Шифр -білім беру бағдармалар тобы
3. Тест мазмұны: Тестіге «Химия» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.
№ | Тақырыптың мазмұны | Тапсыр малар саны | Қиындық деңгейі |
Атом құрылысы. Элементтердің периодтық жүйесі. | А-1 С-1 | ||
Химиялық байланыс. Молекулалардың құрылысы. | В-1 С-1 | ||
Химиялық үрдістердің жалпы заңдылылықтары: химиялық термодинамика, химиялық кинетика және тепе-теңдік | А-1 В-1 | ||
Ерітінділердегі химиялық үрдістер: ерітінділердің жалпы қасиеттері, электролит ерітінділері, тұздар гидролизі. | В-1 С-1 | ||
Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Электрохимиялық үрдістер. | В-1 С-1 | ||
Бейорганикалық қосылыстар. Комплексті қосылыстар. | А-1 В-1 | ||
Көмірсутектер: алкандар, алкендер, алкиндер; алкадиендер, арендер. | В-1 С-1 | ||
Оттек құрамды органикалық қосылыстар: гидроксиқосылыстар, оксоқосылыстар; карбон қышқылдары және олардың туындылары. | А-1 С-1 | ||
Азот құрамды органикалық қосылыстар: нитроқосы-лыстар, аминдер; азо- және диазоқосылыстар, аминоқышқылдар. | А-1 В-1 | ||
Биоорганикалық қосылыстар: липидтер,көмірсулар, ақуыздар. | А-1 В-1 | ||
Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны |
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:Тест тапсырмалары студенттердің химияның теориялық негіздері бойынша білімдерін анықтауға мүмкіндік береді.
5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут.
Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.
Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:
- жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);
- орташа (B) – 8 тапсырма (40%);
- қиын (C) – 6 тапсырма (30%).
7. Тапсырма формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
8. Тапсырманың орындалуын бағалау:
Түсуші тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда түсуші 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін түсушіге 0 балл беріледі. Түсуші дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.
9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия: Оқулық. - Алматы: ҚазМҰУ, 2011.
2. Құлажанов Қ.С., Сүлейменова М.Ш., Хамзина Ж.Б. Бейорганикалық химияның негіздері: Оқулық. - Алматы: Экономика, 2015.
3. Ибрашева Р.К. Органикалық химия: Оқу құралы. - Алматы: АТУ, 2014.
4. Бейсебеков М. Қ., Әбілов Ж.Ә. Органикалық химия: Оқулық. - Алматы: Қазақ ун-ті, 2012.
5. Бруис П.Ю. Органикалық химия негіздері. Оқулық. - Алматы: Экономика, 2014.
|
© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.
|
|