Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





КАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ



КАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ

КАЗАХСКАЯ АКАДЕМИЯ СПОРТА И ТУРИЗМА

THE KAZAKH ACADEMY OF SPORTS AND TOURISM

 

ТУРИЗМ ФАКУЛЬТЕТІ

Туризм және сервис кафедрасы

СИЛЛАБУС

 

пәні бойынша: «Халықаралық туризм географиясы»

мамандық бойынша:5В090200 «Туризм»

компоненттің атауы: МБ(міндетті компонент)

пәннің коды және шифры: HTG 3207

оқу түрі: күндізгі  

бағам: 3

семестр: 6

кредит саны:3

барлық сағат: 135

соның аудиториядағысы: 45

дәріс: 15

практикалық: -30

лабораториялық: -

СОӨЖ: -45

СӨЖ: - 45

Экзамен: 6 семестр

 

Алматы, 2015

Студенттерге арналған пән силлабусы

1. Пән туралы ақпарат

Халықаралық туризм географиясы

Пәннің коды   Кредит саны 3Курс 6 семестр

Туризм

5В090200 Туризм және сервис кафедрасы Туризм факультеті

Оқу түрі: күндізгі бөлім

 

Қазақша

Пәнді өткізу уақыты және орны: сабақ кестесі бойынша

Консультация уақыты - кесте бойынша

1 рейтинг –7 апта;

2 рейтинг- 15 апта;

Магистр, оқытушы Киргизбаева Б.М.

87472623687, 87777437843

 

 

Кафедра меңгерушісі:п.ғ.к.,доцент Имангулова Т.В.                

         

 

2. Пәннің қысқаша сипаттамасы.

ХХ ғасырдың ортасынан бастап туризм әлемдік экономиканың белсенді дамушы секторына айналып отыр. Бұл құбылыс көпшілік елдерге тән жалпы тенденциялармен, сондай-ақ өзгеше қырларымен сипаттала келе, туристік іс-әрекет дамуының кеңістіктік (географиялық) ерекшелігін айқындайды.

Туризм географиясы – туризм индустриясының аймақтық ұйымдастырылу ерекшелігін зерттейтін географияның бір саласы. Ол табиғи және мәдени қоршаған ортамен әрекеттесу барысында қарастырылады. Халықаралық туризм географиясы әлемдік экономикада қалыптасқан демалыс және туризм аудандарын кешенді түрде қарастыруға, олардың қалыптасуы мен дамуының аймақтық ерекшеліктерін және заңдылықтарын анықтауға бағытталған.

Мақсаты –Халықаралық туризм дамуының бірқалыпты еместігін және оның аумақтық (аймақтық, мемлекеттік) ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру.

Міндеттері:

- рекреациялық ресурстар сипатталады. Табиғат (табиғи рекреациялық ресурстар) немесе қоғам (мәдени-тарихи рекреациялық ресурстар) дамуының нәтижесі туристік іс-әрекеттің спецификалық түрлерінің қалыптасу негізіне жатып, демалыс аудандарының туристік мамандануын айқындайды,

- туризмнің негізгі түрлерінің орналастырылуы, оларды ұйымдастырудың технологиялық ерекшеліктерін қарастырады;

- туризм дамуының тарихи-әлеуметтік-экономикалық алғы шарттары, оның материалдық базасының аумақтық ұйымдастырылуы және әлемнің түрлі аймақтары мен елдеріндегі туристік саясат зерттеледі;

- туристік ағымдардың негізгі бағыттары, халықаралық туризмдегі кіріс пен шығыстың георграфиялық таралуы қарастырылады;

- туризмнің жекелеген елдердегі, аймақтық, тұтастай алғанда әлем экономикасындағы маңызы анықталады;

- алдыңғы қатардағы туристік елдер, ірі рекреациялық аудандар және әлемнің туристік рталықтары сипатталады.

   Студент білуі керек:

- рекреациялық ресурстардың құрылымын білуге, олардың аймақтық ерекшеліктерін айқындауға;

- туризмнің, адам іс-әрекетінің өзгеше түрі ретіндегі жалпы сипаттамасын білуге, оның дамуының негізгі тенденциялары жөнінде түсінік қалыптастыруға;

- туризм түрлері таралуының географиялық ерекшеліктерін және жіктелуін білуге;

- негізгі туристік аймақтардың, мемлекеттердің, орталықтардың сипаттамасын білуге;

Студент орындай алуы керек:

- мемлекеттің және аймақтың кешенді туристік сипаттамасын құрастыруды меңгеру;

- туристік ағымдар болжамдарын құрастыруды меңгеру;

- әлем елдері бойынша турлар мен маршруттарды құрастыру, олардың сипаттамасын және ұйымдастыру ерекшеліктерін меңгеру.

 

3. Пәннің пререквизиттері:

Курстың алдында оқылатын пәндер:

1.Мамандыққа кіріспе

2.Қазақстан географиясы

3.Туризм тарихы

4. Пәннің постреквизиттері:

Алған білімін қолданатын пәндер:

1.Гастрономиялық туризм

2.Туризм логистикасы



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.