Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі»



 «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі»

Пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

(2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

1. Құрастырылу мақсаты.

ТестҚазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына магистратураға түсу емтиханы үшін құрастырылған.

2. Міндеті.Білім беру бағдарламасының бағыттары бойынша

М005 – Дене шынықтыру педагогтерін даярлау

3. Тест мазмұны мен жоспары. Тестке Типтік оқу жоспары негізінде «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша оқу материалдары кірді. Тапсырмалар қазақ тілінде берілген.

 

Тақырыптың мазмұны Қиындық деңгейі Тапсырма-лар саны
Дене шынықтыру түрлері мен әлеуметтік қызметтері, жүйесі, қағидалары (А)
Дене шынықтыру құралдары және әдістері  (В)
Қимыл-қозғалыс іс-әрекеттеріне үйрету (А)+(В)
Дене қасиеттерін тәрбиелеу негіздері 2(В)
Сабақта дене жаттығуларын құрудың негіздері 2(С)
Ерте және мектеп жасына дейінгі балалар дене шынықтыруының негіздері 2(В)
Мектеп жасындағы балалар дене шынықтыруының негіздері 2(С)
Мектеп жасындағы дене шынықтыруды жоспарлау мен бақылау, есепке алу 2(С)
Дене шынықтыру бойынша жүргізілерін сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстар 2(А)
Студент жастар мен қызметкерлердің дене тәрбиесі (А)+(В)
Егде және үлкен жастағы адамдардың дене шынықтыруы (В)
Сауықтыру және бейімдік дене шынықтыру (А)

Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

                         20

 

 

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:  «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» тапсырмаларының мазмұнының құрылымы негізгі екі бөлімнен тұрады. Дене шынықтыру теориясының жалпы негіздері - дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі негіздерін қарастырады. Дене шынықтыру теориясының негізгі санаттарының мазмұны мен көлемі, оның құрамдас ғылымдар жүйесіндегі орны ашылады, дене шынықтыру мәдениеттің құрамдас бөлімі ретіндегі рөлі, оның құрылымы, мазмұны мен қызметі жан-жақты қарастырылады. Мақсаты, міндеттері, жеке тұлғаның дене шынықтыруын қалыптастырудың жалпы қағидалары, құралдары мен әдістерінің сипаттамасына, қозғалыс іс-қимылдарын оқытудың мазмұны мен әдістемесінің негізгі аспектілеріне және дене қасиеттерін қалыптастыруға үлкен көңіл бөлінеді. Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі өмірдің әр түрлі кезеңдерінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың, студенттердің дене шынықтыру сабақтарын жоспарлау, бақылау және есепке алу ерекшеліктерін қарастырады. Бейімдік дене шынықтыру құралдарына және оның қоғам өмірінің маңызына көп көңіл бөлінеді.

5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут.

Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут.

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

- жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);

- орташа (B) – 8 тапсырма (40%);

- қиын (C) – 6 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.

8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Үміткер тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда үміткер 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін үміткерге 0 балл беріледі. Үміткер дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.

9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Уанбаев Е.Қ. Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі: оқу құралы / Е.Қ.Уанбаев, Ф.Ж.Уанбаева. – Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Баспасы, 2006. -267 б.

2. Аманбаев Р.Р. Спорт теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері: оқу құралы. – Алматы, 2001. – 107 б.

3. Уанбаев Е.Қ. Спорт және дене тәрбиесі пәнін оқыту әдістемесі:оқу құралы – 4-шә басылым, – Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Берел» баспасы, 2014. -298 б.

4. Максименко А.М. Теория и методика физической культуры. – М., 2009.

5. Железняк Ю.Д. Методика обучения физической культуре: учебник для студентов учреждений высшего профессионального образования. – М.: Издательский центр «Академия», 2013.-256 с.

6. Теория и методика физической культуры: учебник /Под ред.Ю.Ф.Курамшина. ‒2-е изд.испр. ‒М.: Советский спорт,2004.

7. Холодов Ж.К., Кузнецов В.С. Теория и методика физического воспитания и спорта: учеб.пособие для студ. высш. учебных заведений. ‒ М.:Изд.центр «Академия», 2000.

8. Иванков Ч.Т. Теоретические основы методики физического воспитания. ‒М.: «Инсана», 2000.

9. Матвеев Л.П. Основы спортивной тренировки. – М.: Физкультура и спорта, 1977.

10.Руководство по критериальному оцениванию для учителей основной и общей средней школ: учебно-метод. пособие. / Под ред. О.И.Можаевой, А.С.Шилибековой, Д.Б.Зиеденовой. – Астана: АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2016. - 56 с.

11. Теория и организация адаптивной физической культуры [Текст]: учебник. В 2т.Т.1: Введение в специальность. История, организация и общая характеристика адаптивной физической культуры/ Под ред. проф. С.П. Евсеева. - 3-е изд., стереотип. - М. : Советский спорт, 2010. - 291 с. : ил.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.