|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Географияны оқыту әдістемесі»«Географияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ (2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген) 1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау. 2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау: М015 - География педагогтерін даярлау 3. Тест мазмұны:Тестіге «Географияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар қазақ тілінде ұсынылған.
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы: Тест тапсырмалары М015 – «География педагогтерін даярлау»білім беру бағдарламасының жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес жасалған. Географияны оқыту әдістемесінің негізгі бөлімдері қамтылған. 5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты: Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут. Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут. 6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны: Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма. Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі: - жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%); - орташа (B) – 8 тапсырма (40%); - қиын (C) – 6 тапсырма (30%). 7. Тапсырма формасы: Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған. 8. Тапсырманың орындалуын бағалау: Үміткер тест тапсырмаларында берілген жауап нұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда үміткер 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін үміткерге 0 балл беріледі. Үміткер дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі. 9. Ұынылатын әдебиеттер тізімі: 1.Токпанов Е.А. және басқалар. Географияны оқыту әдістемесі. ЖОО арналған оқулық. - Алматы, ТОО «Эверо», 2015. – (448 бет.). 2. География және жаратылыстану пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. 3. Кушимова Г.А. Методика преподавания географии в средней школе. - Алматы: КазНПУ, 2003. – 64 с. 4. Практикум по методике обучения географии : учеб. пособие / В.Д.Сухоруков, Д.П.Финаров, Н.О.Верещагина, Т.В.Вилейто. – М.: Академия, 2010. – 144с. 5. Дмитрук, Н.Г. Методика обучения географии [Текст]: учебник для вузов по дисц. «Методика обучения географии» /Н.Г.Дмитрук, В.А.Низовцев, С.В.Васильев. – М.: Академия, 2012. – 320с. 6. Лизипский В.М. О методической работе в школе. Москва, 2010г. 7. Трайнев В.А. Информационные коммуникационные педагогические технологии. М., 2005 г. 8. Максаковский В II. Географическая культура. М.:Просвещение 2015 г
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|