|
|||
Инновациялық үдерісті ұйымдастыруСтр 1 из 2Следующая ⇒
Ш.Есенов атындағы КМТИУ «Менеджмент» кафедрасы
Аға оқытушы: Кирбасова Лейла Габитовна Инновациялық үдерісті ұйымдастыру Қазақстанда соңғы онжылдықтарда нарықтық механизмдерге негізделген экономикалық қатынастарға өтуге байланысты түпкілікті өзгерістер болды. Бірақ, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтудің ғылыми және экономикалық негізделген модельдің жоқтығы және реформаларды жедел жүргізу себебінен, жүргізілген шаралар елдің әлеуметтік экономикалық дамуында толық көлемде күткендей нәтиже бермеді. Мысалы, экономиканың шикізаттық тәуелділігі шикізат бағасының тұрақсыздығы кезеңіндегі белгілі макроэкономикалық эффект арқылы байқалды, яғни шикізат экспортынан түскен ауқымды тұрақты валюта түсімдері ұлттық валютаның жасанды өсуіне әкеліп соқтырады, ал отандық тауар өндірушілердің қарқындап өсуші импортпен бәсекелесуге қауқары жетпейді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық бәсекеде дамыған өндірістік жүйеге ие, тиімді шикізат және сату көздері бар жоғары технологиялы дамыған елдер жеңіске жетіп отырады. Қалыптасқан жағдайларда еліміз үшін басты басымдылық ұлттық экономикамыздың тұрақты дамуына ықпал ету, әлемдік шаруашылық жүйесінде өзінің тиесілі орнын алу және халықтың өмір сүру деңгейін көтеру үшін жағдай жасау. Сондықтанда алдымызға қойған мақсатты шешудің бір жолы, объективті қажеттілік сияқты, инновациялық үдерісті қарқындату болып есептеледі. Инновациялық үдеріс – шығармашылықтың бірнеше түрін біріктіретін үздіксіз өзгеріп отыратын әрекет. Бұл үдеріске бір мақсатты көздеген жаңа енгізулер мен ерекше басқару және ұйымдастыруды біріктіреді. Оның динамикалық дамуының негізгі факторлары деп алдымен мыналарды қарастыру керек: еңбек элементі, оның мотивациясы (себеп-салдары), ресурстық қамтамасыздығы; ұйымдастыру және басқару; бәсекелестік; қоршаған ортаның жағдайы. Объективті факторлардың бұл жиынтығымен қатар субъективті факторлық топтар да әсер етеді: стратегия, саясат, тәуекел және т.б. Осыған орай өндірістік және білімділік, маркетингтік, басқару, ұйымдастыру инновациясы айырма жасайды. Дамыған елдерде ғылымды көп қажет ететін өндірістердің жұмыс істеуін технологиялық инновацияны пайдаланумен байланыстырады. Инновациялық үдерістердің даму белсенділігі өндірісте іргелі және қолданбалы ғылымның дамуымен байланысты. Қызметтің барлық салаларында жаңалықтар енгізу күннен-күнге өсіп келеді. Инновациялық үдеріс ұлттық экономиканың басты даму тетігі. Соған қарамастан, бүгінгі таңда инновацияны өндірістік айналымға ендіру маңызды мәселелердің бірі. Инновацияға, зерттемелер мен әзірлемелерге деген қызығушылық қазіргі өндірістік корпорациялардың құрылуымен туындап отыр деген болжам бар. Зерттеушілердің қай уақытта да негізгі ынталары технология, технологиялық алшақтық, ғылыми-техникалық прогресс мәселелері болған. ҒТП мәселелері 50 - 60-жылдары экономикалық өсуге ықпалын тигізетін немесе кері әсере ететін макро деңгейде қаралған болса, ал 70-жылдары бұл мәселе макроэкономикадан микроэкономика мақсатына өтті. Ақыр соңында 90-жылдары инновациялық қызмет нарықтың стратегиялық факторы болады деді, саладағы өзінің монополиялық позициясын ұстап тұру немесе оны жеңіп алуға бағытталған фирманың жалпы стратегиялық жағдайы болып саналады. Инновациялық үдерісті әртүрлі қырынан қарастыруға болады. Біріншіден, іргелі және қолданбалы зерттеулерден бастап, жаңа әдістерді қолдануды коммерциялағанға дейінгі сызықты-кезеңді үдеріс ретінде қарастыру. Екіншіден, инновациялық үдерісті өнімнің өмірлік циклы ретінде қарастыру, яғни оның пайда болуы мен өндіріске енуіне дейінгі кезең. Инновациялық үдерістің мәні ғылыми білімнің, маркетингтік және қаржылық қызметтің, кәсіпкерлік қабілеттің интеграциялануы арқылы өндірістің үздіксіз жаңаруы мен кеңеюі. Жоғарыда көрсетілгендей, инновациялық үдерістің мақсаты «пайдалы инновациялық әсер» алу. Инновацияны басқару оңай емес екені барлығына мәлім. Бірақ инновациялық үдерісті жақсы басқару, оны толығымен түсіну, операциялық қиындықтардан дұрыс шығу іс-әрекеттер нәтижесінде онымен байланысты тәуекелділік деңгейін төмендетеді. Перманентті инновация – көптеген компаниялар үшін тұрақты бәсекелестік басымдылықты қамтамасыз ететін жалғыз шынай әдіс. Инновацияларды үздіксіз режимде өндіріске енгізу үшін арнайы білім қажет. Білімдерді басқару – инновациялық үдерісті басқарудың маңызды бөлігі болып табылады. Бәсекелестікте жаңалықтардың негізін жетік білетіндер және олар үшін қажетті тәжірибелері бар адамдар жеңіске жетеді. Анықтама бойынша, инновациялар өздігінен ерекше, осыған сәйкес әр инновациялық үдеріс те өзінше ерекше болып табылады. Осыған байланысты инновациялық үдерістердің қасиеттерін төмендегідей жіктеуге болады: инновациялық үдерісті бизнес үдерістен ерекшелейтін инновациялық үдерістің жалпы белгілері болады; нақты компанияның қызмет ететін шарттармен айқындалатын ерекшеліктері болады; ерекше болып табылатын нақты инновациямен айқындалатын ерекше қасиеттер болады. Коммерциялық жаңа өнімді өндіріске енгізуге кері әсерін тигізетін факторлар мен себептерді айқындау үшін инновациялық үдерісті жүйеге және ішкі жүйелерге бөлу өте маңызды. Білім алу, инновацияны дайындау және пайдалану уақытты қажет етеді және белгілі бір тәртіппен, шектеулі кезеңмен орындалады. Жалпы алғанда инновациялық үдеріс деп идеяның өріс және қолданбалы зерттеулер тәжірибе конструкторлық және қолданбалы зерттеулер, тәжірибе конструкторлық және технологиялық өңдеулер, маркетинг, өндіру және сату кезеңдерінен өте келе біртіндеп коммерциялық өнімге айналу үдерісін айтамыз. Басқаша айтқанда, инновациялық үдеріс инновациясын құру, игеру және таратумен байланысты. Инновациялық үдерістің үш түрі болады, олар төмендегідей: Қарапайым ұйымішілік ( табиғи ) Қарапайым ұйымаралық ( тауарлық) Кеңейтілген. Қарапайым ұйым ішілік инновациялық үдеріс жаңалықтың қалыптасуы мен пайдаға асырылуы бір ұйым ішінде жүргізілуін білдіреді, бұл жағдайда жаңалық тікелей тауарлық қалыпқа енбейді. Қарапайым ұйымаралық инновациялық үдерісте жаңалық сатып алу - сату бұйымы болып есептеледі. Инновациялық үдерістің бұл түрі жаңалықты іске асырушыфункциясы тұтынушы функциясынан бөлек екендігін көрсетеді. Кеңейтілген инновациялық үдеріс жаңалықты жаңадан шығарушылар жасауымен, өндірушілердің монополиясын бұзудан көрініс табуы, шығарылатын өнімнің тұтынушылық қасиеттерін өзара бәсекелестік арқылы жетілдіруге жағдай туғызады. Тауарлық инновациялық үдеріс жағдайында жаңалықты өндіруші (жасаушы) және тұтынушы (пайдаланушы) кем дегенде екі шаруашылық субъект қызмет етеді. Егер жаңалық технологиялық үдеріс болып табылса, оны өндіруші мен тұтынушы бір шаруашылық субъектісі түрінде болады. Инвестициялық іс-әрекетті жандандыру шаралары жобаларды іске асыру кезеңінде қатерлердің жеке және мемлекеттік секторлар арасында тең бөлінуін есекеру керек және еш уақытта негізгі қорларды жаңарту және өндірісті инновациялық даму жолына аударуды ынталандыруды төмендетпеу керек. Қалыптасқан жағдайда Қазақстан Республикасында жаңа индустриалдық саясат – ғылыми жетістіктер негізінде, бәсекелестік қабілеті жоғары өнім өндіруді ынталандыру арқылы өндірістің салалық құрылымындағы өзгерістерді жеделдетуге бағытталған шаралар кешенін - құру қажеттілігі бар. Осы анықтамаға сәйкес, индустриалдық саясатқа дайындық нарық және шаруашылық субъектілері арасында бәсекелестіктің дамуы жағдайында өндірістік секторды мемлекеттік басқарудың негізгі жолдары мен принциптерін анықтаудан басталуы керек. Қазіргі кезеңдегі экономика индустриалдық дәуірден ақпараттық дәуірге қадам басты, ал ақпарат саны мен жаңа білім саны әр сегіз ай сайын екі есеге өседі. Ақпараттық қоғамда экономиканың алға жылжуы және дамуы инновацияларсыз мүмкін болмағандықтан бағадарламаның атына, оның негізгі бағытын айқындау үшін, «инновациялық» деген ұғым енгізілді. Құжаттың маңызы мен ұзақ мерзімдік сипатын көрсету үшін оған мемлекеттік статус беру ұсынылды. Сонымен қатар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» жолдауында бір аз мәселелер қаралған. Жаңалық пен ғылымды, технологияны, техниканы өндіріспен тығыз байланыстыру мақсатында Қазақстанда «Индустриалды-инновациялық даму» бағыты көзделген. Бүгінде біз үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған алып мемлекетке айналудамыз. Мемлекеттің бәсекеге қабілетін көрсететін басты көрсеткіш – оның экономикасы. Экономиканың бәсекеге қабілетті болудың басты бағыты бұл индустриалды-инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыта отырып, инновациялық үдерістерге бет бұру . Елбасымыз «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы жолдауында еліміз мүмкіндігінше тез осы жүйеге көшу керектігін атап өтеді. Сонымен қатар, «Қазақстан – 2050: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты стратегиясында сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау керектігін де айтқан болатын. Президентіміздің жемісті еңбегінің арқасында еліміз дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылды. Бүгінгі таңда Қазақстан күрделі экономикалық және саяси міндеттерді табысты шешуде басқа елдерге үлгі болатын деңгейге көтерілді. Ендігі уақытта Қазақстанның бәсекеге қабілетті 30 елдің көшбасшылығына ұмтылуы заңды құбылыс. Өйткені, еліміздің экономикалық әлеуеті мен қоғамдағы саяси тұрақтылық, демократияның дамуы оған мүмкіндік беріп отыр.
|
|||
|