Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Музыка пәнін оқыту әдістемесі» пәні бойынша



 

 

«Музыка пәнін оқыту әдістемесі» пәні бойынша

магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

(2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілсін)

 

1. Мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің деңгейін анықтау.

М006Музыка педагогтерін даярлау мамандығы үшін білім беру бағдарламалар тобы.

3. Тест мазмұны:

Тақырыптың мазмұны Қиындық деңгейі Тапсырмалар саны
Музыка пәнін оқыту әдістемесінің жалпы теориялық негіздері. «Музыка пәнін оқыту әдістемесі» курсының пәні, мақсаты және міндеттері. «Музыка пәнін оқыту әдістемесі» мектепте балаларға музыкалық тәрбие беретін ғылым ретінде және оның басқа ғылыми пәндермен байланысы. А
Оқушыларға музыкалық тәрбие мен білім берудің теориялық негіздері.Қазіргі заманғы қоғам дамуындағы балаларға музыкалық тәрбие беру мәселелері. Мектепте музыкалық білім берудің мақсаты мен міндеті. С
Музыканың тәрбие мен білім беру мүмкіндіктері. Мектепте музыка пәнін оқыту әдістемесі мен балаларға музыкалық тәрбие беру мәселелері туралы ғылыми-теориялық зерттекулер. Музыка сабағы оқушыларға музыкалық тәрбие мен білім берудің негізі ретінде. С
Оқушылардың музыкалық тәрбие берудің психология-педагогикалық негіздері; музыкалық дамуының психофизиологиялық заңдылықтары. Мектептегі музыкалық білім берудің оқыту мен тәрбиелеу әдістері. С
Қазіргі заманғы мектептегі музыка мұғалімі. Мектепте музыкалық-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру. Музыка мұғалімінің атқаратын қызметтері, кәсіби бағыттылығы. В
Қазақстанда және шет елдерде музыка мұғалімдердің және жаңашыл-педагогтардың алдыңғы қатарлы тәжірибесі. А
Қазақстан Республикасындағы қазіргі кезеңдегі қолданыстағы мектептің музыка бағдарламаларының сипаттамасы. А
Музыка бағдарламаларының мазмұндық және әдістемелік ерекшеліктері (1-4 сыныптар; 5-6 сыныптар). В
Музыка сабағы мектеп пәні және өнер пәні ретінде. Оқу әдістемелік құжаттар. Музыка сабағындағы оқу-тәрбие процесі. Музыка сабағына қойылатын талаптар мен сабақтарының типтері. Музыка сабақтары және оның құрылымдық компонеттері. Музыка сабағының тұтастығы. В
Музыка сабағын жоспарлау, дайындау, жүргізу технологиясы. Музыка сабағын талдау.Музыка сабағында дидактикалық және тәрбиелік әдістер. В
Музыка сабағындағы музыкалық іс-әрекет түрлері мен оқыту әдістемесі. Музыканы тыңдау процесін ұйымдастырудың әдісі мен тәсілі. В
Музыка сабағындағы хормен ән салу оқушылардың вокалдық-хор орындаушылық іс-әрекетінің бірі ретінде. Музыка сабағында әнді үйрету әдістемесі. В
Музыка сабағындағы музыкалық сауатты оқушылардың музыкалық іс әрекетінің түрі ретінде. С
Оқушылардың музыка сабағындағы шығармашылық іс әрекеті. Балалардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастырудың әдісі мен тәсілі. С
Бастауыш сыныптарда музыканы оқыту. Бастауыш мектептің музыка сабағында типтік бағдарламаның мазмұнын жүзеге асыру. 1-4 сыныптарында музыканы оқытудың әдістемелік ерекшеліктері. В
Негізгі мектептін орта сыныптарда музыканы оқыту. Жалпы білім беретін орта мектеп музыка сабағында типтік бағдарламаның мазмұнын жүзеге асыру. 5-6 сыныптарында музыканы оқытудың әдістемелік ерекшеліктері. В
Сыныптан тыс музыкалық жұмысты ұйымдастыру және өткізу әдістері. Сыныптан тыс жұмыстардың формалары және музыкалық іс-әрекеттің түрлері. А
Жаңартылған білім мазмұны бағдарламасының ерекшеліктері. Критериялды бағалау. А
  Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны

 

4. Тапсырма мазмұның сипаттамасы: Тест тапсырмалары «Музыканы оқыту әдістемесі» пәнінің оқу материалы негізінде құрылды, оған мектепте музыка оқыту әдістемесінің ғылыми-теориялық негіздері кіреді.

5. Тапсырманың орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 2,5 минут.

Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут

6. Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

- жеңіл (А) – 6 тапсырма (30%)

- орташа (В) – 8 тапсырма (40%)

- қиын (С) – 6 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.

8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Бағалау кезінде тестілеудің жиынтық балы есептелінеді. Барлық дұрыс жауаптар үшін - 2 балл, жіберілген бір қате үшін - 1 балл, екі және одан көп қате жауап үшін - 0 балл беріледі.

9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Абдуллин Э.Б., Николаева Е.В. Методика музыкального образования. – М., Музыка, 2006.

2. Ахметова А.К. Мектептегі музыка сабағын оқытудың принциптер мен әдістері: Оқу қуралы. – Алматы, 2014.

3. Таубалдиева Ж.Ш. Мектептегі музыкаға тәрбиелеу әдістемесі. – Алматы, 2002.

4. Музыкальное образование в Казахстане: Учебное пособие. Вып 1./ Сост. Р.Р. Джердималиева, А.А. Момбек, З.Р. Ахметова. – Алматы, 2007.

5. Музыкальное образование в Казахстане: Учебное пособие. Вып 2./ Сост. Р.Р. Джердималиева, А.А. Момбек, З.Р. Ахметова. – Алматы, 2006. – 296с.

6. Мукеева Н.Е., Ербулатова А.К. Методика преподавания музыкального искусства: Оқу құралы. – Алматы, CyberSmith, 2018. – 184б.

7. Осеннева М.С. Теория и методика музыкального воспитания: Учебное пособие. – Москва, изд-во «Академия», 2012. – 260 б.

8. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі негізінде орта білім мазмұнын жаңарту. Әдістемелік құрал. - Астана: Ұлттық білім академиясы I. Алтынсарин, 2014. - 43 б.

9.  Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұны туралы анықтама / Г.М. Құсайынов, М.А. Тыныбаева. - Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2017. - 40 б.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.