Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Электрлік байланыс теориясы» пәні бойынша»



 «Электрлік байланыс теориясы» пәні бойынша»

пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

тест спецификациясы

(2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

М096 - Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар

3. Тест мазмұны:

Тақырыптың мазмұны   Қиындық деңгейі Тапсыр малар саны
Байланыс арналарының математикалық модельдері С
Радиотехникалық сигналдар түрлері мен олардың сипаттамалары А
Периодты және периодты емес сигналдардың спектралдық талдауі (сұрыпталуі) А
Сигналдар дискретизациясы В
Амплитудалы модуляция В
Жиіліктік модуляция В
Байланыс арналарындағы шу (бөгеуіл) түрлері В
Байланыс арналары мен ақпарат көздерін кодалау С
Ақпарат теориясының негіздері С
Дискретті модуляция А

 Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны

 

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

1. Кіріспе. Электрбайланыс туралы жалпы мәліметтер. Халық шаруашылығындағы электрбайланыстың орны және ролі.Ақпарат, хабарлар, сигналдар. Модуляция хабарды сигнал түрлендіру операция сияқты. Сигналдардың негізгі параметрлері: ұзақтығы, спектрдің жалпақтығы және динамикалық диапазоны. Мысалдар: сөйлемдік (телефондық), хабартаратулық, телевизиалық, телеграфтық сигналдар, мәлімдер тарату сигналдары.

2.Байланыс жүйенің құрылымдық сұлбасы. Көпарналық тарату жүйелері. Арналардың бұрмаланулар және бөгеуілдер. Кодалау және модуляция. Демодуляция және декодалау. Үздіксіз хабарлардың цифрлық кодалауы.

3. Хабарлар, сигналдар және бөгеуілдер классификациясы. Детерминирленген және кездейсоқ процестері, олардың математикалық моделдері. Процестердің тікелей және жанама моделдері. Функционалдық кеңістіктер және олардың базисі.

4. Жалпыланған Фурье қатарына сигналдардың жектелуі. Сигналдардың спектралдық және уақыттық ұсынуы. Уақыт бойынша сигналдарды дискреттеу. Дискретизация сигналов во времени. Котельников теоремасы.

5. Стационарлық және стационарсыздық кездейсоқ процестер. Стационарлық кездейсоқ процестердің эргодикалық қасиеті. Стационарсыздық процестердің ерекшеліктері. Корреляция функциялары және олардың қасиеттері. Гаусстік кездейсоқ процесі.

6. Амплитудалық модуляция. Басылған тасушысы бар амплитудалық модуляция (АМ-БТ), бір жолақты модуляция (БЖМ). АМ-тербелістердің векторлық, спектралдық және уақыттық көрсетуі. Түзу сызықты емес тізбектердегі модуляцияланған сигналдарды қалыптастыру.Модуляциялардыңсұлбалары.

7. Когеренттік және когерентсіздік детектірлеудің принципі. Тетектірлеу үшін параметрлік және түзу сызықты емес элеметтерді пайдалану. АМ сигналдардың детектр сұлбасы

8. Хабарлардың детерминирленген және кездейсоқ моделдері үшін жиіліктік және уақыттық аймақтарындағы бұрыштық модуляция сигналдарының қасиеттері және сипаттамалары.Жіңішке жолақтық және кең жолақтық бұрыштық модуляция, спектрлердегі ФМ және ЖМ сигналдарының. ЖМ және ФМ сигналдарын қалыптастыру.

9. Дискретті хабарлармен модуляцияланған сигналдарды детектрлеу және қалыптастыру. Синхрондау түсінігі және электрбайланыс жүйелеріндегі онымен қамтамасыз ету принциптері. Амплитудалы импульстік модуляцияның әдістері. Детерминирленген және кездейсоқ хабарлар кезінде импульсті модуляцияланған тербелістердің спектрлері.

10. Оптималсыздық детектірлерді пайдалану кезіндегі қабылдаудың бөгеуіл орнықтылығы. Когеренттік детектірлеудің бөгеуіл орнықтылығы. ЖМ бөгеуіл орнықтылығы, ЖМ кезіндегі табалдырылық құбылысы

11. Кодалау әдістерінің классификациясы.

Бөгеуіл орнықтылық (арналық) кодалау. Қателердің түзетуі және гарантиялық байқауы бар кодалар. Кодалық қашықтық. Қателерді анықтап, түзетуге арналған сызықты екіншілік кодалар. Блоктың коррекциялайтын кодалар. Хемминг кодалары. Циклдік кодалау

12. Байланыс арналардың түзу сызықты және түзу сызықты емес модельдері. Детерминирленген түзу сызықты арналарда детерминирленген сигналдарда түрлендіру. Детерминирленген сигналдардың энергетикалық сипаттамаларыңтүрлендіру. Детерминирленгентүзу сызықты арналарда кездейсоқ сигналдарды түрлендіру. Детерминирленгентүзу сызықты емес арналарда кездейсоқ сигналдарды түрлендіру.

13. Үздіксіз хабарлар цифрлық тарату туралы жалпылама мәліметтер. Дискретті хабарлардың оптималдық демодуляторы (қабылдағышы) туралы мәселе қою. Ақ аддитивтік шуылдың бар кезіндегі бұрмалануларсыз дискретті-үздіксіз арнада оптималдық қабылдау

14. Бөгеуілдері бар арналарында дискреттік хабарлар таратудың жоғары дұрыстығын қамтамасыз ету мәселесі. Байланыс дискреттік арналардың потенциалдық мүмкіншіліктері.

15. Электрбайланыс арналарының классификациясы. Техникалық реализациясы, жұмыс әрекеті және қызметі бойынша телекоммуникациялық жүйелердің классификациясы. Ақпарат тарату жүйелердегі пайдаланылатын электрмагниттік тербелістердің жиіліктер диапазоны.

5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманы орындау уақыты – 2 минут
     Тест орындалуының жалпы уақыты – 60 минут

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 30 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларыныңбөлінуі:

- жеңіл (A) – 9 тапсырма (30%);

- орташа (B) – 12 тапсырма (40%);

- қиын (C) – 9 тапсырма (30%).

7. Тапсырмаформасы:

Тест тапсырмалары жабық формада беріледі. Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір жауапты таңдау керек.

8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін студентке 1 балл береді, одан басқа жағдайда - 0 балл беріледі.

9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Скляр Б. Цифровая связь - М. С-П, К., 2003.

2. Баскаков С.И. Радиотехнические цепи и сигналы. - М.: Высшая школа, 2003.

3. Баскаков С.И. Радиотехнические цепи и сигналы. Руководство к решению задач. - М.: Высшая школа, 2002.

4. Теория электрической связи. Под редакцией профессора Д.Д. Кловского - М.: «Радио и связь», 1999.

5. Панфилов И.П., Дырда В.Е. Теория электрической связи - М.: «Радио и связь», 1991.

6. Кловский Д.Д., Шилкин В.А.Теория электрической связи. Сборник задач и упражнений – М.: «Радио и связь», 1990.

7. Румянцев К.Е. Прием и обработка сигналов- М.: «Радио и связь», 2006.

8. Умняшкин С.В. Теоретические основы цифровой обработки и представления сигналов. - М.: Высшая школа, 2006.

9. Борисов В.И., Зинчук В.М. Помехозащищенность систем радиосвязи. М.: Высшая школа, 2008.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.