Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Транквилизаторлардың анксиолитиктік әсерінің механизмі неге байланысты?



 

Экзамен сұрақтары 3 курс «Жалпы медицина»

 

1. Негізінен грам оң бактерияларға әсер етеді, клетка қабырғасының синтезін бұзады; грам оң бактериялардың β-лактамазасына тұрақты емес; асқазанның қышқыл ортасында ыдырайды; парентеральды енгізуге тағайындайды. Антибиотиктер тобын анықтаңыз.

2. Кең спектрлі әсер етеді; туберкулез микобактериясы мен көк-ірің таяқшасына қарсы тиімді; рибосома деңгейінде белок синтезін бұзады; бактерицидті әсер етеді; асқазан-ішек жолдарынан нашар сіңеді; бактерияларға төзімділік баяу дамиды; парентеральды енгізуге тағайындайды. Препаратты анықтаңыз:

3. Тікелей әсерлі аналептик, көп мөлшерде тырысулар туғызуы мүмкін. Препаратты анықтаңыз:

4. Бронх бездерінің секрециясын рефлекторлы түрде қоздырады. Бронхтың жыбыр эпителийлерінің және жиырылғыштық белсенділіктерін арттырады. Ішуге қолданады. Жүрек айну туғызуы мүмкін. Препаратты анықтаңыз:

5. Қышқыл мукополисахаридтердің дисульфидтік байланысын үзу арқылы қақырықты сұйылтады, ингаляциялық жолмен және ішуге қолданады. Препаратты атаңыз:

6. Бронх демікпесінде қолданады, айқын қабынуға қарсы және иммундепрессивті әсер етеді. Бүйрек үсті безінің гипофункциясын туғызуы мүмкін. Тіндердің регенерациясын бұзады, қанда глюкоза мөлшерін жоғарылатады. Препаратты анықтаңыз:

7. М3 холинорецепторларды тежеу арқылы бірыңғай салалы бұлшықеттерді босаңсытады, бронх бездерінің секрециясын азайтады, мес клеткаларынан бронхты тарылтатын заттардың шығуын тежейді. Глаукомада қолданылмайды. Препараттар тобын атаңыз:

8. Аллергияға қарсы дәрі, мес клеткаларының дегрануляциясына кедергі жасайды. Бронх демікпесінің ұстамасының алдын алуға қолданады, ингаляциялық жолмен енгізеді. Препаратты анықтаңыз:

9. Тыныс орталығын рефлекторлы түрде қоздырады. Жаңа туған нәрестелердің асфиксиясында қолдану тиімді. Көктамырға енгізеді. Препаратты анықтаңыз:

10. Кең спектрлі әсер етеді; клетка қабырғасының синтезін бұзады; грам оң бактериялардың β-лактамазасына тұрақты емес; қышқылға төзімді: Ішуге және парентеральды қолданылады; 4-8 сағат әсер ету ұзақтығы. Препаратты анықтаңыз:

11. Сальбутамолға тән қасиетті көрсетіңіз:

12. Ипратропий бромидіне тән қасиетті белгілеңіз:

13. Кромолин-натрийге тән қасиетті көрсетіңіз:

14. Эуфиллиннің әсер ету механизмі қандай?

15. Бронхолитиктік дәрілердің әсер ету механизмін көрсетіңіз:

16. Глюкокортикоидтардың қандай қасиеті оларды бронх демікпесін емдеуге қолдануға мүмкіншілік береді?

17. Зафирлукастқа тән қасиетті белгілеңіз:

18. Изадринге тән қасиетті көрсетіңіз:

19. Қандай антибактериальды препараттар аурухана ішілік пневмонияны емдеуде негізгі препараттар тобына жатады?

20. Ацетилцистеиннің әсер ету механизмі қандай?

21. Термопсис препараттарының қақырық түсіретін әсерінің механизмі қандай?

22. Сульфаниламидтердің микробтарға қарсы әсерінің механизмі қандай?

23. Бактериялардың клетка қабырғасының синтезін бұзатын антибиотик:

24. Амбулаториялық жағдайда аурухана ішілік пневмонияны емдеуге

пенициллиндер тобынан қайсысы жиі қолданылады?

25. Цефалоспориндердің әсер ету механизмін көрсетіңіз:

26. Балалардағы пневмонияны емдеуде негізгі антибиотиктер тобын белгілеңіз:

27. Өкпе ісігін емдеудің негізгі принциптерін белгілеңіз:

 28. Көбікті басатын дәріні белгілеңіз:

29. Өкпе ісігінде қолданылатын препараттардың тобын белгілеңіз

30. Сурфактанттың әсер ету принципін белгілеңіз:

31. Амброколдың муколитикалық әсерінің механизмі қандай?

32. Синтетикалық пенициллиндерді клавулон қышқылымен қандай мақсатта біріктіреді?

33. Антифомсилан қандай фармакологиялық топқа жатады?

34. Госпитальды (ауруханалық) пневмонияны емдеуге қолданылатын фторхинолондар тобынан препаратты көрсетіңіз:

35. Кодеиннің жағымсыз әсерін көрсетіңіз:

36. Изадриннің жағымсыз әсерін белгілеңіз:

37. М-холиноблокаторлар бронхолитиктер қандай жағдайда қолданылмайды?

38. Глюкокортикоидтарды ингаляциялық жолмен қолданғанда болатын жағымсыз әсерді белгілеңіз:

39. Балаларда дәнекер тіндерінің дамуын тежеуіне байланысты қолдануға болмайтын антибактериальды дәрілер тобын белгілеңіз:

40. Салметеролдың сальбутамолдан айырмашылығы қандай?

41. Бронхолитикті анықтаңыз: парентеральды тағайындалады: қысқа уақыт әсер етеді; тек бронхтарды жою үшін қолданылады; айқын тахикардия туғызады; қан қысымын жоғарылатады:

42. Бронхолитикті анықтаңыз: ингаляциялық жолмен қолданылады; сілекей және бронх бездерінің сөлінісін азайтады; глаукомада қолданылмайды:

43. Азалидтер тобына жататын антибиотикті белгілеңіз:

44. Цефалоспориндердің микробтарға қарсы әсерінің спектрін көрсетіңіз:

45. Карбопенемдер дің микробтарға қарсы әсерінің спектрін көрсетіңіз:

46. Көк-ірің таяқшасы туғызатын аурухана ішілік пневмонияны емдеуге қолданылатын пенициллиндер тобынан дәріні көрсетіңіз:

47. Бензилпенициллиннің новокаин тұзына тән қасиетті белгілеңіз:

48. Грам оң бактериялардың β-лактамазасына тұрақты жартылай синтетикалық пенициллинді белгілеңіз:

49. Антибиотиктермен емдегенде пайда болатын жағымсыз әсерді көрсетіңіз:

50. Антибиотиктердің мүшелер мен тіндерге тікелей улы әсер ететін жағымсыз әсерін белгілеңіз:

51. Қақырық түсіретін, иммунитетті күшейтетін және қабынуға қарсы әсерлері бар препаратты белгілеңіз:

52. Фторхинолондардың микробтарға қарсы әсерінің механизмін белгілеңіз:

53. Гипертония ауруын емдейтін рауфольфия алкалоидын белгілеңіз:

54. Ангиотензин алмастырушы ферменттің тежегішін көрсетіңіз:

55. Миотропты антигипертензиялық дәріні белгілеңіз:

56. Миноксидил антигипертензиялық дәрілердің қай тобына жатады?

57. Гипертониялық кризді басуға қолданатын дәріні белгілеңіз:

58. Ангиотензин рецепторларын тежейтін дәріні көрсетіңіз:

59. Қан тамырлар қимылдататын орталықты тежейтін антигипертензиялық дәріні атаңыз:

60. Созылмалы жүрек шамасыздығында қолданатын жүрек гликозидін белгілеңіз:

61. Гликозидті емес кардиотонустық дәріні көрсетіңіз:

62. Дигитоксинді қайталап қолданғанда болатын жағымсыз әсерді белгілеңіз:

63. Оймақгүл препаратын көрсетіңіз:

64. Жүрек гликозидтерін қолданылуын белгілеңіз:

65. Жедел жүрек шамасыздығында қолданатын жүрек гликозидін атаңыз:

 66. Жүрек гликозидтерінің алыну көзін көрсетіңіз:

 67. Антиангиналды дәрілерді қолданылуын белгілеңіз:

 68. Жедел миокард инфарктысында қолданатын анальгетикті көрсетіңіз:

 69. Нитраттар тобынан антиангиналды препаратты белгілеңіз:

 70. Стенокардия ұстамасын басу үшін қандай дәрі қолданылады?

 71. Стенокардияны емдеуге қандай препарат қолданылады :

 72. Бета-адреноблокаторлардың антиангиналды әсерінің механизмі қандай?

 73. Гипертониялық кризді басуға қолданады, орталық альфа 2-адренорецепторларды қоздыру нәтижесінде вазомоторлық орталықтың белсенділігін төмендетеді, жағымсыз әсерлері: ауыз құрғау, ұйқышылдық, ортостатиктік гипотония, «кері соғу» феномені. Дәріні атаңыз:

74. Антигипертензивті, антиангинальды, аритмияға қарсы әсері бар, жүрек жұмысын төмендетеді, бронхтардың тонусын жоғарылатады. Дәріні атаңыз:

75. Ангиотензин алмастырушы ферментті тежейді, ангиотензин II синтезін тежейді, артериальдық гипертензияда қолданады, жағымсыз әсерлері: аллергиялық реакция, тахикардия, құрғақ жөтел, бүйректің ауруларда қолдануға болмайды. Дәріні анықтаңыз:

 76. Миотропты спазмолитикалық әсер етеді, көк тамырға және бұлшық еттерге енгізу арқылы гипертониялық кризді басуға қолданады, ішуге қолданалса өт және іш жүргізеді. Дәріні анықтаңыз:

77. Асқазан-ішек жолынан сіңімділігі өте нашар, көк тамырға енгізіледі, әсердің басталуы 5-10 мин., ең жоғары әсердің дамуы – 0,5-1,5 сағат, кардиомиоциттер мембранасының Na+, K+-АТФ-азасын тежейді, аз кумуляцияланады, жедел жүрек шамасыздығында қолданады, меруертгүл жапырағынан алынады. Препаратты анықтаңыз:

78. Жедел және созылмалы жүрек шамасыздығында қолданады, асқазан-ішек жолынан сіңімділігі жақсы, тиімді енгізу жолы - көк тамырға, ішуге, әсердің басталуы 5-30 мин., орташа кумуляцияланады. Препаратты атаңыз:

79. Жүректің жиырылу күшін арттырады, соғу жиілігін және өткізгіштігін баяулатады, қозғыштығын жоғарылатады, улану белгілері: брадикардия, атриовентрикулярлы блокада, экстрасистолия, түстерді айыра алмау. Антагонистері – калий хлориді, унитиол, ЭДТА-динатрий тұзы. Препараттар тобын анықтаңыз:

80. Миокардқа оттегінің жеткізілуін арттыратын дәрілерге жатады, ауыз қуысының шырышты қабатының салқын сезетін рецепторларын тітіркендіріп, рефлекс жолымен тәж қан айналымын жақсартады, оны алғашқы рет стенокардия ұстамасы пайда болған жағдайда және стенокардияның жеңіл түрлерінде қолданады. Препаратты атаңыз:

81. Миокардтың оттегіне қажеттілігін төмендетеді және миокардқа оттегінің жеткізілуін арттырады, эндотелиалды релаксациялайтын фактор сияқты әсер етеді, бүкіл шеткі қан тамырларына кеңейткіш әсер етеді, тәж қан тамырлардың тарылуына кедергі жасайды. Препараттар тобын анықтаңыз:

82. Миокард инфарктысы кезінде жүрек тұсындағы ауырғандықты басады, тыныс орталығын тежейді, миозды және тәуелділік туғызады, наркотикалық анальгетиктер тобына жатады. Препаратты атаңыз:

83. Егер Родионова М. («Жүрек-тамыр жүйесі» модулі бойынша клиникалық оқиға) науқас оперативті емдеуден бас тартқан жағдайда қандай фармакологиялық топтардың препараттарын тағайындауға болады?

84. Варфариннің әсер ету механизмі қандай? («Жүрек-тамыр жүйесі» модулі бойынша клиникалық оқиға)

85. Қан плазмасында липопротеиндер деңгейіне әсер етпейді; қан тамырлар эндоделиінің зақымдаушы факторларға төзімділігін арттырады; қан тамырлар атеросклерозының кешенді емдеуінде қолданады. Препаратты атаңыз:

86. β1-адренорецепторларды қоздыратын кардиотонустық дәріні белгілеңіз:

87. Жүрек гликозидтерімен уланғанда қолданатын кальцийдін антагонисін белгілеңіз:

88. Жүрек гликозидтерінің кардиотоксикалық әсерін күшейтетін препаратты белгілеңіз:

89. Дигоксиннің дигитоксиннен айырмашылығын белгілеңіз:

90. Калий каналдарының белсендіргішін көрсетіңіз:

91. Жүрекке оттегінің қажеттілігін азайтатын дәрілерді атаңыз:

92. Нитроглицериннің қан тамырларын кеңейтетін әсерінің механизмін белгілеңіз:

93. Празозиннің антигипертензиялық әсерінің механизмін көрсетіңіз:

94. Қандай препарат қан плазмасының көлемін азайту жолымен артериялық қысымды төмендетеді?

95. Дипиридамолға не тән?

96. Каптоприлдің антигипертензиялық әсерінің механизмін белгілеңіз:

97. Лозартанның антигипертензиялық әсерінің механизмін көрсетіңіз:

98. Резерпиннің антигипертензиялық әсерінің механизмін белгілеңіз:

99. Клофелиннің антигипертензиялық әсерінің механизмін көрсетіңіз:

100. Жүрек гликозидтерінің қайсысы тез әсер етеді?

101. Аденозинді механизмі бар антигипертензивті дәріні белгілеңіз:

102. Кальций каналдарын тежейтін дәріні белгілеңіз:

103. Көктемгі жанаргүл препаратын көрсетіңіз:

104. Қандай препараттардың кардиотонустық әсері миокардтың ß1- адренорецепторларының қозуынан болады?

105.Құсыққа қарсы дәріні белгілеңіз:

106. Антацидті дәріні белгілеңіз:

107. Ащы заттардың әсер ету механизмі қандай?

108. Асқазанның кілегей қабатының зақымдаушы факторларға төзімділігін арттыратын дәріні белгілеңіз:

109. Простагландин Е1 синтетикалық аналогын белгілеңіз:

110.Орталық әсерлі құстыртыратын дәріні белгілеңіз:

111. Құсыққа қарсы дәрі ретінде қолданылатын М-холиноблокаторды белгілеңіз:

112. Зақымдаушы факторлардан жараның бетін механикалық қорғайтын дәріні белгілеңіз:

113. Ішектің тонусы мен перистальтикасын төмендететін дәріні белгілеңіз:

114. Фепранонның фармакологиялық қасиетін белгілеңіз:

115. Панкреатин қандай препаратқа жатады:

116. Майда еритін заттармен уланғанда іш жүргізетін дәрі ретінде қандай препарат қолданылады?

117. Өттің түзілуін күшейтетін дәріні белгілеңіз:

118. Өттің шығуын жақсартатын дәріні көрсетіңіз:

119. Н2 – гистаминоблокаторлардың қолданылуын көрсетіңіз:

120. Асқазанның жара ауруларында амепразалдың әсері қандай?

121. Протон насосының тежегішін белгілеңіз

122.Атропиннің өт жүргізетін әсерінің механизмі қандай?

123. Оксафенамидке тән қасиеттерді белгілеңіз:

124. Цизаприд асқазан-ішек жолдарының қай бөлімінің моторикасын белсендіреді?

125. Трасилолдың әсер ету механизмін көрсетіңіз:

126. Прозерин қандай фармакологиялық топқа жатады?

127. Мизопростолдың қолданылуын белгілеңіз:

128. Сукралфат қандай фармакологиялық топқа жатады?

129. Адеметионин қандай препарат ретінде қолданылады?

130. М-холинорецепторларды тежейді; асқорыту бездерінің сөлінісін төмендетеді; түйілулерде қолданылады; глаукомада қолдануға болмайды. Препаратты анықтаңыз:

131. Асқазан мен он екі елі ішектін жара ауруларында қолданылады; асқазан сөліндегі хлорлы сутекті қышқылды бейтараптайды; адсорбциялаушы қасиеті бар; іш қатуды туғызуы мүмкін. Препаратты анықтаңыз:

132. ОЖЖ-не жақсы өтеді; орталық және шеткі дофамин рецепторларын тежейді; кең спектрлі гастрокинетикалық және құсыққа қарсы дәрі ретінде қолданылады; гиперпролактинамия мен паркинсонизм белгілерін туғызуы мүмкін. Препаратты анықтаңыз:

133. Домперидонның метоклопрамидтен айырмашылығы қандай:

134. Науқас А. Ахметовке өңештің венасының варикозды кеңеюінен қан кетудің алдын алу мақсатында дәрілердің қандай тобын тағайындауға болады: («Асқорыту жүйесі» модулі бойынша клиникалық жағдай)

135. Гепатопротекторды көрсетіңіз:

136. Ащы заттардың әсер етуіне не тән?

137. Асқазан безінің сөлінісін қандай дәрілер төмендетеді?

138. Пирензепинге тән қасиетті белгілеңіз:

139. Антацидті дәрілердің әсер ету механизмі қандай?

140. Галоперидолға тән қасиетті көрсетіңіз:

141. Гепатопротекторлық дәріні көрсетіңіз:

142. Тұзды іш жүргізетін дәрілердің әсер ету механизмін белгілеңіз:

143. Бауыр және ішек түйілулерін жою үшін қандай дәрілер қолданылады?

144. Ішек атониясында қандай дәрілер тобы қолданылады?

145. Ұйқы безінің жетіспеушілігінде қолданылатын орын басушы дәріні белгілеңіз:

146. Негізінен энтерохромаффин тәрізді клеткалардың белсенділігін төмендететін М-холиноблокаторды көрсетіңіз:

147. Құсыққа қарсы дәрілер ретінде қолданылатын Н1 –гистаминоблокаторды белгілеңіз:

148. Гипоацидті гастритте диагностикалық мақсатта қандай дәрі қолданылады?

149. Сана препараттарының іш жүргізетін әсерінің механизмін көрсетіңіз:

150. Асқазан безінің секреторлық қызметінің жетіспеушілігінде қолданылатын орын басушы терапияның дәрісін көрсетіңіз:

151. Өт жүргізетін әсері бар өсімдікті белгілеңіз:

 152. Сибутраминнің қолданылуын көрсетіңіз:

153. Ұйқы безінің жетіспеушілігінде қолданылатын орын басушы дәріні белгілеңіз:

154. Сукральфат қандай фармакологиялық топқа жатады?

155. Сана, рауғаш, сынғақ итшомырт препараттарының әсері неше сағаттан кейін дамиды?

156. Тұзақты диуретикке жататын дәріні белгілеңіз:

157. Осмодиуретикті белгілеңіз:

158. Спиронолактонның жағымсыз әсерін көрсетіңіз:

159. Гиперкальциемиялық кризде қолданатын дәріні белгілеңіз:        

160. Күшті және тез әсер ететін диуретикті атаңыз:

161. Фуросемидтің жағымсыз әсерін белгілеңіз:

162. Калий сақтаушы диуретиктерге жататын дәріні көрсетіңіз:

163. Өткір бүйрек жетіспеушілігінде жедел бүйрек үсті безінің жетіспеушілігін коррекциялау мақсатында қандай дәрілер тобы қолданылады:

164. Альдостеронның антагонисі болып табылатын диуретикті көрсетіңіз:

165. Дихлотиазидтің әсер ету орнын белгілеңіз:

166. Өкпе ісінуінде және өткір бүйрек жетіспеушілігінде қолданатын диуретикті көрсетіңіз:

167. Метаболизмдік ацидозда қолданатын дәріні атаңыз:

168.Қышқылға төзімді пенициллин тобынан антибиотикті белгілеңіз:

169.Налидикс қышқылы химиялық құрылысы бойынша қай топқа жатады?

170.Сульфаниламидтердің әсер ету механизмін атаңыз:

171.Бета-лактамазаның әсеріне төзімді пенициллин тобындағы антибиотикті белгілеңіз:

172.Офлоксацин химиялық құрылысы бойынша қай топқа жатады:

173.Сульфаниламидтердің бактерияларға қарсы әсерінің механизмін көрсетіңіз:

174.Гепариннің көп мөлшерін бейтараптайтын дәріні белгілеңіз:

175.Дипиридамолдың антиагреганттық әсерінің механизмі қандай?

176.Төменгі молекулалы гепаринді белгілеңіз:

177.Тікелей әсерлі антикоагулянтты белгілеңіз:

178.Алкилдеуші қосылыстардың цитостатикалық әсерінің механизмін көрсетіңіз:

179.Циклоспориннің иммунодепрессивті әсерінің механизмін белгілеңіз:

180. Аминогликозидтер тобынан антибиотикті көрсетіңіз:

181.Уросульфанның қолданылуын белгілеңіз:    

182. Резорбтивті әсер ететін глюкокортикоидты препараттарды белгілеңіз:

183.Потенциальды ототоксикалық әсері бар препаратты белгілеңіз:

184.Құрамында амоксициллин+клавулан қышқылы бар біріктірілген препаратты көрсетіңіз:

185.Хлорбутин (хлорамбуцил) антибластомды дәрілердің қандай топшасына жатады:

186.Науқас Т.Ибрагимовтың бүйрегінің зақымдалуын қандай антигипертензивті дәрі асқындыруы мүмкін? («Несеп-жыныс жүйесі» модулі бойынша клиникалық оқиға)

187.Науқас Т.Ибрагимовта қандай ионды реттеуге фуросемид пен амилоридті біріктірген? («Несеп-жыныс жүйесі» модулі бойынша клиникалық оқиға)

188. Нитроксолинге тән қасиеттерді көрсетіңіз:

189. Карбоангидразаны тежеу арқылы натрийдің реабсорбциясын тежейтін несеп жүргізетін дәріні белгілеңіз:

190. Қандай несеп жүргізетін дәрі осмостық диуретиктерге жатады?

191. Макролидтер тобынан антибиотикті белгілеңіз:

192. Құрамында ампициллин+сульбактам препараттары біріктірілген препаратты белгілеңіз:

193. Тромбоциттердің агрегациясын болдырмау үшін қандай препарат қолданылады?

194. Цитостатиктерге тән қасиеттерді белгілеңіз:

195. Бүйректі алмастыру үшін қандай гормондық препараттар тобы қолданылады?

196. Фторхинолондарға тән қасиеттерді белгілеңіз:

197. Нитроксолиннің жағымсыз әсерін белгілеңіз:

198. Ауруханаға жедел гломерулонефритпен түскен науқасқа препарат тағайындалды. Бұл препаратты ұзақ қолданғанда асқазан-ішек жолдарының жаралануы, гематологиялық өзгерістер (агранулоцитоз, тромбоцитопения), «қабылдамау синдромы» байқалады. Төмендегі препараттардың қайсысы осындай жағымсыз әсерлер туғызады?

199. Созылмалы гломерулонефриттің аралас түрімен ауыратын науқасқа дипиридамол (курантил) тағайындалды. Бұл препараттың тигізетін емдік әсерінің механизмі қандай?

200. Офлоксациннің антимикробты әсерінің механизмі қандай?

201. Цефотаксимнің бензилпенициллиннен айырмашылығын көрсетіңіз:

202. Несеп шығару инфекцияларында қолданылатын біріктірілген сульфаниламидтік препаратты белгілеңіз:

203. Фторхинолондардың жағымсыз әсерлерін көрсетіңіз:

204. Тромб түзілуіне кедергі жасайды; антитромбин ІІІ белсендіру арқылы протромбиннің тромбинге айналуын бұзады; тромбинді тежейді; көктамырға, тері астына, бұлшықетке және жергілікті қолданады; препараттың көп мөлшерін протамин сульфаты бейтараптайды. Препаратты анықтаңыз.

205. Глюкокортикоидтардың антагонистін белгілеңіз:

206. Бигуанид туындысынан диабетке қарсы дәріні белгілеңіз:

207. Қант диабетімен ауыратын науқасқа ашқарынға тері астына препарат енгізілді. Осыдан кейін науқаста бұлшықет әлсіздігі, шаршау, ашығу сезімі, сілекейдің көп бөлінуі, тері жамылғысының бозаруы, саусақтарының ұюы, тремор, жүрегінің қатты соғуы байқалды. Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы осындай жағымсыз әсерлер туғызуы мүмкін?

208. Минералокортикоидтардың антагонистін белгілеңіз:

209. Сульфонилмочевина туындысынан диабетке қарсы дәріні белгілеңіз:

210. Энурезбен (түнге қарай несепті жіберіп қою) ауыратын науқас балаға десмопрессин тағайындалды. Бұл препараттың науқасқа тигізетін әсерінің механизмі қандай?

211. Гипотиреозда қолданылатын дәріні көрсетіңіз:

212. Микседемада қолданылатын дәріні белгілеңіз:

213. Қалқанша безімен йодтың жұтылуын бұзатын препаратты белгілеңіз:

214. Гипофизарлы ергежейлі ауруымен ауыратын науқасқа соматрем тағайындалды. Бұл препараттың науқасқа тигізетін әсерінің механизмі қандай?

215. Лютеиндеуші гормон-тәрізді белсенділігі үшін қолданылатын жүкті әйелдердің несебінен алынатын затты атаңыз.

216. Науқасты қарағанда беті қызғылт, шөлдеу, ауызының құрғауы, дем шығарғанда ацетонның иісі байқалады, несепте қанттың мөлшері көп. Науқасқа инсулин препараты тағайындалды. Бұл препараттың науқасқа тигізетін әсерінің механизмі қандай?

217. Организмде кальцийдің алмасуын реттейтін дәріні таңдаңыз:

218. Тиреотоксикозда қолданылады; зобогенді әсер туғызады; таблетка түрінде шығарылады: Препаратты анықтаңыз.

219. Эпифиз гормонының препаратын белгілеңіз:

220. Бұл зат тироксинді енгізгенде шеткі тіндерде түзіледі. Затты анықтаңыз;

221. Ергежейлікте тағайындалатын дәріні көрсетіңіз:

222. Препаратты анықтаңыз: Полипептид болып табылады; миометрийдің тонусы мен жиырылғыштық белсенділігін жоғарылатады; жүктіліктің мерзімі көбейген сайын препараттың сезімталдығы жоғарылайды:

223. Қанда глюкозаның деңгейін төмендетеді; 4-6 сағат әсер етеді; парентеральды (тері астына, бұлшықетке, көктамырға) енгізіледі: Препаратты анықтаңыз.

224. Фолликулстимулдеуші белсенділігі бар препаратты белгілеңіз:

225. Тиреотропты гормонның бөлініп шығуына әсер ететін препаратты белгілеңіз:

226. Лютеиндеуші белсенділігі бар препаратты таңдаңыз:

227. Пептид болып табылады; дистальды өзекшелер мен жинақтаушы түтікшелерден судың реабсорбциясын қамтамасыз етеді; негізінен қантсыз диабетте қолданылады: Препаратты анықтаңыз.

228. Ұйқы безінің гормонын белгілеңіз:

229. Мерказолилдің антитиреоидтық әсерінің механизмі қандай?

230. Инсулиннің гипогликемиялық әсері қандай?

231. Сульфонилмочевина туындыларының гипогликемиялық әсерінің механизмі қандай?

232. Бүйрек үсті безінің қызметі төмендегенде тағайындалатын дәріні көрсетіңіз:

233. Қалқанша безінің фолликула клеткаларын бұзатын препаратты белгілеңіз:

234. Гипертиреозда қолданылады; ТТГ бөлінуін тежейді; қайтымды байланыс принципі бойынша әсер етеді: Препаратты анықтаңыз:

235. Науқас Аймандағы қалқанша безінің гиперфункциясында қандай препарат тағайындауға болады? ( «Эндокриндік жүйе» модулі бойынша клиникалық жағдай)

236. Калий перхлоратының антитиреоидты әсерінің механизмі қандай?

237. Метаболизмді күшейтетін әсері бар; тіндермен оттегінің жұмсалуын және негізгі алмасуды жоғарылатады: май, белок, көмірсулардың ыдырауын күшейтеді; гипотиреоидизмде қолданылады: Препаратты анықтаңыз:

238. Антитиреоидты дәрілерге жатады; қалқанша безде тиреоидты гормондардың синтезін тежейді; гипертиреозда қолданылады: Препаратты анықтаңыз:

239. Қалқанша безде тиреоидты гормондардың синтезін тежейтін дәріні белгілеңіз:

240. Эндогенді инсулиннің бөлінуін күшейтетін дәріні белгілеңіз:

241. Ащы ішекте глюкозаның сіңірілуін тежейтін дәріні белгілеңіз:

242. Сульфонилмочевина туындысынан диабетке қарсы дәріні белгілеңіз:

243. Лактотропты және соматотропты гормондардың бөлінуін тежейтін препаратты белгілеңіз:

244. Гипогликемиялық әсер етеді, ішуге тиімді, бигуанид туындысы болып табылады, қант диабетінің 2-ші түрінде қолданылады. Препаратты анықтаңыз.

245Эритропоэзді күшейтетін дәріні белгілеңіз:

246. Гипохромды анемияны емдеуге қолданылатын дәріні көрсетіңіз:

247. Темір жетіспеушілік анемияны емдеуге қандай препарат қолданылады ?

248. Лейкопоэзді күшейтетін дәріні белгілеңіз:

249. Гиперхромды анемияны емдеуге қолданылатын дәріні көрсетіңіз:

250. Адамның колониеүдеткіш факторының рекомбинантты препаратын белгілеңіз:

251. Лейкопоэзді тежейтін дәріні көрсетіңіз:

252. Темір препараттарының негізгі фармакологиялық қасиетін белгілеңіз:

253. Цианокобаламинге тән қасиетті белгілеңіз:

254. Кобальт препараттарының әсер ету механизмін көрсетіңіз:

255. Ұзақ әсерлі темір препаратын белгілеңіз: 

256. Ферро-градументтің құрамына не кіреді ?

257. Темірдің асқазан-ішек жолдарынан сіңуі бұзылғанда қандай препарат қолданылады?

258. Темір препараттарының іш қатуын туғызуы немен байланысты?

259. Тромбоксанның биосинтезін тежейтін дәріні көрсетіңіз:

260. Простоциклинді рецепторларды қоздыратын дәріні белгілеңіз:

261. Гирудиннің рекомбинантты препаратын белгілеңіз:

262. Гепариннің антагонистін көрсетіңіз:

263. Тромбоциттерде простациклиннің әсерінен қай фермент белсенеді?

264. Ацетилсалицил қышқылының антиагреганттық әсері немен байланысты?

265. Эпопростенолдың әсерінің механизмін атаңыз:

266. Жергілікті гемостатикалық әсері бар препаратты белгілеңіз:

267. Алтеплазаның әсер ету механизмін көрсетіңіз:

268. Антиагреганттық және тәж қан тамырларын кеңейткіш әсерлер қай препаратқа тән?

269. Гепаринге тән қасиеттерді белгілеңіз;

270. Бауырда протромбиннің түзілуіне кедергі жасайтын препаратты белгілеңіз:

271. Эптифибатидке тән қасиетті көрсетіңіз:

272. Фибринолиздің жоғарылауымен байланысты қан кетулерде қандай препарат қолданылады?

273. А2 тромбоксанның түзілуіне кедергі жасау арқылы тромбоциттердің агрегациясын тежейді; тәж және ми қантамырлары тромбозының алдын алу үшін, жедел миокард инфарктысында ішуге қолданылады; асқазан-ішек жолдарының кілегей қабатын жаралауы мүмкін. Препаратты анықтаңыз:

274. Тромбоциттердің пуриндік рецепторларымен аденозиндифосфадың әсерлесуіне кедергі жасайды; антиагреганттық әсері баяу дамиды; тәж және ми қантамырлары тромбозының алдын алу үшін, қолданылады. Препаратты анықтаңыз:

275. Анемиямен сырқаттанатын науқас М. Казиеваға қандай топтың препараттарын тағайындау қажет? («Қан жүйесі» модулі бойынша клиникалық жағдай)

276. Организмде темірдің алмасуына С витаминінің маңызы қандай?

277. Темір препаратын белгілеңіз:

278. Фолий қышқылына тән қасиетті белгілеңіз:

279. Парентеральді қолданылатын темір препаратын көрсетіңіз:

280. Ферковенге тән қасиетті белгілеңіз:

281. Тромбоциттердің агрегациясын тежейтін дәріні атаңыз:

282. Тікелей әсер ететін антикоагулянттарға тән қасиетті белгілеңіз::

283. Пернициозды (қатерлі) анемияны емдеуге қолданылатын негізгі препаратты белгілеңіз:

284. Төмен молекулярлы гепариндер гепаринге қарағанда айырмашылығ қандай?

285.Эргокальциферолдың фармакологиялық қасиетін көрсетіңіз:

286.Бисфосфанаттар тобынан препаратты таңдаңыз:

287.Қандай дәрілерді ұзақ қолдану остеопорозды туғызады

288. Қанда кальций иондарының мөлшерін азайтады; сүйек тіндерінің резорбциясын төмендетеді; остеопороз бен гипотиреозда қолданады; қосымша кальций препараттарын енгізуді қажет етеді. Препаратты анықтаңыз.

289. Д3 витаминінің туындысын көрсетіңіз:

290. Ревматизммен ауыратын науқасқа қабынуға қарсы дәрі ретінде преднизолон тағайындалды. Бұл препараттың науқасқа тигізетін әсерінің механизмі қандай?

291. Кальцийдің ішекте сіңуі мен оның бүйрек өзекшелері арқылы реабсорбциясын жоғарылатады; қанда кальцийдің мөлшерін жоғарылатады, сүйектердің минерализациясын қамтамасыз етеді; гипокальциемияда, гиперпаратиреозда, остеопорозда, мещелде қолданылады. Препаратты анықтаңыз.

292.Д3 витаминінің белсенді метаболитін белгілеңіз:

293.Фторидтер тобынан препаратты анықтаңыз:

294.Жануар текті біріктірілген препаратты таңдаңыз:

295.Кальцитониннің препаратын көрсетіңіз:

296.Бисфосфонаттардың негізгі қолданылуын көрсетіңіз:

297. Фосфолипаза А2 белсенділігін тежеу арқылы лейкотриендер мен простагландиндердің түзілуін бұзады; қабынуға қарсы және иммунодепрессивті қасиеттері бар. Препаратты анықтаңыз.

298.Ревматоидты артритті емдеуге цитостатиктер тобынан препаратты белгілеңіз:

299.Омыртқа және буындардың дегенеративті-дистрофиялық ауруларды емдеуге қолданылатын препаратты көрсетіңіз:

300.ЦОГ-2 таңдамалы тежегіштеріне жататын дәріні көрсетіңіз:

301. Ревматоидты артритті симптоматикалық емдеу үшін науқасқа мелоксикам тағайындалды. Бұл препараттың науқасқа тигізетін әсерінің механизмі қандай?

302. Оксикамдар тобына жататын стероидты емес қабынуға қарсы дәрі. Бензотиазиндер туындысына жатады, айқын қабынуға қарсы әсері бар, сондай-ақ ауырсынуды басатын және қызуды түсіретін әсерлері бар. Препаратты анықтаңыз.

303.Алтын препаратын белгілеңіз:

304.Стероидты қабынуға қарсы дәрілердің жағымсыз әсерін көрсетіңіз:

305.Кальций алмасуына әсер ететін препаратты белгілеңіз:

306. Индолсірке қышқылының туындысы, күшті стероидты емес қабынуға қарсы дәрі. Ревмокардитті, бейарнамалы инфекциялық полиартритті, тромбофлебитті және де қабынумен бірге жүретін басқа ауруларды емдеуге қолданылады. Препаратты анықтаңыз.

307.Стероидты емес қабынуға қарсы дәріні белгілеңіз:

308. Безгекке қарсы дәрі, ревматоидты артритті емдеуде қабынуға қарсы әсері баяу дамиды. Препаратты анықтаңыз.

309. Ревматоидты артритпен ауыратын науқасқа хингамин тағайындалды. Бұл препараттың науқасқа тигізетін әсерінің механизмі қандай?

310.Стероидты қабынуға қарсы дәрілерге жататын дәрілер тобын таңдаңыз:

311.Стероидты қабынуға қарсы дәрілерге тән негізгі қасиетті белгілеңіз:

312. Метотрексат дәрілердің қандай тобына жатады?

313. Ревматоидты артритті симптоматикалық емдеу үшін науқасқа мелоксикам тағайындалды. Бұл препараттың науқасқа тигізетін әсерінің механизмі қандай?

314. Фенилсірке қышқылының туындысы. Айқын қабынуға қарсы, анальгетикалық және қызуды түсіретін әсерлері бар, тромбоциттердің агрегациясын тежейді. Преапарат ревматоидты артрит пен остеоартроздарда тиімді. Препаратты анықтаңыз.

315. Остеопорозда қандай гормондық препарат қолданылады?

316. Майда еритін витаминдерге жатады; кальций мен фосфордың алмасуына, сүйек тіндерінің минерализациясына айқын әсер етеді; мешелдің алдын алу мен емдеуде дәрі ретінде қолданылады. Препаратты анықтаңыз.

317. Анаболиктік дәріні белгілеңіз:

318. Ревматоидты артритті емдеуге алтын препаратын белгілеңіз:

319. Фенилпропион қышқылының туындысы, қабынуға қарсы әсері бар. Әртүрлі буындық және буыннан тыс ревматоидты артриттерді емдеуге қолданылады. Препаратты анықтаңыз.

320. Остеопорозды емдеуге синтетикалық қосылыстар тобына жататын дәріні көрсетіңіз:

321. Ревматизмді емдеуге баяу әсер ететін дәріні белгілеңіз:

322. Глюкокартикоидтардың қолданылуын



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.