4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Тест тапсырмалары келесі ұғымдарды қамтиды:
· Инженерлік геологиялық процестерді бағалау;
· Әртүрлі құрылыс нысандарын салуға инженерлік геологиялық зерттеулер жүргізу;
· Теңіз, көлдер мен су қоймалары жағалауларының бұзылуы мен шайылуы жайлы жалпы ережелер;
· Эрозия құбылыстар, өзен жағалауының бұзылуы және шайылуы;
· Селдер жайлы жалпы түсініктер, сырғымалардың пайда болу себептері;
· Саз, саздану және олардың дамуы;
· Лессті-жыныстарда сығылудың болуы;
· Карст. Жалпы түсінік;
· Қалқыма және суффозиялық құбылыстар және тұжырымдарды анықтау;
· Сырғыма туралы жалпы түсініктер;
· Опырылу құбылыстары;
· Грунттардың физикалық және техникалық қасиеттері және олардың көрсеткіштері.
5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Бір тапсырманы орындау уақыты – 2 минут
Тест орындалуының жалпы уақыты – 60 минут
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестінің бір нұсқасында – 30 тапсырма.
Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:
- жеңіл (A) – 6 тапсырма (20%);
- орташа (B) – 12 тапсырма (40%);
- қиын (C) – 12 тапсырма (40%).
7. Тапсырма формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
8. Тапсырманың орындалуын бағалау:
Үміткер тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда үміткер 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін үміткерге 0 балл беріледі. Үміткер дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.
9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Коломенский Н.В. Инженерная геология Первая часть М.: 1951
2. Кожназаров А.Д. Инженерлік геология Алматы 2010
3. Ломтадзе В.Д. Инженерная геология Ленинград Недра 1977
|
© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.
|
|