Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





География» пәні бойынша. магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің. ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ. М015 - География  педагогтерін даярлау



«География» пәні бойынша

магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

(2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

М015    - География  педагогтерін даярлау

3. Тест мазмұны:«География» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.

Тақырыптың мазмұны Қиындық деңгейі Тапсыр малар саны
Қазақстан табиғатының зерттелу тарихы.  А
Қазақстанныңтектоникалық-геологиялық құрылымы мен жер бедері. C
Қазақстанның климаты мен ішкі сулары. Климат құрушы факторлар. Атмосфера циркуляциясы, радиациялық режимі. Жер бедері мен төсеніш сипаты. В  
Қазақстанның топырақ-өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі. B
Қазақстанның табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары. B
Қазақстан шаруашылығы мен өнеркәсібіне жалпы шолу. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық секторының негізгі салалары. Көлік географиясы. B
  Дүние жүзінің қазіргі саяси картасы және оның қалыптасу кезеңдері. Дүние жүзі елдерінің алуан түрлілігі, оларды топтастыру және типке бөлу. А  
Дүниежүзілік шаруашылық географиясы. Дүние жүзінің табиғат ресурстары географиясы. Табиғат ресурстарының негізгі түрлері. Табиғат ресурстарының таралу ерекшеліктері оларды қолдану масштабы. С
Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрылымы. Дүниежүзілік өнеркәсіп географиясы. Дүниежүзілік ауылшаруашылық географиясы. В
Атмосфера туралы жалпы түсінік. Атмосфераның құрамы мен құрылысы. Ауа массалары. Климат. Климаттың жіктелуі. А  
Литосфера туралы түсінік. Литосфераның құрамы мен құрылымы. Жер қыртысы, оның негізгі типтері. Жер қыртысындағы тектоникалық қозғалыстардың жер бедерін қалыптастырудағы маңызы. Тектоникалық қозғалыстардың түрлері. Литосфералық тақталар қозғалысының басты қағидалары. Басты литосфералық тақталар. С
Гидросфера туралы түсінік. Табиғаттағы сулардың ең маңызды қасиеттері. Жердегі су айналымдары және оның географиялық қабықтағы маңызы. С
Биосфера туралы түсінік. Биосфераның шекарасы, құрамы мен құрылысы. Атмосфера, гидросфера және литосфера мен біртұтас географиялық қабық дамуындағы тірі заттардың рөлі. Биосфера туралы В.И.Вернадский ілімі. Ноосфера туралы түсінік. A
Карталардың қасиеттері, функциялары, элементтері, географиялық карта типтерінің жіктелуі В
Картаның математикалық негізі және оның элементтері А


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.