Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Мал азықтандыру». пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің. ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ. М132 Мал шаруашылығы. Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны



«Мал азықтандыру»

пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

(2019 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

М132             Мал шаруашылығы

 шифр            білім беру бағдармалар тобы

3. Тест мазмұны: Тестіге «Мал азықтандыру» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.

 

Тақырыптың мазмұны Қиындық деңгейі Тапсырмалар саны
Мал азығының қоректілігін бағалау және малды толыққұнды азықтандырудың ғылыми негіздері B
Азық туралы түсінік, азықтарды жіктеу A
Әртүрлі ауылшаруашылық малдарының мөлшерлеп азықтандыру С

Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны

 

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Азық құрамына, оның қоректілігіне әсер етуші факторлар. Азықтық дақылдар селекциясы мен оларды өсіру аймағының азықтық құрамы мен қоректілігіне тигізетін әсері. Азық өндіру ісін химияландыру, агротехникалау, азық дайындау технологиясы азық құрамы мен қоректілігіне тигізетін әсері. Негізгі азық топтары, оларды топтастыру. Азық сапасын шаруашылық және зоотехникалық тұрғыда бағалау әдістері.

Қоректік заттар мұқтаждығы туралы түсінік, қоректік затқа деген мұқтаждығын малдың физиологиялық жағдайына, яғни өсуіне, сүйемелді азықтануына, буаздығына, сауылу мерзіміне, бордақылау кезеңіне қарай анықтау. Малдың қоректік затқа қажеттігінің буаздық сипатына, тұқымдық еркек мал пайдаланылуына байланыстылығы. Толық құрамды азықтандырудың мал өсімталдығына, сапасына тигізетін әсері. Өсімтал малдың қоректік затқа деген мұқтаждығы, етке сойылатын жас малға қажетті қоректік заттар мөлшерінің өсу барысында өзгеруі. Төлдің өсу қарқыны, тіршілікке бейімділік дәрежесін қамтамасыз етуде құнарлы да сапалы азықтың атқаратын ролі. Бордақылаудағы малдың қоректік заттарға деген мұқтаждығын өтеу, оның ерекшелігі. Сауын малдың қоректік заттарға деген мұқтажын өтеу. Оны толық құрамды азықпен азықтандырудың уыз бен сүт сапасына тигізетін әсері. Өндірістік технология бойынша өсірілетін мал азықтандыруға қойылатын талаптар. Күйіс қайыратын малдың ас қорыту ерекшеліктері. Осыған орай оның қоректік заттарға деген мұқтаждығы. Қарын микрофлорасының ас қорытудағы ролі (витаминдер түзілуі, протеин мен көмірсу қорытылуындағы өзгерістер).

Қарынға келіп түскен азықтардың фермент әсерімен ыдырауы, мұның күйіс қайыратын мал өнімділігіне тигізетін әсері.Нормамен азықтандыру жүйесі, негізгі элементтері, азықтандыру нормасы, құрамы мен құрылымы, рациондары, қоректік заттар қоры, азықтандыру әдістері, рационның толық құрамдылығы, тепе-теңдігі. Тетіктелген азық нормасы, оның мәні. Азықтандыру құрылымы түрлері. нормалық азықтандыру. Азық рациондары және олардың құрылысы. Рациондарды мал түріне, жасына қарай азық өндірілген өнім ерекшеліктеріне икемдей құру (жасау), оларға қойылатын талаптар.

5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманы орындау уақыты – 2 минут
Тест орындалуының жалпы уақыты – 60 минут

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 30 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларыныңбөлінуі:

- жеңіл (A) – 9 тапсырма (30%);

- орташа (B) –12 тапсырма (40%);

- қиын (C) – 9 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:

Тест тапсырмалары жабық формада беріледі. Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір жауапты таңдау керек.

8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін түсушіге 1 балл беріледі, одан басқа жағдайда - 0 балл беріледі.

9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Егеубаев А.А., Ахметов Қ.А. Мал азығының қоректілігін бағалау және мал азықтандыру. Алматы, 2010

2. Оңғарбаев Т.А., Аманжолов Қ.Ж. Мал азықтандырудың мөлшері мен рациондары. Алматы, 2009

3. Омарқожаұлы Н. Мал азықтандыру пәнінің практикумы. Алматы. Агроуниверситет, 2004.

4. Н.Омарқожаұлы. Мал азықтандыру. Алматы, 1998

5. Калашников А.К., Клейменов А.К. и др. Нормы и рационы кормления сельскохозяйственных животных. Справочник. – М., Агропромиздат, 1990

6. Пестис В.К. и др. Кормление сельскохозяйственных животных. Издательство: Минск, ИВЦ Минфина 2009.

7. Зоотехнический анализ кормов. Учебно-методическое пособие. М., Агропромиздат, 1990.

8. Хохрин С.Н. Кормление сельскохозяйственных животных. М., Колос, 2004

9. Калашников А.П. Нормы и рационы кормления сельскохозяйственных животных. Справочное пособие. М., 2003



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.