|
|||
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Маралбаев А.К аға оқытушы С.Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
.Жергасинова Г.Е. «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының қосымша білім беру педагогы
Бүгінгі таңда білім берудегі басты міндет - әртүрлі әдіс – тәсілдерді, жаңа технологияларды қолдана отырып студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру және білім сапасын жақсарту. Елбасының жолдауында «Білім беру жүйесі реформасының орталық буыны осы заманғы білім беру үрдістерін, ақпараттық технологияларды жаппай енгізу, бұл кезеңде назарды оқушылардың біліктілігін арттыруына аудару қажет» дегеніндей, біз инновациялық оқытуды тәжірибемізге енгізіп, ойлау қабілеті дамыған, өз бетінше шешім қабылдай білетін білімді ұрпақты тәрбиелейміз. [1,3-б.] «Инновация» термині ғылымға ХІХ ғасырда енді. ХХ ғасырдың екінщі жартысында инновация әлеуметтік өзгерістердің жалпы үрдістерінің сатысы ретінде қаралып, оның негізігі элементтері атап көрсетілді: «жаңашылдық», «жаңашыл», «бағалаушылар». Үрдістің сындарлы, өзгермелі мерзімін қандай да бір жаңа енгізілмелерге сәйкес «бағалаушылардың» іс-әрекетіндегі өзгерістер айқындайды. Жаңашылдық – нағыз құрал, ал инновация осы құралды меңгеру үрдісі. Сауатты түрде таңдап алынған жаңашылдық барынша мүмкін дәрежеде жаңа енгізілімнің табысқа жетуіне кепілдеме беруі тиіс. Инновациялық үрдіс деп жаңалықты жасау, меңгеру, пайдалану және тарату бойынша жүргізілетін кешенді іс-әрекетті айтады. Бүгінгі жағдайда жаңа ғылыми, тәжірибелік білімді жасау және оларды меңгеру мен іске асыруды инновациялық тұрғыдан қарастыруға болады. Педагогикалық технология оқу үрдісімен, яғни мұғалім мен студенттің іс-әрекетімен, оның құрылысымен, құралдармен, әдістері және түрлерімен түбегейлі байланысқан. Жаңа технологияны меңгеру мүғалімнен асқан шеберлікті, арнайы дайындық пен ізденісті, сауаттылықты қажет етеді. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушыны оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Бұл жаңа технологиялар шығармашыл қабілеттің дамуына жағдай туғызады. Әр мұғалім қазіргі жаһандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануға тиіс. Сабақты тартымды өткізу және оқушылардың оқуға деген қызығуын арттыру үшін әр сабақты түрлендіріп, арттыруы шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай, әр түрлі технологияның сан қилы элементтерін пайдалану артық етпесі анық. Сабақта мәселелік оқыту технологиясының басты мақсаты –студентті өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдылығы мен шығармашылық икемділіктерін дамыту. Ерекшелігі: оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу. Инновация көпсалалы, кең қолданыста. Педагогика ғылымында өзіндік категориясы болмаса да, зерттеуші ғалымдар білім беру жүйесіне жаңалық енгізу деп қолданып жүр. Инновация ұғымы ең алғаш мәдениет танушылардың зерттеулеріне енді, ал қазір барлық салада кеңінен қолданылады. [2, 63-б.] Осы инновациялық технологияларды оқу үрдісінде дене шынықтыру сабақтарында қолдану жолдарын қарастырсақ. Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет. Колледж студенттерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады. Колледж студенттерінің салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру дегеніміз: І. Жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан – жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру; ІІ. Салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс – шараларды жүргізу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару керек? Өмір салты дегеніміз не? Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. Меніңше, адамның әлеуметтік – психологиялық және биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады: - белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану; - физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру; - жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру; - қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету; - дұрыс жыныстық тәрбие алу; - зиянды әдеттерден аулақ болу. Сондықтан балаларды жасынан салауатты өмір салтына қалыптастыруға күш салып, зиянды әдеттерден сақтандыруымыз керек. Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Халық санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы мемлекет әл – ауқатының дамуына мұрындық болады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде соның 4 негізгі күшін атап көрсетті. Оның бірі – жер үстіндегі байлық деп отырғанымыз – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы деген еді. Дене тәрбиесі сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі жоғары. Білім – қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану, жаңа технологияны әркімнің өз сабағында пайдалану арқылы оқушы жастарды халықтың дәстүр үрдісінде адамгершілікке, салауатты өмір сүруге баулу дені сау ұрпақ тәрбиелеу дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің басты міндеті. Олай болса, оқыту мен тәрбиелеудің ой елегінен өтетін әдіс-тәсілдерін, жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет. Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де студенттерді бейімдеу, қабілетін дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан студенттердің пәнге қызығушылықтарын арттыру, сабақта тақырыпқа байланысты спорт түрлерінің шығу тарихын, спорт түрлері дамыған елдерді спорттың әр саласындағы белгілі спортшылар өмірін алуға болады. Сол себептен оқытушы сабақты тартымды етіп теория мен практиканы ұштастыруында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі баса назарда болуы қажет. Бұл оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас, сабақты жақсы оқитын, спортқа бейім студенттермен белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластыру тиіс. Барлық студенттер өз қабілетін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі жаттығуларды орындауға көшіп отырады. Бұл студенттер арасындағы бәсекелестікті және әр студенттің өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасалады. Жаңаша әдістерді сабақтарда үнемі қолданысқа енгізуде теория мен практиканың ұштасуына мән бергенде ғана жұмыстың мазмұндылығы көріне алады. Осы бағыттарда сын тұрғысынан ойлау және деңгейлеп оқыту технологияларының тиімді әдістерін дене шынықтыру пәнінде қолдануды ұсынамын. Алдымен «Дене шынықтыру пәні не береді?» –деген сұраққа:» Қимыл қозғалысты береді. Машықтандыру. Дене мәдениетін қалыптастыру. Денені шынықтыру, тәрбиелеу. Жалпы дамыту жаттығуларын меңгертеді. Мемлекеттік стандарттық бағдарламаны жоспарлай білуді, нормативтік тест жаттығуларды игертуді береді. Дене тәрбиесі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді пайдалануға да болады. Осы технологияның шығармашылық бөлігін басшылыққа ала отырып, ой толғау жасауға болады (мысалы, дене шынықтыру сабағын ойын түрінде ұйымдастыру), сол арқылы, оқушылардың бейімділігін арттыруға болады. Күтілетін нәтиже - дене тәрбиесі пәніне деген қызығушылықтарының артуы. Оқушы шығармашылығы, өзін-өзі басқаруы, құрметі, эстетикалық талғамы да артып келеді. Мысалы, дене шынықтыру сабағында 1 курстарда сергіту сәтін алатын болсақ, өз тәжірибемде 1 курстарға өткізген «Эстафеталық жарыстар» атты сабағымда, алдымен студенттерге ой толғау жасау мақсатында, қазақтың ұлттық ойын түрлеріне тоқталдым, ұлттық ойындар туралы өз түсініктерін сұрай отырып, сабақ барысы кезінде орындатуды жоспарладым. Міне, осы арқылы студенттер сабақтың жарыс түрінде топтық ойын әдісінде болатына көз жеткізеді. Ойлау қабілетін дамыту тұрғысында 2 курс студенттері арасында «Көңілді мәре» сайысы студенттердің ой-қабілетін, жылдамдық ерекшелігін, тез шешім қабылдауына және топтық әрекет жасауына пәндерді байланыстыра отыра кіріктірілген сабақ көрермендердің көңілінен шықты, сабақта биология, химия, математика, сурет, алғашқы әскери дайындық пен дене шынықтыру пәндерінен құралған ойындар пайдаланылды. Сабақты қызықты өткізу үшін мультимедиалық проектор арқылы қазақтың ұлттық ойындарының тарихын таныстырып өтіп, жасырылған сұрақтарды табуға машықтандыру, әр топқа белгіленген ұпай сандарына қарай бағалап отырдым. Кейін сабақ барысын: «Кім шапшаң?» бөлімі деп алып, бұл бөлімінде студенттер белгіленген жерге дейін эстафеталық таяқшамен жүгіріп барып, белгілі жеріне жеткен кезде, тақтаға жазылып берілген есептерді шапшаң орындап шығып кейін қайтып келу талабы қойылды. Студенттердің бұл бөлімде сабаққа деген қызығушылығының артуымен бірге машықтанады, логикалық ойлау қабілеттері артады, қимыл-қозғалыс әрекеті дамиды. Тәңертеңгілік бой жазу және сергіту жаттығулары мен бірге мектебімізде ұлттық өнеріміз «Қара жорға» биін жаңғырту үстіндеміз, биді сергіту, тәңертеңгі бой жазу жаттығуларының орнына да пайдалануға болатынына көз жеткіздік. Сондай-ақ «Спорт әлеміне саяхат» тақырыбында мультимедиалық проектор арқылы 10 ЭГС топ студеттерімен зияткерлік ойын сабағын өткізіп оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырдық. Бұл сабақта Қазақстан спортының алғашқы шыққан, атақты да данықты чемпиондарынан бастап қәзіргі таңдағы олимпиада чемпиондары туралы викторина сайысы студеттердің көңілінен шығып, лоар өз елінің патриоты екендерін сабақ барысында дәлелдеп, мүдірместен жауап беруге тырысты. Сондай-ақ қатарынан үшінші жыл мемлекеттік тілдегі колледждердің 1-2 курс студенттері арасында ұлттық ойын және спорттық ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырып жеңіпаздарды анықтап студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында тынымды еңбектер атқару үстіндеміз. Қала көлемінде Наурыз айында ұлттық мерекемізді насихаттау барысында «Төрт түлікке ен салу», «Арқан тарту», «Қол күрес», «Асық ату» ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырып, ұлттық ойын өнерімізді өзге ұлт өкілдеріне насихаттау басты міндетіміз. Екінші жыл аталып өтіп жатқан облыстық ұлттық ойындар фестиваліне қатысып асық ойынының «Шыр» түрінен топтық есепте жүлделі ІІ орынға ие болып қаламыздың қоржынына ұпай әкелдім. Бұл ұлттық ойындар фестивалінің ұйымдастырылуы, тұсауы кесілуі ұлтымыз үшін үлкен жетістік деп білемін. Ұлттық теле арнада салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өтіп жатқан жаңашыл әдістегі бағдарламалардың желісінде «Намыс дода», «Толағай» «Асық ату» атты спорттық, ұлттық ойындар сайысын топтар аралық топтық сайыс түрінде өткіздім. Әр семестр сайын қаладағы колледжадер арасында ұлттық және спорттық ойындардан жарыстар өткізіліп, әсіресе «Асық ату» ойыны студенттердің арасында қызығушылығын арттырды. Себебі дене тәрбиесімен айналысатын адам өзін әрқашан сергек сезінеді. Ал сергек адамның өмірге көзқарасы ерекше.Спорт қайратты қажет етіп, өмірге құштарлықты арттырады. Жоғарыда аталған ұлттық спорттық ойындардың өтілу нәтижесінде студенттердің: - Салт - дәстүрді құрметтеуі; - Ұйымшылдығы,ізденімпаздығы; - Намысқойлығы; - Жүйке жүйесінің шынығуы; - Ойлау қабілетінің дамуы; - Білім алуға құштарлығы; Ал деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдануда қандай нәтижелерге қол жеткізуге болады? Сабақ барысында: Алдымен студенттің «Не?» деген сұрағына: Сабақта шынайылық, оқыту бар екенін көрсету.Студенттің «Қашан?» деген сұрағына: Сабақтан кейін болатын жағдайды толық анықтатуға көз жеткізу қажет. Студенттің «Қайда?» деген сұрағына: Студенттің және ұстаз арасындағы серіктесін анықтап, нәтижеге қол жеткізу қажет. Өзімнің 1 курстарға өткізген «Акробатикалық жаттығулар» атты сабағымда алдымен студенттерге өткен тақырыптарға байланысты сұрақтар бере отырып, бүгінгі жаңа сабақтың қандай тақырыпта өткелі тұрғанын ашып алдым. Сабақ барысында студенттерге жеңілдетілген логикалық сұрақтар беріп, кейін күрделі сұрақтарды тапсырма ретінде бердім. Сұрақтарға байланысты жауабын тапқан студент, сол жерде практикалық түрде орындап көрсетеді. Сабақ кезінде студенттің ішкі позициялық көз қарасы мен бағыты айқын көрініс бере алады. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып, білім сапасы артады. Осы бағыттарда әрбір оқытушының оқытуға, үйретуге өз тұғырнамасы болуы қажет. Олар мыналар: - Әр студенттің білім деңгейін, қабілетін, мүмкіншілігін түсіну; - Студенттің бойындағы жетістіктері мен кемшіліктерін қабылдау; - Студенттерге қиындықтарды жеңуге, кемшіліктерден арылуға көмектесу; Осылай ойын элементтерін, әдістерін деңгейлеп орындату арқылы студенттердің тапсырмаларды орындауда жинаған ұпайларын «даму мониторингі» кестесіне белгілей отырып, студент біліміне талдау жасап отыру қажет. Өтілетін тақырыптарға байланысты қызықты сергіту ойындарын ойнатудың да сабақ барысының сапасын арттыруға ықпалы көп. Атап айтсам: «Кім шапшаң?», «Көңілді ойындар!», «Мен чемпион!», «Санамақ» сонымен қатар қозғалмалы ойындар және ұлттық ойындарды сабақта түрлендіріп өткізуге машықтандыру. Сонымен, дене шынықтыру пәнінде жаңа инновациялық технологияларды қолданудың орны орасаң болары хақ. Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеруге сыныптан тыс спорттық шаралардың да маңызы зор. Соның ішінде қазақтың ұлттық ойындары мен қозғалмалы ойындарын, әр түрлі жарыстарын, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, асық ату, аударыспақ сынды ойын түрлерін өткізіп отыру керек. Осындай жұмыстарды жүргізу нәтижесінде студенттердің белсенділігі артып, спортқа деген бейімділігі қалыптасады. Студенттердің танымдық қабілеттерін артырып, салауатты өмір сүру, адам денсаулығы осы спортқа байланысты екендігін түсінеді. Нәтижесінде студенттердің білім сапасы артып, оқу семестрлерде жоғары сапаға қол жеткізуге болады. Қорыта айтқанда, мен алдымен жеке тұлғаның әлеуметтік құзыреттілігін дамытуды керек еттім. Сол арқылы ұжымдық зерттеуге қол жеткіздім, яғни студенттердің өзін-өзі басқарудағы әлеуеті артты. Жаңа идеяларды еңгізу барысындағы орындалатын міндеттер: 1. Студентпен қарым-қатынасты қалыптастыру. 2. Студенттің логикалық ойлау қабілетін дамыту. 3. Әр студенттің әрекетін, ұлттық болмысын пайдалануға жұмыстану. 4. Студенттің ұлттық моралының орындалуын қамтамасыз ету. 5. Студенттің санасын, сенімін, көзқарасын,білімін арттыру. 6. Студенттің парасатын, ойлауын қалыптастыра отырып машықтандыру. Ең бастысы, оқу үрдісінде міндетті пәндерде студенттердің теориялық білімін әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыруға мән беру керек. Жұмысымның нәтижесі: 1) Әр студенттің білімі, қабілеті қалыптасады. 2) Студенттің бойындағы жетістіктері көрінеді. 3) Студенттер қиындықтарды жеңеді, әлеуеті артады. 4) Жан-жақты дамуға қол жеткізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Г. Икіманова. Саулық пен сымбат. - Алматы: Қайнар, 1991. 2. «Қазақстан мектебі» журналы, №4, 2006ж. 3. Дене мәдениеті – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде. Ізденіс-Поиск. 2009ж. №2(2) -Б.262-264. 4. Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. - Алматы: Санат, 2000ж. 5. «Мектептегі дене шынықтыру» журналы, № 2, 2001ж.
|
|||
|