Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Экономикалық теория». пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің. ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ. М070 – «Экономика». М074 – «Қаржы, банктік және сақтандыру ісі». М075 – «Маркетинг және



 «Экономикалық теория»

пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

(2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

М070 – «Экономика»

М074 – «Қаржы, банктік және сақтандыру ісі»

М075 – «Маркетинг және жарнама»

М076 – «Еңбек дағдылары»

шифр   білім беру бағдармалар тобы

3. Тест мазмұны: Тестіге «Экономиялық теория» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.

 

 № Тақырыптың мазмұны Тапсыр малар саны Қиындық деңгейі
1. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Экономикалық теория курсының логикасы мен құрылымы. Экономикалық теорияның даму кезеңдері. Меркантилизм. Классикалық саяси экономика. Физиократтар. А.Смит және Д.Рикардо теориялары. Кейнсиандықтар. Неоклассикалық экономикалық теория. «Экономикалық теория», «саяси экономика», «экономикс» арасындағы өзара байланыс. Микроэкономика. Макроэкономика. Экономикалық теория пәні. Материалдық және материалдық емес қажеттіліктер. Өндірістік қажеттіліктер. Маслоу бойынша қажеттіліктердің бес деңгейі. Қажеттілікке әсер етуші факторлар. Ресурстар. Материалдық және материалдық емес игіліктер. Қызметтер. Экономикалық процесстерді тану әдістері. Ғылыми абстракция әдісі. Талдау және синтез. Индукция және дедукция. Тарихи және логикалық әдіс. Сандық және сапалық талдау. Формалды ойлау. Материалистік диалектика. Экономикалық модель. Экономикалық сараптама. Позитивті және нормативті талдау. Экономикалық категориялар және заңдар. Экономикалық теорияның функциялары: әдіснамалық, танымдық, практикалық, дүниетанымдық.   2 А, 2 В  
Қоғамдық өндіріс негіздері. экономикалық жүйелер. Экономикалық ресурстар түсінігі және түрлері. Экономикалық ресурстардың жіктелуі. Өндіріс факторлары: еңбек, капитал, жер, кәсіпкерлік қабілет. Өндіріс факторларының өзара байланысы мен өзара алмасуы. Өндіріс түсінігі және құрылымы. Материалдық және материалдық емес өндіріс. Өндіріс нәтижесі мен көрсеткіштері. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы. Өндіріс тиімділігі. Ұдайы өндіріс. Ұдайы өндіріс фазалары. Өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну. Қарапайым және ұлғаймалы ұдайы өндіріс. Қазақстандағы өндіріс қарқынының төмендеу себептері. Экономикалық жүйе және оның элементтері. Экономикалық жүйе типтерінің жіктелуі: дәстүрлі экономика, нарықтық экономика, әкімшіл-әміршіл экономика, аралас экономика. Аралас экономика моделі. Экономикалық жүйелер шеңберіндегі модельдер. Экономиканың негізгі үш сұрағы және әртүрлі жүйе жағдайындағы олардың шешімі. 3 В  
Қоғамдық шаруашылық нысандары.Қоғамдық шаруашылықтың негізгі нысандары. Натуралдық шаруашылық. Натуралдық шаруашылықтың ерекшеліктері. Тауар шаруашылығы. Тауарлы қатынастардың пайда болуының әлеуметтік-экономикалық шарттары. Қарапайым және капиталистік тауарлық өндіріс. Тауар және еңбек өнімі. Тауарлық өндірісті зерттеудің марксистік және маржиналистік қадамдары. Тауар қасиеті және еңбек, тауарлар айырбасы туралы туралы еңбек құн теориясы. Құн заңы. Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері. Қазіргі ақшалар, олардың табиғаты мен негізгі нысандары. Ақша айналымы заңы. 3 А, 2 В.     
Меншік қатынастары және оның экономикадағы рөлі. Экономикалық жүйедегі меншіктің орны мен ролі. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны. Меншіктің объектілері мен субъектілері. Меншік түрлері мен нысандары. Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алудың нысандары, әдістері және кезеңдері. 2 А  
Нарық экономикалық қатынастар жүйесі ретінде.Нарық қатынастар жүйесі ретінде. Нарық мәнінің негізгі теориялық трактовкалары. Нарықтық қатынастар субъектілері. Нарық түрлері және олардың жіктелуі. Нарық инфрақұрылымы. Нарықтың негізгі модельдерінің сипатты белгілері. Нарық қызметтері. Нарық артықшылықтары. Нарықтың жағымсыз жақтары.    Сұраныс пен ұсыныстың негізгі теориялары. Сұраныс заңы, сұраныс қисығы. Ұсыныс заңы, ұсыныс қисығы. Нарықтық тепе-теңдік. Икемділік түсінігі. Сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін бағалық емес факторлар. 3 В, 1 С
Капитал: мәні және нысандары. Кәсіпкерлік. Капитал мәні және нысандары. Капитал айналымы және шеңбер айналымы. Негізгі және айналым капиталы. Негізгі капиталдың физикалық және моральдық тозуы. Амортизация. Негізгі құралдар. Инвестициялар. Капиталдың қорлануы. Кәсіпкерлік мәні. Кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуы. Кәсіпкерліктің сипаттық белгілері. Кәсіпкерлік түрлері: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, консалтингтік. Әлеуметтік кәсіпкерлік. Ірі, орта, шағын бизнес: критерийлері, қызмет ету ерекшеліктері. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары. Қазақстан Республикасының әртүрлі меншік нысандары кәсіпорындарындағы әлеуметтік-еңбек қатынастары. 2 В, 2 А
Еңбек және капитал нарығы. Факторлық табыстардың қалыптасуы. Өндіріс факторларына сұраныс пен ұсыныс. Факторлық табыстар: еңбекақы, пайыз, рента, пайда. Табыстар дифференциациясы. Лоренц қисығы. Джини коэффициенті. Еңбекақы еңбектің бағасы ретінде. Еңбекке сұраныс қисығы. Еңбекке нарықтық ұсыныс қисығы. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік моделі. Еңбекақыға әсер ететін факторлар. Еңбекақы түрлері: номиналдық және нақты. Еңбекақының нысандары: мерзімді және кесімді. Еңбекақы жүйесі. Тарифтік жүйе. Тарифтік ставка.  Пайыз капитал иесінің факторлық табысы ретінде. Пайыз нормасы немесе мөлшерлемесі. Пайыз деңгейі. Номиналдық мөлшерлеме. Нақты мөлшерлеме. Пайыздың тепе-теңдік мөлшерлемесі. Қазақстан Республикасындағы несиелендіру нарығындағы өтімділікті сақтау және қайта бөлуге шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әсері.  2 С
Жер рентасы және кәсіпкердің табысы. Жер рентасы – жер иесінің факторлық табысы. Рента мөлшеріне әсер ететін факторлар. Дифференциальдық рента I. Дифференциалдық рента II. Монополиялық рента. Абсолюттік рента. Жерге сұраныс пен ұсыныс моделі.  Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретінде. Пайда функциялары.  Баланстық пайда. Жалпы пайда. Таза экономикалық пайда. 2 С
Ұлттық экономика жүйе ретінде. Ұлттық экономика түсінігі. Макроэкономикалық мақсаттар: экономикалық өсу, баға деңгейінің тұрақтылығы және ұлттық валютаның тұрақтылығы, толық жұмысбастылық, сыртқыэкономикалық тепе-теңдік. Макроэкономикалық көрсеткіштер. Жан басына шаққандағы ЖІӨ. Макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу әдістері. Инвестиция және жинақтар. Мультипликатор-акселератор эффектісі. «Үнемділік парадоксі». Макроэкономикалық тепе-теңдік. AD-AS тепе-теңдік моделі. Жалпы тепе-теңдіктің кейнсиандық моделі. 2 С  
Ақша-несие және қаржы жүйесі. Ақша жүйесінің түсінігі және типтері. Банктер және экономикадағы олардың ролі. Банк жүйесі. Банктердің қызметтері. Несиенің мәні және нысандары. Ақша – несие саясаты.  Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы. Салықтар және нарықтық экономикадағы олардың ролі. Салық салудың қағидалары. Мемлекеттік бюджет. Бюджеттік тапшылық. Қазақстан Республикасының салық жүйесі 2 С  


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.