Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





сімдік шаруашылығы». пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің. ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ. М131 - Өсімдік шаруашылығы». Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны



«Өсімдік шаруашылығы»

пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

(2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

М131 - Өсімдік шаруашылығы»

шифр       білім беру бағдармалар тобы

3. Тест мазмұны: «Өсімдік шаруашылығы» пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасы негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.

 

Тақырыптың мазмұны Қиындықдеңгейі Тапсыр-малар саны
Дәнді дақылдар. Астық дақылдарының жалпы сипаттамасы. Күздік астық дақылдар. Күздік бидай. Күздік қарабидай. Күздік арпа. А
Жаздық астық дақылдар. Жаздық бидай. Жаздық арпа.Сұлы. Жүгері.Тары. Қонақжүғері. Күріш. Қарақұмық. В
Дәнді бұршақ дақылдар. Ас бұршақ. Май бұршақ.Үрмебұршақ. Жасымық. Ноқат. С
Тамыр, түйнек жемістілер және бақша дақылдары. Қант қызылшасы. Картоп. Бақша дақылдары. Қарбыз.Қауын. Асқабақ. А
Майлы және эфирмайлы дақылдар. Күнбағыс. Мақсары. Қыша. Рапс. Арыш. Майкене. Эфир майлы дақылдар. Кориандр.Анис. Фенхель. В
Талшықты дақылдар.Мақта. Зығыр. Сора. Кенеп. С
Есірткі дақылдар. Темекі және қара темекі С

Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Бірінші және екінші бөлімдердеастық дақылдарының жалпы сипаттамасы. Күздік және жаздық дақылдардың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Өсімдіктердің өсіру технологиясы.

Үшінші бөлімде дәнді бұршақ дақылдарының астық өндірісін қарқындатудағы және мал азықтық ақуыз мәселесін шешеудегі орны. Атмосферадағы азотты фиксациялау және оның белсенділігін жоғарылату жағдайлары. Өсіру технологиясы.

Төртінші бөлімде тамыр, түйнек жемістілер және бақша дақылдарының биологиялық ерекшеліктері және суармалы жерлерде өсіру технологиялары.

Бесінші бөлімде майлы дақылдардың маңызы. Өсірілетін аудандары және тұқым өнімділігі. Майлы дақылдар майларының сапа көрсеткіштері.

Алтыншы бөлімде мақта талшығының технологиялық сапа көрсеткіштері. Биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясы.

Жетінші бөлімде темекінің маңызы, өсірілетін аудандары және өнімділігі. Темекі өсірудің негізгі әдістері. 

5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманы орындау уақыты – 2 минут
Тест орындалуының жалпы уақыты – 60 минут

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 30 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

- жеңіл (A) – 9 тапсырма (30%);

- орташа (B) – 12 тапсырма (40%);

- қиын (C) – 9 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:

Тест тапсырмалары жабық формада беріледі. Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір жауапты таңдау керек.

8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін түсушіге 1 балл беріледі, одан басқа жағдайда - 0 балл беріледі.

9.Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1. Әрінов Қ. К. және басқалар. Өсімдік шаруашылығы: оқулық . - Алматы: Дәуір, 2011. - 632 б.

2. Әрінов Қ., Можаев Н., Шестакова Н., Ысқақов М., Серекпаев Н. Өсімдік шаруашылығы практикумы Астана: Фолиант, 2018. - 360 б.

3. Әлтайұлы, С. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру негіздері. Алматы: Білім, 2016.- 176 б.    

4. Арыстанғұлов С.С. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, Айтұмар, 2016, 136 б.

5. Ізтаев Ә.І. Өсімдік шаруашылығы негізінде астықтану, Алматы, 2014, 415 б.

Қосымша:

6. Вавилов П.П. и др. Растениеводство. - М., 1986.

7. Вавилов П.П. и др. Практикум по Растениеводству. - М., 1983.

8. Можаев Н.И., Аринов К.К. и др. Растениеводство. - Акмола, 1996.

9. Можаев Н.И., Аринов К.К., Шестакова Н.А. и др. Практикум по растениеводству. Акмола,1996.

10. Посыпанов Г.С. Растениеводство / Г.С. Посыпанов, В.Е. Долгодворов, Г.В. Коренев и др. Под ред. Г.С. Посыпанова. М.: Колос, 2007.

11.  Атақұлов Т.А., Арыстанғұлов С.С., Каракальчев А.С., Салақшинова Б.М., Елшібаев А.Е. Өсімдік шаруашылығы практикумы. – Алматы. Агроуниверситет, 2007 – 200 б.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.