|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Химияны оқыту әдістемесі» пәні«Химияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ (2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген) 1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау. 2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау: M013 – Химия педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі) шифр білім беру бағдармалар тобы 3. Тест мазмұны: Тестіге «Химияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы: «Химияны оқыту әдістемесі» пәнінің мазмұны жалпы орта білім беретін мектептегі білім мазмұнын, құрылымын, оқытудың әдістері мен тәсілдерін, сабақ формаларын және қазіргі таңдағы заманауи әдістер мен технологияларды қамтиды. Сондай-ақ , химияны оқыту әдістемесі педагогика және психология пәндерімен тығыз байланысты білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқушыларға әртүрлі химиядан өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру; оқыту бағалауды, өндіріс орындарында ұйымдастыру мен өткізуді , өндіріс орындарындағы оқу – тәжірибелік және педагогикалық практиканы жоспарлау мен ұйымдастыру, оқушылармен бірге онда жұмыс өткізу дағдыларын қалыптастырады. 5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты: Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут. Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут. 6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны: Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма. Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі: - жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%); - орташа (B) – 8 тапсырма (40%); - қиын (C) – 6 тапсырма (30%). 7. Тапсырма формасы: Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған. 8. Тапсырманың орындалуын бағалау: Үміткер тест тапсырмаларында берілген жауап нұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда үміткер 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін үміткерге 0 балл беріледі. Үміткер дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі. 9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: 1.Нұғыманов И., Шоқыбаев Ж.Ә., Өнербаева З.О. Химияны оқыту әдістемесі. “print-s”, Алматы. 2015 ж. 233б 2. Мансуров Б.А. Органикалық химия.10-11 сынып оқулығы. Алматы мектеп. 2010ж. 3. Өнербаева З.О. Химияны оқыту әдістемесі // Оқу құралы. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі. – Алматы, 2011. 4. Өнербаева З.О. Педагогикалық практика әдістемесі (химия пәні негізінде). Оқу құралы. Алматы, 2016. 5. Өнербаева З.О. Химиядан есептерді шығару әдістемесі (оқу-әдістемелік құрал) Абай атындағы ҚазҰПУ, «Ұлағат» баспасы. Алматы, 2017. – 228 б. Екінші басылым. 228 6. Z.Unerbayeva Chemical training method practice Kazakh National Pedagogical University named after Abay. “Ulagat”, 2018. – 166 p.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|