Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Криминалистика»пәні бойынша



 «Криминалистика»пәні бойынша

магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

(2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

М079 - Сот сараптамасы

Шифр   білім беру бағдармалар тобы

3. Тест мазмұны:«Криминалистика» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған

Тақырыптың мазмұны Қиындық деңгейі Тапсыр малар саны
Криминалистиканың жалпы ережелері Криминалистиканың пәні, жүйесі және міндеттері Криминалистикалық сәйкестендіру. 2А, 2В, 2С
Криминалистикалық техника Сот фотографиясы. Трасология. Сот баллистикасы. Құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеу. Қолжазуды криминалистикалық зерттеу. Адамды сыртқы бейнесі бойынша теңдестіру. 6B, 2C
Криминалистикалық тактика және әдістеме Тактикалық тәсілдер, олардың қасиеттері және іске жіберілу шегі. Тергеуді ұйымдастыру және жоспарлау. Криминалистикалық болжаулар мен модельдеу туралы ілім. Қылмысты ашу мен тергеудегі тергеушінің басқа да процесске қатысушылармен ара-қатынасы. Оқиға болған жерді қарап тексерудің тактикасы. Тергеу экспериментінің тактикасы. Тінту мен алу тактикасы. Жауап алу мен беттестіру тактикасы. Адам өлдіруді тергеу. Зорлауды тергеу. Ұрлықты тергеу. Жол қауіпсіздігі ережелерін бұзу қылмыстық құқық бұзушылықты тергеу. 7A, 4B, 5C

Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны

 

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Криминалистика қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеудегі криминалистикалық ақпараттар мен олардың қайнар көздерін табу, зерттеу, бекіту, алу және қолданудағы заңдылықтарын зерттейді.

5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманы орындау уақыты – 2 минут
Тест орындалуының жалпы уақыты – 60 минут

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 30 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

- жеңіл (A) – 9 тапсырма (30%);

- орташа (B) – 12 тапсырма (40%);

- қиын (C) – 9 тапсырма (30%).

7. Тапсырмаформасы:

Тест тапсырмалары жабық формада беріледі. Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір жауапты таңдау керек.

8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін студентке 1 балл береді, одан басқа жағдайда - 0 балл беріледі.

9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Криминалистика: учебник /под ред. Яблокова Н.П. 4 изд. перераб и доп. - М. 2014 – 752 с.

2. Аверьянова Т. В., Белкин Р. С., Корухов Ю. Г., Российская Е. Р. Криминалистика. Учебник для вузов. Под ред. Заслуженного деятеля науки Российской Федерации, профессора Р. С. Белкина. - М.: Издательство НОРМА (Издательская группа НОРМА-ИНФРА • М) — 990 с.//http:// vuzirossii. ru/index/uchebnik_dlja_vuzov_kriminalistika_averjanova_t_v_belkin_r_s_korukhov_ju_g_rossijskaja_e_r/0-4

3.Ищенко Е. Криминалистика в вопросах и ответах. Учебное пособие. OZON.RU? 2017. - 304 c.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.