Геоэкология» пәні бойынша
«Геоэкология» пәні бойынша
магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалар тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
М087 – Қоршаған ортаны қорғау технологиясы
шифр білім беру бағдармалар тобы
3. Тест мазмұны: Тест «Геоэкология» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.
№
| Тақырыптың мазмұны
| Тапсыр
малар саны
| Қиын-дық деңгейі
|
| Геоэкология Жер ғылымдар жүйесінде. Негізгі ұғымдар. Экосфера мен қоғамның өзара байланысы. Геоэкологияның жүйелі түрдегі мәселелері.
| 2A, 1В
|
|
| Жер жүйесін басқарудағы негізгі механизмдер мен үрдістер Жер ғаламшар ретінде. Геоэкологиялық салдар. Экосфераның энергетикалық және заттық ерекшеліктері.
| 1A, 1В
|
|
| Жер геосфералары және олардың негізгі ерекшеліктері. Геосфера және экосфера. Экосфераның жылулық балансы. Экосфера қызметінде биотаның рөлі.
| 1A, 1В, 1С
|
|
| Гидросфера. Адам әрекетінің әсері. Құрлық сулары және адам қызметі. Ағынсыз аймақтардың геоэкологиялық ерекшеліктері. Мұхит пен теңіздердің негізгі геоэкологиялық ерекшеліктері.
| 1A, 1В,1С
|
|
| Педосфера. Топырақ ластануының негізгі ерекшеліктері, оның Жер жүйесі құрылымындағы маңызы. Топырақ сферасының (педосфера) негізгі қызметі. Жер шаруашылығының геоэкологиялық мәселелері. Ауыл шаруашылығының экологиялық тұрақтылығы.
| 1A, 1В, 1С
|
|
| Атмосфера. Атмосфера жағдайының антропогенді өзгерісі мен оның салдары: көздері және ластаушылар. Жер климатының негізгі ерешеліктері. Климаттың өзгеруі нәтижесіндегі табиғи және әлеуметтік-экономикалық салдары. Экосфераның асидификациясы және қышқылды жауындар.
| 1A, 1В, 1С
|
|
| Биосфера ластануының негізгі ерекшеліктері. Биосфераның негізгі ерешеліктері және оның экосферадағы рөлі. Дүние жүзінің қазіргі ландшафтары. Шөлдену мәселелері және биологиялық алуантүрлілікті сақтау.
| 1A, 1В, 1С
|
|
| Табиғи ресурстарды пайдалану, оның аймақтық және ұлттық ерекшеліктерін басқару. Дүние жүзінің халқы геологиялық фактор ретінде. Табиғи ресурстарды және геоэкологиялық қызметтерді тұтыну.
| 1A,1B
|
|
| Жаһандық экологиялық өзгерістерді анықтаушы әлеуметтік-экономикалық үрдістер. Тұтыну деңгейінде ерекшеліктер. Өсуі және дамуы. Стратегияны өзгертудің қажеттілігі.
| 1B, 1C
|
|
| Адамзат стратегиясы және жаһандық өзгеруі. Ауыспалы кезең және оның ерекшеліктері. Геоэкологиялық жағдайдың индикаторлары және тұрақты даму.
| 1B,1C
|
|
| Табиғи-техногенді жүйенің құрылымдық геоэкологиялық мәселелері. Табиғи-техногенді жүйелер. Өндірістің және ауыл шаруашылығының геоэкологиялық аспектілері.
| 1B,1C
|
|
| Энергетиканың геоэкологиялық аспектілері. Урбанизацияның, энергетиканың және транспорттың геоэкологиясы. Экологиялық императиві.
| 1B,1C
|
| | |