Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі»



«Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі»

пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

(2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

 

1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау

2. Міндеті:Келесі мамандықтар үшін үміткердің білім деңгейін анықтау:

М004

 Шифр

Бастапқы әскери дайындық педагогтерін даярлау          білім беру бағдармалар тобы

3. Тест мазмұны: Тестіге «Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.

 

Тақырыптың мазмұны   Тапсырмалар саны Қиындық деңгейі
Орта оқу орындарында Бастапқы әскери дайындықты жоспарлау. БӘД бағдарламасы. Жоспарлаудың мақсаты және міндеттері. БӘД бойынша сабақты ұйымдастыру және өткізуге қажетті жетекші құжаттар. Бастапқы әскери дайындық оқытушысының сабақты ұйымдастыру және өткізу бойынша құрастырылған негізгі құжаттары, олардың формасы және мазмұны. Бастапқы әскери дайындыққа басқа да жалпы білім беру пәндерімен пәнаралық байланысын анықтау. А
Бастапқы әскери дайындық бойынша сабақ өткізу және оқытудың әдіс- тәсілдрі. Орта оқу орындарында бастапқы әскери дайындық сабағын ұйымдастыру және өткізу. Бастапқы әскери дайындық сабағын өткізу бойынша оқытудың тәсілдері мен әдістері. Бастапқы әскери дайындық сабағы бойынша оқу материал базасы. А
Бастапқы әскери дайындықта жаңа оқыту технологияларын қолдану. Оқытудың қазіргі заманғы технологиялары. Бастапқы әскери дайындықты оқытуда қолданылатын қазіргі заманғы технологиялар. Мектептегі оқытудың техникалық құралдары және инновациалық технологияларды қолдану. А
Сарбаздың әртүрлі ұрыстағы әрекеті тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі. Тактикалық дайындық, пәні және мақсаты. Тактикалық-саптық сабақты өткізуді ұйымдастыру мен оқыту әдістемесі бойынша сарбаздың шабуылдағы, қорғаныстағы, барлаудағы және басқада ұрыстық жағдайлар тїрлерінде жеке дара дайындығы. В
Бөлімшнің шабуылда, қорғаныста басқа да ұрыс жағдайында тактикалық дайындау әрекетін үйрету әдістемесі. В
Взводтың шабуылда, қорғаныста басқа да ұрыс жағдайында тактикалық дайындау әрекетін үйрету әдістемесі. В
Ішкі және сыртқы баллистика мағлұматы бойынша оқыту әдістемесі. Атыс негіздері. Ішкі және сыртқы баллистика мағлұматы бойынша оқыту әдістемесі. Атыс қаруының материалдық бөлігі. Атыс қаруының тактика-техникалық сипаттамасы және құрылысы, жарықшақты қол гранатасы. Кїту және сақтау. Атыс қаруларынан ату тәсілдері мен ережелері және жарықшақты қол гранаталарын лақтыру тәсілдері. С
Әскери – инженерлік дайындық, әскери топография, басқару және байланыс бойынша сабақ өткізу әдістемесі. Әскери-инженерлік дайындық бойынша сабақ өткізу әдістемесі Инженерлік бөгеттердің (ИБ) классификациясы, арналуын оқыту бойынша сабақ өткізу әдістемесі. Мина жарылғыш, жарылмайтын, аралас бөгеттер. Жаяу әскерге және танкіге қарсы миналар. Миналанған алаңға орналастыру тәртібі. Құрлық әскерінің фортификациялық құрылымы. Бїркемелеу. Әскери топография бойынша сабақ өткізу әдістемесі. Бағдарлану туралы жалпы тїсінік. Жергілікті жердегі заттардың белгілеріне қарап көкжиек бағыттарын анықтау әдістемесі. Компас көмегімен жергілікті жердегі заттар, аспан денелері бойынша көкжиек бағыттарын анықтау. Азимут бойынша қозғалыс. Картасыз және карта бойынша жергілікті жерді бағдарлау. Өзінің тұрған жерін карта бойынша анықтау. Топографиялық карта. С
Әскери байланыс бойынша сабақ өткізу әдістемесі Әскери бөлімдердің байланысты басқару міндеттері, мәні. Байланыс құралдары. Радио-байланыс құралдарының жалпы сипаттамасы. Радиобайланысты ұйымдастыру тәсілдері, тїрлері. Радиобайланыс құралдарының жалпы сипаттамасы. Радиокедергілерден қорғаныс. Радиостанция жұмысының тәртібі, тактика-техникалық сипаттамасы, арналуы. Оқыту әдістемесі С


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.