен сипаттамалары, жүктеу режимдері, тісті берілістерді беріктікке есептеу А-1 В-2 С-2
Бұрамдықтыберілістер:Жалпы мағлұматтар,артықшылықтары мен кемшіліктері, классификациясы, бұрамдық пен дөңгелекті дайындау және материалдары, бұрамдықты берілістегі негізгі геометриялық қатынастар, іліністегі күштер мен есептік жүктемелер, бұрамдықты берілістерді беріктікке есептеу А-1 В-1 С-2
Берілістер мен редукторлар жайлы жалпы мағлұматтар. Фрикциондыберілістер:Берілістердің арналуы және классификациясы, берілістердегі негізгі кинематикалық және күштік қатынастар, редукторлар мен фрикционды берілістер классификациясы, фрикционды берілістердіңартықшылықтары мен кемшіліктері, катоктар материалдары, вариаторлар, фрикционды берілістерді беріктікке есептеу А-1 В-1
Белдіктіберілістер:Жалпы мағлұматтар,артықшылықтары мен кемшіліктері, белдіктер классификациясы мен типтері, берілістердегі негізгі геометриялық қатынастар, берілістегі күштер, белдіктердің шкивтер бойымен сырғанауы, белдіктегі кернеулер, белдіктің ұзақмерзімділігі А-1 В-1
Шынжырлыберілістер:Жалпы мағлұматтар,артықшылықтары мен кемшіліктері, шынжырлар классификациясы, жұлдызшалар, шынжырлы берілістердегі негізгі геометриялық қатынастар, шынжыр буындарындағы күштер А-1 В-1 С-1
Біліктер,  осьтер және муфталар:Жалпы мағлұматтар, біліктер, осьтер және муфталар классификациясы, біліктер, осьтер және муфталар материалдары мен құрылымдық элементтері, біліктер мен осьтерді беріктікке есептеу А-1 В-1 С-2
Тербелужәнесырғанау мойынтіректері:Жалпы мағлұматтар,артықшылықтары мен кемшіліктері, классификациясы мен шартты белгілері, мойынтірек бөлшектерінің негізгі типтері мен материалдары, тұрақты және айнымалы жүктеу режимдерінде мойынтіректерді берілген ресурсқа есептеу, мойынтіректерді майлау және нығыздау құрылғылары А-1 В-1 С-1

Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны:

 30

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

“Машина бөлшектері” пәнінде өндірісте, халық шаруашылығында кеңінен таралған машина мен тетіктердің жалпы бөлшектерінің құрылымы мен есептеу жолдары және олардың құрылымдау мәселелері карастырылады.

Тапсырма мазмұны берілген пәннің типтік оқу бағдарламасына сәйкес келеді.

5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Біртапсырманыорындаууақыты – 2 минут
Тест орындалуыныңжалпыуақыты – 60 минут

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 30 тапсырма.

 Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

        - жеңіл (A) – 9тапсырма (30%);

        - орташа (B) – 12 тапсырма (40%);

- қиын (C) – 9 тапсырма (30%).

7. Тапсырмаформасы:

Тест тапсырмалары жабық формада беріледі. Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір жауапты таңдау керек.

8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін түсушіге 1 балл береді, одан басқа жағдайда - 0 балл беріледі.

9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.Решетов Д.Н. «Детали машин», учебник для вузов, - М., Машиностроение, 2008 г., с.282.

2.Иванов М.Н. «Детали машин», учебник, - М., Высшая школа, 2013 г., с.339.

3.Иосилевич Г.Б. «Детали машин» - М., Машиностроение, 2006 г., с.385.

4.Куклин Н.Г., Куклина Г.С., Житков В.К. «Детали машин», учебник,- М., ИНФРА-М, 2015 г., с.512.

5.Чернавский С.А., Ицкович Г.М. «Курсовое проектирование деталей машин», -М., Машиностроение, 2006г., с.416.

6.Омаров А.Ж., Батырмұхамедов Ж.К.  «Машина бөлшектері», оқу құралы, Алматы, ҚазККА,2003 ж., 651 б.

7. Баймуратов Р.К., Изимбергенова Ш.И. «Машина бөлшектерін курстық жобалау», Әдістемелік нұсқаулар, Алматы, ҚазККА, 2006ж., 146 б.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.