Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: «Жеке адам аралық қатынастардың психологиясы»



 

 

                  Реферат

              Тақырыбы: «Жеке адам аралық            қатынастардың психологиясы»

        

                             Орындаған: Темирбекова Арайлым

                             Тобы: ҚТӘ 111

                              Тексерген: Ахмедиева Кулмария Нуртаевна

Жоспар:

Кіріспе

«Жеке адам аралық қатынастардың психологиясы»

Негізгі бөлім

1. Г.М.Андреева бойынша қарым-қатынастың құрылымы.

 

2.Қарым-қатынастың қызметі  (Б.Ф.Ломов бойынша)

 

Қорытынды

 

1.Педагогикалық қарым-қатынастың рөлі мен қызметі.

 

2. Басқару стилдерімен өзара әрекеттестігі.

 

Кіріспе

«Жеке адам аралық қатынастардың психологиясы»

Адам аралық қатынас дегенiмiз – қарапайым да күрделi проблемма. Күнделiктi тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкiн емес.Адам арасындағы қатынастардың түрi келесiдей: жеке және қызметтiк, дара және топтық, тең құқықты және тәуелдi, қарама-қарсылықты және дау-дамайлы. Жеке қатынастар екi адам арасындағы сүйiспеншiлiк пен жеккөрушiлiктен, сыйластық пен араздықтан, сенiм мен күдiктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы орны мен мiндетiне тәуелдi емес. Мысалы, бала өз ата-анасын сыйлауы да, жеккөруi де мүмкiн; өз қызметiн ойдағыдай атқарып жүрген мұғалiм бiр шәкiртiне үлкен сүйiспеншiлiк танытса, екiншiсiн көргiсi келмейдi.Қызметтiк қатынастар топ не мекеме мүшелерi арасында олардың сол топтағы құқы не мiндеттерiне орай қалыптасады.Егер ара қатынастар әрбiр адамның меншiктi қажеттерi сипатында қаралса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынастар тұстай жүйелiкке сүйенiп, екi, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретiнде қабылданса, топтық қатынастар деп аталады.Тең құқықты қатынастар – қатынастар мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi теңгерiлген жерде, ал тәуелдi қатынастар құқықтары мен мiндеттерi бiрдей болмаған жағдайда қалыптасады.Адамдар арасында қарама-қарсылық болмай, өзара терең сыйластық жайлаған ортада үйлесiмдi қатынастар нышан бередi.Топ iшiнде кейбiр тұлғалардың ұнамды ниеттерi екiншi бiреулердiң келеңсiз ниеттерiмен тоғысқан шақтарда қарама-қарсылықты қатынастар бой тiктейдi.Адамдардың бiр-бiрiне деген өшпендiлiгi болған жерде дау-дамайлы, жанжалды қатынастар өрбидi.Адамдар арасындағы, тiптi кейде бiр тұлғаның да бойынан көрiнетiн адамдық қатынастар түрi мiне осындай. Бұл қатынастардың бәрi өмiрде адамдардың бiр-бiрiне беретiн бағалары мен мiнездемелерiнде, әр адамның басқаға бағытталған iс-әрекет, қылығында, өзара байланысқан ойы мен сезiмiнде көрiнiс бередi.Тұрақты да келелi қатынастар жүйесi қалыптаспаған ортада адамның өрелi өмiр сүруi өте қиын, себебi әрбiр жеке адамның да, топ мен ұжымның да қоғамдағы болмысын осы қатынастар айқындайды. Балалық шақта орныққан адам аралық қатынастарға орай адам азаматтық қасиеттерiн тiктейдi. Ересекткрiң төңiрегiндегiлермен қатынасын сол ортаның көңiл-күйi айқындалып, алға қойған мұрат-мақсаттардың сәттi орындалуы не кедергiге ұшырауы мүмкiн.Адам аралық қатынастардан туындайтын ең қиын да қолайсыз құбылыс – бұл остракизм, қоғамнан алыстау, яғни кейбiр адамдардың көпшiлiк арасында сиымсыздығынан ұжымдық қатынастан шеткерiлеп қалуы. Мұндай адамдар көпшiлiктiң жек көрушiлiгiне тап болып, назардан тыс қалады, елеңбейдi. Осыдан өзi қатарларынан оң қатынас таба алмай, ақырында адамгершiлiк қасиеттерiнен айырылып, қауымдық өмiр тiршiлiгiнен айрылғандар да кездеседi.Адам аралық қатынастардың ерекшелiгi олардың эмоционалды болуында. Адам өзi тектеспен араласа отырып, бiр-бiрiне болған айрықша сезiмдер мен ықыластарға кезiгедi. Жеке аралық қатынастар, әдетте, субъектив сипатта болып, әр адамның шын мәнiндегi тұлғалық оң не терiс қасиеттерiне сай келе бермейдi. Олар әрқашан адамның көңiл-күйiне байланысты, бiр адамның екiншiсiне деген сезiм толғанысының ауысуымен өзгерiске келiп тұрады. Көңiл-күйдiң бiр сәттiк болуынан, жеке қатынастар құбылмалы болып келедi: бүгiнгi тәп-тәуiр сыйлы қатынас күн өтпей-ақ керi сипатқа енуi баршаға аян құбылыс.Қызметтiк қатынастар жеке қатынастарға қарағанда бiршама тұрақты, олар, әдетте, көңiл-күйге байланысты өзгере бермейдi. Мұндай қатынастардың әрбiр тұлғаның көңiл-күйiне бағына бермейтiндiгiнен, оларды ресми қатынастар деп те атайды, яғни мұндай өзара байланыстар қатынасқа түскен адамдардың әрқайсысының жеке ерекшелiктерi мен психалогиялық кейпiне тәуелдi болмауы қажет.Бiрақ өмiрде жеке және қызметтiк қатынастар өзара кiрiге байланысқан, сондықтан оларды нақты айырып, таза күйiнде қарастыру мүмкiн емес. Бiрiншiден, әр адам өзiнiң даралығымен қызметтiк қатынастарға әрқашан ерекше мән мен сән берiп отырады; екiншiден, әрқандай тұлға нақты қатынастарға өзiнiң жеке ниет, ой, толғаныс және сезiмдерiмен кiрiседi, ал бұлардың бәрi адамның басқалармен болған қызметтiк қатынасына әсерiн тигiзбей қоймайды.Қарама-қарсылықты қатынастар негiзiнде толық үйлесiм болмағанымен, оған қатысқан адамдар бiр-бiрiнiң әрекетi мен ниетiн түгелдей шектемейдi. Бiрде келiссе, бiрде қарсы тұрып, алға қойған мақсатқа жетуi жолында қажеттi қатынасын үзбейдi. Қатынас түгелдей елемеу мен дау-дамайға бармайды.Кейде екi адам бiр ортада бола тұрып, бiр-бiрiне деген ыстық та, суық та шырай сезiнбейдi, яғни өзара қатынас жасауға ешқандай қажеттiлiк таппайды, мұндайда олар арасындағы қтынас бейтараптық сипат алады.

Қоғамдық-әлеуметтiк жағдайларға байланысты бiр ортаға түсiп қалған адамдардың бiрi екiншiсiнен өзiн алшақ ұстау қажеттiгi де туытдап қалады. Мұндай кезде адамдар бiр-бiрiне тiкелей жек көрушiлiк танытып, арадағы мәселе бойынша ешбiр келiсiм мүмкiндiгiн таба алмайды да, iздемейдi де. Мұның бәрi ортадағы жанжалды қатынастың ушығуынан.Адамдар арасындағы және бiр ерекше қатынас түрi – бұл екi ұшты, амбиваленттi қатынастар. Мұндай ара байланыстың себебi бiр адамдағы екiншiге деген өзара тiкелей қарсы екi бiрдей эмоцияның: жек көрушiлiк пен құрметтiң қосарлана жүруi. Осыдан мұндай қатынастағы адамдар өздерiнiң көңiл төркiнiнде жатқан ниеттерiнiң нендей жағдайда екенiн айырып алуында бiраз қиналады.Адамдар аралық қатынастар негiзiнде адамдардың бiрiмен-бiрi өзара әрекетке, тiлдесуге болған өмiрлiк қажеттiлiгi жатыр. Тұрмыстық не қоғамдық қажетсiнуден бiрiн-бiрi керексiнген адамдар өзара қатынасқа келiп, ал ол болмаса бiр-бiрiнен бейтарап қалады. өмiрлiк маңызды қажеттiлiктерi бола тұрып, оларды қанағаттандыруда кедергiлiк ететiн қалыптар да болады. Бұл жағдайда да қатынастар үзiлмейдi, бiрақ мұндағы қатынастар өшпендiлiк не жек көрушiлiкпен ұштасады.Адамдар қажетсiнулерiнiң арасында өз мәнi бойынша iзгi адамгершiлiк сипатты байланыстар да болады. Мұндайды психалогияда альтруистiк қатынас деп атайды. Альтруист адамдардың барынша ойы, iс-әрекетi әрдайым тек жақсылыққа, қай жағдайда да жәрдем етуге бағышталады.Адамдар арасындағы үйлесiмдi қатынастар сирек кездеседi, сондықтан мұндай қатынастарды адамдардың мәңгi арман еткен мұраты ретiнде қарастырған жөн. Бұл қатынастар типiне тұрмыста кезiгетiн “сүйiспеншiлiк” қатынасты жатқызуға болады. Егер бiр адамның екiншiсiне психалогиялық тартымы болса, бiрiн-бiрi адамгершiлiк сезiммен қабылдаса, екiншi адамға қолынан келген жақсылығын аямаса, мiне мұндай қатынасты – үйлесiмдi қатынас деп бағалау әбден жарасымды.Адамдар аралық қатынастар сипатына ықпал етушi факторлардың бiрi психалогиялық үйлестiк (үйлесiмсiздiк). Көп жағдайда адамдар өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн бiрiн-бiрi керек етедi, бiрақ, көзқарас, ниеттерiндегi болмашы айырмашылықтардан өзара қатынастарын қалыпқа түсiре алмайды. Мұндай толық психалогиялық үйлесiм таба алмаған жандар арасында бiршама ұнамды қызметтiк қатынастар болғанымен, уақыт өтумен бiрте-бiрте өрiм түскен арақатынастағы жеке психалогиялық үйлеспеушiлiк олардың ресми байланыстарының кедергiсiне айналады.

Адамдар арасындағы қатынастардың өзгеруiне мүмкiн болар себеп – бұл нақты адамдар қатынастарының туындап, дамитын әлеуметтiк-психалогиялық орта сипатының ауысуы. Екi немесе одан да көп адамдар бiрiн-бiрi өте қажетсiнедi, орталарында толық психалогиялық үйлестiк болған, бiрақ кенеттен өзгерген әлеуметтiк-саяси жағдай оларды әртүрлi партиялар мен ағымдарға енуiнен екi жiкке бөлiп тастайды. Мұндай жағдай жастарда кездесiп тұрады: өзара келiсiмдi жас жұбайлардың өмiрi кенет олармен психалогиялық үйлесiм таппаған жақын туысқандарының ықпалынан құрдымға кетедi. Мейлi, бұл жас жұбайлар арасындағы қатынас кейiн ресми бекiгенiмен, тату-тәттi туысқандық қатынастар арасындағыдай шапағатты жалғасын табу қиын.Адамдар қатынасының орнығуы немесе өзгеруiне және бiр себепшi фактор – бұл адамдардың жас деңгейi. өмiр бойы топтаған тұрмыс-әлеуметтiк тәжiрибе адамға, оның төңiрегiндегi жандарға, болып жатқан оқиғаларға әсерiн тигiзбей қоймайды. Жас деңгейi әртүрлi адамдардыңбiр оқиғаға болған бағасы бiрiнен-бiрi алшақ болуы әбден ықтимал, жастық айырма неғұрлым үлкен болса, психалогиялық келiспеушiлiк те соншама болады. Мысалы, жастардың киiмi, өнер талғамы үлкендерге ұнай бермейтiндiгiне бәрiмiз де куәмiз. Бұл жағдай әулеттер арасындағы қатынастардың мән-мағынасына өз әсерiн бiлдiрмей қоймайды.Ал осы төңiрегiндегiлермен болған өз қатынасының сипатын адам өзi сезе ала ма, не сезбей ме? Бұл сұраққа жауап бiрнеше жағдайларға тiреледi. Бiрiншiден, бұл нақты адамның ой-өрiс (сана-сезiм) даму деңгейiне байланысты. Ақыл-есi бiршама жетiлген адамдар өздерiнiң төңiрегiндегiлермен қатынасын жақсы түсiнiп, дұрыс қабылдайды. Адам аралық қатынастарды орынды сезiну және бағалау жоғары дамыған рефлекстiк қабiлеттi керек етедi (қоршаған ортадан келiп түскен ақпараттық сигналдарды жан-жақты мәндiк байланысымен қабылдап, жауап бере алу).Екiншiден, бұл адамның жасына тәуелдi. Егделер балаларға қарағанда өзара қатынасты дәлiрек пайымдайды, ұнамды не бiржақты келеңсiз қатынастарды оңай бағалап, бейтарап қатынасты да отынды сезiнедi. өмiрде екiұшты немесе амбиваленттiк және өз iшiне ұнамды да, жағымсыз да сипаттарды бiрдей қамтыған қарама-қарсылықты қатынастарды бағалау күрделiрек келедi.Адамдар арасындағы қатынастар сол қатынастардың нақты адам өмiрiндегi маңызына қарай да бағаланады. Қарым-қатынас адам үшiн неғұрлым маңызды болса, оның бағалауында соғұрлым дәлсiздiктер жiберiлуi мүмкiн. өзiнiң төңiрегiндегiлермен байланысына аса үлкен мән берген адамдар, арақатынастарының ұнамды тараптарын асыра мақтауға бейiм келедi. Керiсiнше, кiмде кiммен ұнамсыз қатынаста болса, аам ондайда қарсыласын түбiн түсiре жамандауға ниеттенедi де тұрады.Әрқилы адамдардың өзара қатынастарын тануда көптеген жеке дара ерекшелiктер бар. Кейбiр ой-сезiмi толысқан, парасатты адамдар өзара қатынастарды жан-жақты пайымдаумен, дұрыс қабылдауға қабiлеттi, екiншi бiреулердiң жалпы оң пiкiр айтуға өрiсi жетпейдi, ал үшiншiлер төңiрегiндегiлердiң өзiне деген бағасын бiрде дұрыс түсiнсе, бiрде оған сана-сезiмi жетпей қалады.Адам аралық қатынастар толық қалыптасып, орныққаннан былай бiркелкi тұрақты қалыпқа келедi. Егер де қатынастарға тән осы қасиет болмағанда, адамзаттық қауымдар: мемлекет, мекеме және топтар түзiлмес едi. Себебi қауымдық бiрлестiктердiң негiзi жалпы адамдардың өзара қатынасының тұрақтылығымен бiртектi болжамға келуiнде. Ал жеке тұлғалар арасындағы өзара байланыстар тұрақтылық дәрежесiнiң бiршама кемдiгiмен ерекшелiнедi.Үлкен әлеуметтiк топтардағы қызметтiк, ресми қатынастар өзiнiң күштi мызғымастығымен байқалады, кiшi топтағы байланыстар да бiршама осындай. Iрiлi-кiшiлi қауымдастықтардағы қарым-қатынастар көптеген өмiрлiк маңызы зор факторларға тәуелдi, сондықтан адамдар мұндай жағдайдағы қатынастарды өзгерте бергендi онша құптамайды. Егер күнара субъектердiң ниетiне орай төңкерiстер бола берсе, қоғам аласапыраны таусылмай кетерi баршаға аян.Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастар өте нәзiк те үзiлгiш келедi, себебi нақты тұлғалар арасындағы қатынастар сол қатынас иелерiнiң құбылмалы көңiл күйiне тәуелдi. Уақыттың өтуiмен, жастың егде тартуымен рарлық қатынастар тұрақтала түседi, балалық пен жас өспiрiм шақтағы адамдар арасындағы бұрқасым жол таңдау бұл кезде сабасына келе бастайды, адамның iшкi дүниесi сабыр тауып, кездейсоқ қатынас, байланыстарға құлай түспей, өз қалауын таңдай алу қабiлетiне жетедi. Қатынастардың тұрақталуының және бiр жөнi адамдар бiрiн-бiрi жете танып, бiрiнiң қылығына екiншiсi көнiгiп, өзара үйлесiмге бейiмделуi.Адамдардың алғашқы танысуынан олар арасындағы бұдан былайғы қатынастардың қай сипатта боларын аңғара салу өте қиын. Көп жағдайда, тым жақсы басталған таныстық қапелiмде үзiледi, ал кейде тiптi басқаша да болады: алғашқысында әйтеуiр бiрдеңеден ұнатпай жүрген адамына бара-бара үлкен құрметпен қатынас көрсеткендер де аз емес. Мұндай жағдайларда адамдардың бiр-бiрiне алғашқы танысуда берген бағалары мен қабылдауына байланысты психалогиялық заңдылықтарға орай туындайды.

Негізгі бөлім

1.Г.М.Андреева бойынша қарым-қатынастың құрылымы.

Г.М.Андреева әртүрлі көзқарастарды біріктіре және жалпылай отырып,қарым-қатынастың кез келген формалары адамдардың біріккен іс-әрекеттерінің спецификалық формасы болып табылады, яғни адамдар әртүрлі қоғамдық қызметтерді орындау процесінде тек қарым-қатынас қанажасап қоймайды, олар әрқашанда сол жайында кейбір іс-әрекеттерменқарым-қатынаста болады дейді. Сондай-ақ қарым-қатынасты зерттеуде оның құрылымдық компоненттерін анықтау керек. Осыған байланысты зқерттеу барысында Г.М.Андрееваның қарым-қатынастың құрылымын талдау нәтижесіне жүгінеді. Ол қарым-қатынасты бір-бірімен өзара байланысты үш жағынан қарастырды:коммуникативтік, интерактивтік және перцептивтік.Қарым-қатынастың коммуникативті жағы немесе тар мағынадағыкоммуникация мәлімет беру – алмасу мәселесімен анықталады.Интерактивтік жағы қарым-қатынас жасаушы индивидтердің өзараәрекеттестігінің ұйымдасуымен қорытындыланады.Перцептивтік жағы адамдардың бірін-бірі қарым-қатынас арқылы қабылдауы мен тануы және осы өзара танымның негізінде қалыптасу процесін білдіреді.Ғалым бұлай жіктеп, бөлудің шартты екендігін, қарым-қатынас үрдісінде оның үш жағы да көрінетіндігін дәлелдеді. Психологиялық қарым – қатынас – адамдар арасында бірлескен іс – әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе , білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым – қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады. Сондай – ақ, қарым – қатынас болашақ маман тұлғасының қалыптасуының бірфакторы екені де белгілі. Ол студенттердің топтық іс – әрекеттінің реттеушісі және адамгершілік, эстетикалық құндылықтарды, мінез – құлықтың топтық нормаларын қалыптастыру құралы болып табылады. Сондықтанда жан – жақтан келіп, жаңа әлеуметтік ортаға бейімделудегі студенттердің оқыту – тәрбиелеу процесін тиімді ұйымдастыру үшін,олардың қарым – қатынастағы зейіндерінің деңгейлерін анықтау өзекті мәселелердің бірі.

Зерттеу мақсаты: Адамдардың қарым – қатынас арқылы бірін – бірі түсінуін психологиялық тұрғыдан қарастыру.

 

2.Қарым-қатынастың қызметі (Б.Ф.Ломов бойынша)

                                       

Педагогикалық қарым-қатынастың негізгі функцияларын анықтау үшін жалпылай қабылданған классификацияға сүйенгеніміз дұрыс болады. (И.А.Зимняя, А.А.Леонтьев). Педагогикалық қарым-қатынас функцияларын анықтау көбінесе оқытушының өз қызметінде алға қоятын мақсатына байланысты: а) оқу-тәрбие материалдарын білім алушының дара ерекшеліктеріне қарай іріктеу, құру және олардың жеке тұлғалық үлгісін жобалау секілді конструктивтік қабілеті; ә) білім алушыны әр түрлі оқу әрекетіне қатыстырып, ұжымда тұлғаның белсенділігін көтеру сынды ұйымдастырушылық қабілеті; б) білім алушылармен жақсы қарым-қатынаста болу, олардың даму деңгейіне, талабына сай болу секілді коммуникативтік қабілеті.

Психолог Б.Ф.Ломов қарым-қатынас функцияларын анықтауда оның қайнаркөзі қатысымдық болатынын көрсететін классификация ұсынады: ақпараттық-қатысымдық, регуляциялық-қатысымдық және аффектілік-қатысымдық. Психологтың пікірінше, бірігіп жасалған әрекетте риторикалық негізге сүйену ұйымдастырушылық және конструктивтік функциялардың да қатысымдық екенін көрсетеді. Ұйымдастырушылық функция нақты тілдесім, қарым-қатынас кезінде жүзеге асады, конструктивтік функция қатысымдық кезеңге дейін көрінеді, дегенмен, бұл кезеңде де материалды сұрыптау, жүйелеу, ұйымдастыру айтатын сөзіне (тақырыпқа), адресанттың (мұғалімнің) қатысымдық ниетіне және адресантқа (нақты сол сыныптың оқушыларына) арналған сөзіне қатысты болады.

 

Қорытынды

1.Педагогикалық қарым-қатынастың рөлі мен қызметі.

Балалармен педагогикалык, өзара әрекетте ұсақ – түйек жоқ — барлығы да: көзқарас, көз жанарының қозғалысы, дене қимылы т. б. жұмыс істейді. Өйткені біз жай қарым-қатынас емес, кәсіптік іскерлІкпен қарым-қатынас жасаймыз.

 

Көпшілік алдында сөйлеушіде байқалатын ең негізгі сезім түсініктері мынадай:

Әңгімені қалай бастауды білмеушілік.

Толық ұғынықты, әрі түсінікті айтып бере алмаймын-ау деген қобалжу.

Қарым-қатынас мақсатындағы еленбейтінөзгерістер.

Бұрын пайдаланылған қарым-қатынас амалдарын өзгерту қажеттігі жайлы түйсік.

Қарым-қатынас жүйесінде бір нәрсені өзгерту қажет деген түсінік, бірақ не екені — онша айқын еместік.

Жұрт алдында сөйлеуге дағдыланбағандық.

Бұрын табиғи болып келген дене қимылының, қозғалыстың, жалпы мінез-құлқынын, ерсілеу сияқты болып сезілуі.

Қарым-қатынастың өзгерген формадағы, мәнерлі атқару компоненттерін қажет етуі.

Өзіңді дұрыс түсінуі үшін жоспарланған информацияны неғүрлым сол қалпында жеткізуге талпынушылық.

Тыңдаушыны қызықтыруға тырысу.

Информацияны сұрыптауға, мазмұндауға және беру формасы жайында өзіне едәуір талап қоюдың пайда болуы.

 

 

2. Басқару стилдерімен өзара әрекеттестігі.

 

 

Кез келген өндірісте, сонымен қатар, мектепте де басқарушылар өндіріске қандай көңіл бөлсе, адамға да дәл сондай көңіл бөледі. Бұрын басқарушы негізінен өндіріске мән беретін. Бұл бәріне аян. Адам екінші кезекте тұратын. Огайо штатының университетінде американдық ғалымдар «басқару торын» ойлап тапты. Бұл тор бойынша, басқарудың түрі мен стилін анықтауға болады. Торды түзуші Р. Блейк пен Д. Мутон басқару түрлері мен стилдерін былай топтастырады:

1. Басқарушылар өндіріске де, адамдарға да аз мөлшерде мән береді. Бұл біріккен түрдегі басқару. Бұл жерде қажетті өндірістік нәтижелер болмайды. Мұндай өндірісте адамның жұмыс істеуі ұзаққа созылмайды.

2. Басқарушының бар назары - адамдарда. Авторлар басқарудың мұндай түрін - «қала сыртындағы клуб» деп атайды.Яғни адамдарға жағдай жоғарғы деңгейде жасалады да, ал өндіріске аз мөлшерде мән беріледі.

3. Басқарудың келесі түрі «билік - бағыну». Мұнда өкінішке орай адами аспектілер кездеспейді.

4. Ұйымдастырылған басқару - басқарушы тапсырмаларының орындалуының тиімді сапасын қолданады. Мұнда өндірістің табыстары белгілі тепе-теңдікті сақтайды. Және ұжым жақсы көңіл күйде болады.

5. Басқарушы өндіріске де, қол астындағыларға да жоғарғы деңгейде көңіл бөледі. Блейк пен Мутонның пікірінше, әрбір басқарушы осы стильге ұмтылуы керек.

Басқару әдістерін өзгертуге және менеджментке көшуге бағыттау мақсатында мектеп басшыларымен жұмыс істеу барысында біз осы торды өзгеше пайдаландық. Блейк және Мутон торында екі күш бар. Біріншісі - өндіріске назар аудару, екіншісі - адамдарга көңіл бөлу. Біз осы екі күшті торға салып, мынадай нәтижеге қол жеткіздік:

- Егер де басқарушы адамдарға жоғаргы деңгейде көңіл бөле отырып, өндірісті де назарынан тыс қалдырмаса, онда ол жақсы табысқа қол жеткізеді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.