|
|||
Экология жәнеЖердің болашағы»Стр 1 из 3Следующая ⇒ «Экология жәнеЖердің болашағы» Республикалық қашықтық эссе байқауын өткізу туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпыережелер 1.1. Осы Ереже «Экология және Жердіңболашағы» республикалық қашықтықтан эссе байқауын (бұданәрі – Байқау) өткізу және оның қорытындыларын шығару тәртібін белгілейді. 1.2. Байқауды Қазақстан Республикасы БҒМ қолдауымен «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы өткізеді.
2. Байқаудыңмақсаттары 2.1. жасұрпақтыңназарын экология мәселелерінеаудару; 2.2. экологиялық идеялар мен іске асырылатын бағдарламаларды танымал ету, экологиялық сауаттылық деңгейін арттыру; 2.3. оқушыларды жалпы адамзаттық рухани-адамгершілік құндылықтарға, әлемге, табиғатқа, экологияға және қоршаған ортаны сақтауға ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
3. Қатысушылар 3.1. Байқауға қатысу тегін негізде жүзеге асырылады. 3.2. Байқауға жалпы білім беретін мектептердің 5-9 сынып оқушылары қатысады. 3.3. Байқауға жеке орындалған жұмыстар қабылданады. 3.4. Бір қатысушы байқауға бір жұмыс ұсынады. 4. Байқау жұмысы мазмұнына қойылатын талаптар 4.1. Жұмыс эссе жанрына сәйкес келуі керек, онда қатысушы ұсынылған тақырыпқа өз көзқарасын білдіріп, оны негіздеуге тырысады, әлеуметтік дамудың қазіргі тенденцияларына сүйене отырып, сонымен қатар әлеуметтік немесе жеке тәжірибеден алынған фактілерге жүгінеді. 4.2. Байқауға қатысушыға берілген тақырыптардың бірі бойынша эссе жазу қажет. - «Экология және адам денсаулығы»; - «Экология және қоршаған орта»; - «Менің қаламның экология мәселелері». 4.3. Эссе толық немесе ішінара плагиат элементтерін қамтымайтын авторлық өнім ретінде беріледі. 4.4. Пайдаланылған әдебиеттерге дәйексөз келтіру дереккөздердің барлық шығыс деректерімен (автор, жұмыстың атауы, басылым қаласы, баспа (мерзімді басылым), шыққан жылы (шығарылым нөмірі), беттер) сілтемелер түрінде ресімделеді.
|
|||
|