|
|||
арым-қатынастың формаларыСтр 1 из 2Следующая ⇒
Жоспар: 1.Қарым-қатынас және оның қызметтері 2.Тұлғааралық қарым-қатынас түрлері 3.Қарым-қатынас барысындағы ақпарат алмасу деңгейлері 4.Әлеуметтік перцепуил туралы түсінік 5. Психодиагностикадағы тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеу әдістері,әдістеме 6.Қорытынды Қарым-қатынас және оның қызметі. Қарым-қатынастың формалары Тікелей қарым-қатынас-табиғи бетпе-бет сөздік және бейсөздік (ым,қимыл)құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт,кері байланыс бір мезгілде өтеді.Бұл-адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы. Жанама қарым-қатынас-қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын,не кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялық контакт. Тұлғааралық қарым-қатынас-екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактылары.Тұлғааралық қарым-қатынастың белгілері:қатысушылардың психологиялық жақындығы,бір-бірінің ерекшеліктерін білуі,бірге күйзелуі,өзара түсінушілігі,ортақ қызметтестігі. Бұқаралық қарым-қатынас-бейтаныс адамдардың тікелей не жанама контактылары.Мысалы:театрда,шеру-бұқаралық кездесулерде орын алатын қарым-қатынас. Персонааралық қарым-қатынас-ортақ іс-әрекет үрдісінде және қасиеттерін ашатын белгілі тұлғалардың психологиялық контакттары(чемпиондар, ғарышкерлер,президенттер). Рөлдік қарым-қатынас-белгілі әлеуметтік рөлдерді орындаушылардың психологиялық контактылары.Мысалы,оқушы-оқытушы,әке-бала,көрші-көрші,сатушы-алушы,дәрігер-науқас,бастық-бағынушы.Осы қарым-қатынастың барысында адамдар өзі және басқалар үшін өзіндік психологиялық ерекшеліктерді ашады,көрсетеді,түсінеді.Адамның психологиялық қасиеттері қарым-қатынас нәтижесінде пайда болады,дамиды,өзгереді.Басқалармен қарым-қатынас жасағанда адами қоғамдық ережелерді,нұсқаларды,ережелерді,білім мен іс-әрекет тәсілдерін, жалпы әлеуметтік тәжірибені өз бойына сіңірген адам қарым-қатынас нәтижесінде жеке тұлға болып қалыптасады. Қарым-қатынастың қызметтері: 1.Байланыстыру, прагматикалық қызметі 2.Қалыптастыру,дамыту қызметі 3.Растау қызметі 4.Тұлғааралық эмоцияның қатынастарды ұйымдастыру мен іріктеу қызметі 5.Тұлға ішілік қызмет Сонымен,біз қарым-қатынастың түрлерін,қызметтерін қарастырдық.Қарым-қатынас психологиясында көбірек зерттелетін дәстүрлі мәселе-тұлғааралық қарым-қатынас. 2.Тұлғааралық қарым-қатынастың түрлері Мақсатына қарай:қарым-қатынас психологиясы тұлғааралық қарым-қатынастың 3 түрін ажырады,императив(бұйрық),манипуляция,диалог(қос сөз,қос үн). Императивтік немесе әміршіл қарым-қатынас-өз қарым-қатынастың серігінің тәртібі мен іс-әрекетіне бақылау жасау мақсатындағы әсер етудің автаритарлық,дерективтік функциясы.Қарым-қатынас патнері тек әсер ету нысанасы ,пассив ретінде қарастырылуда.Императивтің ерекшелігі,партнерді бағындыру жөніндегі негізгі мақсатының жасырынбай айқын көрініп тұратындығында.Әсер етудің құралдары ретінде,бұйрық,талап,әмір,тыйым салу,нұсқау пайдаланылады. Манипуляция,алдап-арбау қарым-қатынасы-бұл қарым-қатынас партнерін өзінің жасырын ниетіне бағындыруды көздеген іс-әрекет.Өз мақсатына жету үшін манипулятор қарым-қатынас партнерін нысана ретінде қарастырады. Императив пен манипуляцианың ұқсастығы екеуінің мақсаты бірдейлігінде:яғни,қатынас серігінің ойы мен бойын билеу,бақылау.Ал ерекшелігі:манипулясияның стилде шынайы,мақсат жарияланбайды, жасырылады.Алдап-арбау қарым-қатынастың қоғамдағы ресми орны-бизнес,сауда-саттық,іскерлік насихат,оқыту болып табылады.Бұл түрден қарым-қатынастың демеу берушісі жаршысы Дейл Корнеги,ал манипулясияға қарсы шыққан ғалым Э.Шорстон «Анти-Корнеги кітабын шығарды. Диалог қарым-қатынасы.Бұл-тең құқықтық субьектілердің арақатынасы,қарым-қатынастың мақсаты-өзін-өзі және өзгені тану,білу,дамыту.Бұл қарым-қатынастың айырмашылығы-эгоцентризмнен өзіндік ұстанымнан альтуризмге,өзгеге бағынуға бағытталған ұстанымға келу. Қарым-қатынас-өте күрделі феномен.Оның әртүрлілігі көптеген функцияларына тәуелді,ал көп қызметтілілігі жеке адам мен қоғам өміріндегі орны мен мағынасына байланысты. Қарым-қатынастың ішкі құрылымы да өте күрделі,оны шартты түрде 3 түрге бөлуге болады:коммуникация,перцепсия,интеракция. Коммуникация-арақатынас партнерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді ,сезімді беру мен қабылдау үрдісі. Интеракция-тұлғааралық қимыл ұйымдастыру,қатысушылардың өзара қозғалыс пен әрекет алмасуы. Перцепция-адамдардың бірін-бірі тануы мен тәрбиеленуі негізінде құралатын белгілі тұлғааралық қатынастары. 3.Қарым-қатынас барысындағы ақпарат алмасу деңгейлері Тұлғаарлық коммуникацияның бір ерекше сипаты оның екідеңгейлі құрылымы.Қарым-қатынас барысында ақпарат алмасу сөздік және бейсөздік деңгейлер де өткізіледі. Сөздік деңгейінде ақпарат алысудың негізгі құралы-сөз,тіл болса,бейсөздік деңгейде сөзден басқа коммуникация белгілері қызмет көрсетеді. Бейсөздік тәсілдер адамның эмоциялық редакцияларының айнасы ретінде оның қарым-қатынас барысындағы көңіл-күйін түсінуге жәрдемдеседі. Бейсөздік құрамдарға оптикалық-кинестикалық,пара және экстралингвистикалық прокцемикалдық,титулдық жүйелер жатады. Акустикалық жүйеге паралингвистикалық және экстралингвистикалық түрлері жатады: Экстралингвистикалық-бұл дауыстың өзі емес,оның айналасындағы құбылыстар:сөйлескендегі жөтел,күлкі,пауза,жылау т.б. Паралингвистикалық-бұл коммуникатор даусының сапасы:тембрі,ырғағы,қаттылығы,жылдамдығы,интонациясы,логикалық екпіні.
|
|||
|