Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары»



«Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары»

пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

(2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

М138 - Ветеринария

шифр      білім беру бағдармалар тобы

3. Тест мазмұны:  «Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары» пәні бойынша жұмыс оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.

 

Тақырыптың мазмұны Қиындық деңгейі Тапсыр малар саны
Инфекция, инфекциялық ауру. Иммунологиялық икемділік және иммунитет А В С
Індет процесі, оның қозғаушы күштері. Індет процесінің даму заңдылықтары және індеттің кезеңділігі А В С
Індет ошағы және жұқпалы аурулардың  табиғи ошақтануы. А В С
Індетке қарсы шаралар және індет ошағын жою А В С
Жұқпалы аурулар. Бірнеше түлікке ортақ аурулар. Күйістілердің аурулары. Жылқының аурулары. А В С

Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Инфекция, инфекциялық ауру. Нозологиялық балау. Инфекцияның түрлері және олардың індеттік маңызы. Инфекциялық ауру, микроб алып жүру және иммундеуші субинфекция. Микроорганизмдердің жұқпалы аурудың шығуындағы маңызы. Жұқпалы аурудың клиникалық түрлері мен біліну динамикасы. Микробтың жануар денесіне еніп таралуына байланысты инфекцияның түрлері.

Иммунитет және иммуногендік жүйелер. Жануар организмінің иммунологиялық икемділігі: антидене түзу, баяу және жедел типті сезімталдылық, иммунологиялық жады, иммунологиялық толеранттылық, идиотип-антиидиотип қатынасы және олардың практикалық маңыздылығы. Жұқпалы акурну кезіндегі туа біткен және пайда болған, белсенді және енжар, жасанды және табиғи иммунитет.

Індет процесі, оның қозғаушы күштері. Індеттанулық балау және мониторинг. Індет процесі – індеттанудың негізгі ұғымы. Инфекциялық процесс нақтылы бір жануардың организмінде болатын құбылыс болса, індет процесінің ауқымы одан анағұрлым кең. Соңғысы белгілі бір территорияда өтеді. Бұл жұқпалы аурудың жеке организмді зақымдауы емес, оның ауру малдан сау малға жұғып, тұтас бір территорияны жайлауы.  

Індет процесінің жеделілігі туралы ұғым: спорадия, эпизоотия, панзоотия.   Індеттің өрлеуі және оның негізгі кезеңдерінің сипаттары. Індеттенудің жеделдік қарқыны және оның статистикалық көрсеткіштері. Індеттенудің экстенсивтік көрсеткіштері.

Індет ошағы, табиғи ошақтылық. Індет ошағы, сау емес пункт, індет қатері төнген аймақ ұғымдары. Індет ошағының түрлері, олардың орналасуына және пайда болу уақытына байланысты сипаттары. Жұқпалы аурулардың табиғи ошақтануы. Табиғи індет ошақтарының түрлері мен құрамы. Жануарлардың табиғи ошақты аурулары. Індеттену георгафиясы туралы. Індеттанулық аудандастыру мен болжаудың негізгі қағидалары.

Індетке қарсы шаралар және індет ошағын жою. Індетке қарсы шаралар жұқпалы аурулардың шығуына және олардың таралуына жол бермеуге бағытталады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін дауалау (алдын алу) шаралары іске асырылады, ал ауру шыға қалған күнде оны жою (сауықтыру) шаралары қарастырылады. Жалпы шаралар кез келген жұқпалы ауруға бағытталған ортақ сипатта болады да, оған ұйымдастыру-шаруашылық және ветеринариялық-санитариялық шаралар жатады. Арнайы шаралар нақтылы бір жұқпалы ауруға қарсы бағытталады да, оған сол ауруды балау және жануарларды иммундеу жатады.

Жұқпалы аурулар. Ауруға қатысты өзекті мәселелер саналатын негізгі мәліметтер: аурудың атауы мен анықтамасы, қоздырушысы, індеттік ерекшеліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, балау, емі, иммунитет, дауалау және күресу шаралары.

5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут.

Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут.

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

- жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);

- орташа (B) – 8 тапсырма (40%);

- қиын (C) – 6 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.

8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Түсуші тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда түсуші 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін түсушіге 0 балл беріледі. Түсуші дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.

9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Инфекционные болезни животных [Текст]: учеб. пособие / под ред. А.А.Кудряшова, А.В.Святковского.- СПб.: Лань, 2007.- 608 с.

2. Иванов, Н.П. Диагностика инфекционных болезней животных [Текст]: учеб. пособие / Н.П. Иванов.- Алматы: Нур-Принт, 2009.- 906 с.

3. Иванов, Н.П. Инфекционные болезни животных [Текст]. Т. 3. Болезни жвачных животных, свиней и лошадей: учеб. пособие / Н.П. Иванов, К.А. Тургенбаев, А.Н. Кожаев; Казахский национальный аграрный университет.- Алматы: КазНАУ, 2012.- 319 с

4. Қасымов, Е.И. Індеттану және инфекциялық аурулармен күрес шаралары [Мәтін]: оқулық / Е.И. Қасымов.- Алматы: "Полиграфия-сервис и К", 2014.- 270 б.

5. Сайдулдин, Т. Жануарлардың жұқпалы және аса қауіпті аурулары [Мәтін]: оқулық / Т. Сайдулдин; Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі.- 4-басылым.- Алматы: Айтұмар, 2015.- 578 б.

6. Иванов, Н.П. Эпизоотология с основами ветеринарной микробиологии [Текст]: учеб. пособие / Н.П. Иванов, Г.Г. Абсатиров, А.Н. Кожаев.- Алматы: Эверо, 2017.- 380 с.

7. Сайдулдин, Т. Iндеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары [Мәтін]: оқулық / Т. Сайдулдин; ҚР Білім және ғылым м-трлігі.- Алматы: Полиграфия Сервис и К, 2009.- 518 б.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.