4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы.
Тест тапсырмаларының мазмұнында программа құру методологиясы, жобалау және бағдарламалауда қолданылатын технологиялар туралы көзқарастың қалыптасу деңгейін анықтау тапсырмалары қарастырылған.
Емтихан тапсыратын талапкерлер: бағдарламаларды жобалаудың әдістері мен тәсілдерін топтастыра білулері; бағдарламалық өнімді құру кезеңдерін білулері; бағдарламалық құралдардың ішкі құрылымы мен ұйымдастырылуы туралы ұғымның қалыптасу деңгейін көрсетулері; типтік бағдарламалау жүйелерінің қызмет ету принциптерін білулері; базалық бағдарламалау тілдерінің алфавит, синтаксис және семантикасын білулері; базалық бағдарламалау тілдерінің инструментальды құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын көрсетулері; қандай да бір есептерді практикада жүзеге асыру үшін бағдарламалық қосымшаларды құру біліктіліктері керек.
5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты.
Бір тапсырманы орындау уақыты – 2 минут.
Тест орындалуының жалпы уақыты – 60 минут.
6. Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны.
Тестінің бір нұсқасында – 30 тапсырма.
Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:
- жеңіл (А) – 9 тапсырма (30 %);
- орташа (B) – 12 тапсырма (40 %);
- қиын (C) – 9 тапсырма (30 %).
7. Тапсырма формасы.
Тест тапсырмалары жабық формада беріледі. Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір жауапты таңдау керек.
8. Тапсырмалардың орындалуын бағалау.
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін студентке 1 балл беріледі, басқа жағдайда – 0 балл беріледі.
9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Андрей Тюгашев. Языки программирования. Учебное пособие. — СПб.: Питер, 2014 г. — 336 стр.
2. Сергей Орлов. Теория и практика языков программирования. — СПб.: Питер, — 2013 г. — 688 стр.
3. Брайан У. Керниган, Роб Пайк. Практика программирования. — М.: Вильямс, 2015 г. — 288 стр.
4. Брайан У. Керниган, Деннис М. Ритчи
Язык программирования C. — М.: Вильямс, 2015 г. — 304 стр.5. Бьерн Страуструп. Язык программирования С++. — М.: Бином, 2011 г. — 1163 с.
6. Стивен Прата. Язык программирования C. Лекции и упражнения. — М.: Вильямс, 2015 г. — 928 стр.
7. Брюс Эккель. Философия Java — Питер 2015 г. — 1168 стр.
8. Марк Лутц. Изучаем Python. — М.: Символ-Плюс, 2011 г. — 1280 стр.
Құрастырушылар:
№ | Т.А.Ә. | Кафедра | Лауазымы, ғылыми дәрежесі |
Нугманова С.А. | Информатика және білімді ақпараттандыру | П.ғ.к., қау.проф м.а. | |
Киселева Е.А. | Информатика және білімді ақпараттандыру | П.ғ.к., аға оқытушы | |
Аккасынова Ж. | Информатика және білімді ақпараттандыру | PhD, оқытушы |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Ұлттық тестілеу орталығының
директоры Р. Әлімқұлов
|
© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.
|
|