Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Электр техниканың теориялық негіздері»



 «Электр техниканың теориялық негіздері»

пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

тест спецификациясы

(2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

 

1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

M099   -

Энергетика және электртехникасы

M100 - Автоматтандыру және басқару

Шифр       білім беру бағдармалар тобы

3. Тест мазмұны: Тестіге «Электр техниканың теориялық негіздері» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған:

Тақырыптың мазмұны Қиындық деңгейі Тапсыр малар саны
Тұрақты токтың сызықты электр тізібегі  3-А; 2-В
Бірфазалы синуоидалы токтың электр тізбегі 2-А; 3-В
Үшфазалы тізбектер 2-А; 1-В; 2-С
Сызықты электр тізбегіндегі өтпелі кезеңдер 2-А; 3- С
Таратылған көрсеткіштері бар тізбектер 3-В; 2-С
Сызықты емес тізбектер 1-В; 1-С
Электромагнитті өріс теориясы 2-В; 1-С

Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны

 

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Тұрақты токтың сызықты электр тізібегі

Электр тізбегінің элементтері. Электр энергия көзінің балама сұлбасы. ЭҚК-і бар тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Қуаттар тепе-теңдігі. Контурлық токтар әдісі.Түйіндік потенциалдар әдісі. Беттесу принципі, өзаралық қасиеті, тармақтардың кіру және өзара өткізгіштігі. Активті екіұштылар туралы жалпы мағлұмат.  Активті екіұштылар теоремасы және оның тармақталған тізбекті есептеуде қолданылуы. Активті екіұштыдан пассивтіге энергияның берілу. Сызықтық электр сұлбаларының түрленуі.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.