Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы»



«Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы»

пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

 (2019 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау

М132    Мал шаруашылығы

 шифр            білім беру бағдармалар тобы

3. Тест мазмұны: Тестіге «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.

 

Тақырыптың мазмұны Қиындық деңгейі Тапсыр малар саны
Ірі қарамал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы С
Жылқы шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы С
Түйе шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы В
Қой және ешкі шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы В
Құс өнімдерін өндіру технологиясы В
Шошқа шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы А
Бал, балық және қоян шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы А

Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны

 

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Ірі қарамал шаруашылығы. Нарық экономикасының қазіргі кезеңіндегі сүтті бағыттағы ірі қара шаруашылығының халық шаруашылығындағы маңызы, қазіргі жағдайы және даму болашағы. Ірі қара тұқымдары. Жануарлардың жыныстық және шаруашылықтық жетілуі. Сиырларды ұрықтандыру, суалту және төлдету жоспары. Төлдерді азықтандыру және күтіп бағу жүйелері мен тәсілдері. Сиырдың өнімділігін көтеру жолдары.

Жылқы шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы. Нарық экономикасының қазіргі кезеңіндегі жылқыны ауылшаруашылық жумыстарына пайдаланудың халық шаруашылығындағы маңызы, казіргі жағдайы және даму болашағы. Жұмысқа пайдаланатын жылқы тұқымдары. Жұмыс аттарын күтіп-бағу, азықтандыру жэне суғару тәртібі. Жұмыс аттарын күтіп-багу, азықтандыру, суғару, тазалау, тағалау және жарақаттанудан алдын-ала сақтау. Аттарды жұмысқа пайдалану кезіндегі еңбек қоғау мен қауіпсіздендіру техникасы.

Түйе шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы. Нарық экономикасының қазіргі кезеңіндегі түйе шаруашылығының халық шаруашылығындағы манызы, қазіргі жағдайы және даму болашағы. Түйе түрлері, тұқымдары және түраралық гибридтері. Түйенің өніп-өсуі және төлін өсіру. Түйені азықтандыру, күтіп-бағу және асылдандыру жұмыстарының ерекшеліктері. Түйе жұмысын есептеу және жоспарлау.

Жүнді бағыттағы қой және ешкі шаруашылықтары. Нарық экономикасының қазіргі кезеңіндегі жүнді бағыттағы қой және ешкі шаруашылықтарының халық шаруашылыгындагы маңызы, қазіргі жағдайы және даму болашағы. Жүнді бағыттағы қой мен ешкі тұқымдары. Қой және ешкі отарларының өніп-өсуі, төлін өсіру. Қой мен ешкіні азықтандыру және күтіп бағу негіздері. Жүнді бағыттағы қой және ешкі шаруашылықтарында мал асылдандыру жұмыстары. Қой мен ешкіден жүн өндіру технологиясы.

Азықтық жұмыртқа өндіру технологиясы. Нарық экономикасының қазіргі кезеңіндегі азықтық жұмыртқа өндірудің халық шаруашылығындағы маңызы, қазіргі жағдайы және даму болашағы.

5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут.

Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут.

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

- жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);

- орташа (B) – 8 тапсырма (40%);

- қиын (C) – 6 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.

8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Түсуші тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда түсуші 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін түсушіге 0 балл беріледі. Түсуші дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.

9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Бегімбеков Қ.Н., Төреханов А.Ә., Байжүманов Ә.Б. Мал өсіру және селекция. 3-басылым - Алматы, 2015.

2. Төреханов А.Ә., Кэрімов Ж.К., Дәленов Ш.Д., Найманов Д.Е., Жазылбеков Н.Ә. Ірі қара шаруашылығы. Алматы, 2006.

3. Омарқожаүлы Н., Әкімбеков Б.Р. Мал шаруашылығы. Астана, 2008.

4. Костомахин Н.М. и др. Животноводство. Учебник. -М.: «КолосС», 2007.

5. Тореханов А., Бегембеков К., Нургазы А. Современная система племенного дела в скотоводстве //Учебное пособие. - Алматы, 2015.-291 с.

6. Красота В.Ф., Джапаридзе Т.Г., Костомахин Н.М. Разведение сельскохозяйственных животных. -5-е изд., перераб. и доп. - М.: «КолосС», 2005.

7. Бегімбеков Қ.Н., Төреханов А.Ә. Мал селекциясы. Практикум. - Алматы, 2015.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.