леуметтік педагогика» пәні бойынша
«Әлеуметтік педагогика» пәні бойынша
магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(2020 жылдан бастап күшіне енеді)
1. Құрастырылу мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті:
M020 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бойынша мамандарды даярлаубілім беру бағдарламасы бойынша түсушілердің білім деңгейін анықтау.
3. Тест мазмұны мен жоспары: «Әлеуметтік педагогика» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар қазақ оқыту тілінде ұсынылған.
№
| Тақырыптың мазмұны
| Қиындық деңгейі
| Тапсыр
малар саны
|
| Әлеуметтік педагогика, оның пәні, міндеттері
Әлеуметтік педагогика - жалпы педагогиканың құрамдас бөлігі. Әлеуметтік педагогиканың мақсаты, міндеттері, қызметі, қолданбалы міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы. Әлеуметтік педагогиканың негізгі категориялары. Әлеуметтік педагогиканың білім саласы ретінде пайда болуы, қалыптасуы және дамуы жөнінде ретроспективті тарихи шолу. Әлеуметтік педагогиканың ғылыми пән ретінде қалыптасу кезеңдері. Тәрбиелеу жүйесінің дағдарысы. Таным және өзін-өзі тану туралы ілімнің пайда болу тарихы. Пәннің түсіндірмелі аппаратының қалыптасу ерекшелігі. Әлеуметтік педагогика мен өзін-өзі танудың негізгі терминдері.
|
| қиын (C)
|
| Әлеуметтік педагогиканың негізгі қағидалары
Әлеуметтік педагогикадағы қағидалар ұғымы және олардың мәні. Әлеуметтік педагогиканың қағидаларының жалпы сипаттамасы: табиғатқа сәйкестілік, тұлғалық тұғыр, гуманизм, мәдениетке сәйкестілік, кәсібилік және әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің өзара байланысы.
|
| қиын (C)
|
| Әлеуметтік-педагогикалық үдеріс және оны жетілдірудің жолдары
Әлеуметтік-педагогикалық үдеріс ұғымы, мәні мен мазмұны. Әлеуметтік-педагогикалық үдерістің негізгі компоненттерінің сипаттамасы: ішкі және сыртқы әлеуметтік-педагогикалық үдеріс. Ішкі әлеуметтік-педагогикалық үдерістің мәні мен құрылы.
Ішкі және сыртқы әлеуметтік-педагогикалық үдерістердің өзара байланысы.
Әлеуметтік-педагогикалық үдерістің субъектісі мен объектісіне сипаттама.
|
| қиын (C)
|
| Тұлғаның әлеуметтік қалыптасу педагогикасы
Әлеуметтендіру - әлеуметтік-педагогикалық құбылыс ретінде. Баланың әлеуметтік дамуының көздері. Әлеуметтік дамудың қозғаушы күштері. Тұлғаның кәсіби өзгеруі: ұғымы, мәні және мазмұны. Тұлғаға және оның дамуына әсер ететін кәсіби іс-әрекет факторлары. Әлеуметтік қызметкер тұлғасының кәсіби өзгеруінің типті көріністері. Тұлғаның əлеуметтік белсенділігін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері. Адамның әлеуметтенуі әлеуметтік-педагогикалық құбылыс ретінде. Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері және онын педагогикалық процесте ескерілуі.
|
| орташа (В)
|
| Әлеуметтендіру факторлары
Мемлекет, этнос және ұлт, менталитет. Әлеуметтік құрылым және қоғам. Келесі фактор, таңдап алынған мамандықтың қоғамдағы статусы, мамандарды даярлау туралы мәлімет, перспективасы, еңбек жалақысы; еңбек құралы, жұмыс орны, еңбекті ұйымдастыру формалары, санитарлық-гигиеналық жағдайы (климат жағдайлары туралы мәлімет, жарықтандыру сипаты және басқа да санитарлық факторлар, еңбек режимі мен ритмі). Мемлекет, этнос және ұлт, менталитет. Әлеуметтендіру факторлары: мегафакторлар, макрофакторлар, мезофакторлар, микрофакторлар.Әлеуметтендіру институттары. Балаларды тәрбиелеудегі ұлт, халық және олардың менталитеті; этномәдениет және әлеуметтендіру
|
| жеңіл (A)
|
| 6. Адаптация, дезадаптация және реадаптация
Әлеуметтік дамудағы, әлеуметтенудегі адаптацияның рөлі; дезадаптация, себептері, белгілері және оны жеңу жолдары. Адаптация мен әлеуметтенудің өзара байланысы, адаптация баланың әлеуметтенуінің алғы шарты ретінде. Жеткіншек пен баланың әлеуметтік-мәдени әлемі. Балалық субъмәдениет; бала мен жеткіншекті әлеуметтендіруде әлеуметтік-мәдени әлемді ескерудің қажеттілігі; балалар мен жеткіншектерді әлеуметтендіру қағидалары. Тұлғаның әлеуметтік дамуындағы бейімделу рөлі. Дезадаптация ұғымы, алдын алу және жеңу себептері. Реадаптация ұғымы.
Балалар субкультурасы;әлеуметтендірудегі бала мен жасөспірімнің әлеуметтік-мәдени әлемін есепке алу қажеттілігі; балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтендіру принциптері.
|
| орташа (B)
|
| Балалар, жасөспірімдер және жастардың дамуындағы әлеуметтік ауытқулар
Адамның әлеуметтік дамуындағы қалып және патология. Әлеуметтік ауытқулар, олардың себептері және оларды болдырмау жолдары. Адамның әлеуметтік қалыпты дамуы мен ауытқуы,әлеуметтік ауытқудың себептері. Жасөспірімдердің тәрбиесі мен дамуындағы мінез- құлық ауытқушылықтар және оларды жою және алдын алу жолдары.
|
| орташа (B)
|
| Девиантты және делинквентті мінез-құлық
Девиантты мінез-құлық ұғымы, оның түрлері. Делинквентті мінез-құлықтың сипаттамасы. Балалар мен жасөспірімдердің девиантты іс-қимылдарын болдырмау мақсатындағы әлеуметтік-педагогикалық қызметтің бағыттары. Жасөспірімнің девиантты мінез-құлқы, іс-қимылдары, оның бастау көзі және негізгі көріністері. Баланың девиантты іс-қимылын жеңуіне жеке бастық қатынасы. Жасөспірімдердің девиантты іс-қимылдарының алдын алу.
|
| орташа (B)
|
| Отбасы тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың ортасы ретінде
Отбасының әлеуметтік-мәдени ортасы. Отбасының тәрбиелеу мүмкіндіктерін арттыру жолдары.Балаларға қатысты отбасының негізгі әлеуметтік орны.Баланың тәрбиесі мен әлеуметтік дамуына маңызды ықпал ететін обасының негізгі факторлары.
Отбасылық тәрбиенің мәні. Бала тәрбиелеу үрдісінің әр кезеңінде ата-аналар кездесетін жасына сай мәселелер. Отбасы тәрбиесінде жиі кездесетін қателер және оның салдары.Отбасы тәрбиесінде жанұя және мектеп әрекеттестігі туралы. Отбасының тәрбиелік мүмкіндігін арттырудың негізгі жолдары.
|
| жеңіл (A)
|
| Көше тәрбиелеу ортасы ретінде
Көше тәрбиелеу факторы ретінде; «көше баласы» ұғымы. Көше балаларымен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар. Көше балаларының қаңғыбастығымен ұрлығы. Вандилизм – мінез-құлық ауытқуының көрінуі ретінде. Мінез-құлық ерекшеліктері және оларды тәрбиелеу.Көше балаларымен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру әдістері мен технологиялары
|
| жеңіл (A)
|
| Өмірлік қиын жағдайлар және оған кезіккен балалардың орнығуы
«Өмірлік қиын жағдайлар» ұғымының мәні және олардың типологиясы. Өмірлік қиын жағдайларға кезіккен балалардың сипаттамасы. Өмірлік қиын жағдайдағы балалар үшін асыраушы және алмастырушы отбасылар. Тәрбие ұйымдарында өзара іс-қимылды (тұлғааралық, топтық, топаралық, жаппай), тұрмыс және тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бейресми топтар арасындағы әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері. Мінез-құлқында ауытқулары бар балалармен жеке жұмыс.
|
| орташа (B)
|
| Пенитенциарлы мекемелердегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың мәселелері
Пенитенциарлы мекемелердегі жұмыс түрлері мен ерекшеліктері. Пенитенциарлы мекемелердегі әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері. Пенитенциарлық мекемелердегі тәрбие және білім беру үдерістері. «Пенитенциарлық (түзетушілік) педагогика» ұғымының мәнін және оның негізгі міндеттері. Пенитенциарлық мекеме жағдайындағы қайта тәрбиелеу жұмысының негізгі формалары мен әдістері. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен агрессивті балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері. Әлеуметтік-педагогың қабілетті және дарынды балалармен жұмысы. Дарынды баламен жұмыс негізінде біріншіден: өзін-өзі тануға, өзін-өзі тәрбиелеуге, жаңашыл, төзімі берік, үнемі өзін дамытуға, ізденетін, экспериментшіл, принципке берік, ешкімді қайталамайтын, энтузиазист, бойына дарындылықты қалыптастыра білетін тұлға.
|
| жеңіл (А)
|
| Әлеуметтік-педагогикалық виктимология
«Виктимділік» ұғымы және оның түрлері, формалары. Әлеуметтендірудің және әлеуметтік тәрбиенің құрбаны болған балалардың ерекшеліктері. Виктимологияның дамуындағы бағыттар: ең алдымен адамдардың әлеуметтік дамуындағы психологиялық, физикалық, әлеуметтік және тұлғалық ауытқушылықтары бар және әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, әлемуеттік жағдайы төмен адамдардың ерекшеліктерін зерттеу. Екіншіден, жалпы және арнайы ұстанымдарды, мақсаттарды жасау, адамдардың құрбан болуының алдын алу және түзету.
|
| жеңіл (A)
|
| Әлеуметтік педагогтың кәсіби іс-әрекеті мен педагогикалық мәдениеті
Әлеуметтік педагогтың тілдесу, қарым-қатынас жасау кезінде сөйлесу икемділігінде оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыра алу икемділігінде өзін-өзі ұстай алу және талап ету икемділігінде. Әлеуметтік педагогтың кәсіби мінез-құлығындағы, іс-әрекетіндегі өлшем ықпал етудегі және өзара әрекеттесудегі әдістерді, түрлерді, тәсілдерді таңдау өлшемі. Шеберліктің негізгі белгілері Кәсіптік білім Біліктілік Дағды Кәсіптік қабілет педагогикалық әдеп педагогикалық техника.
|
| орташа (B)
| | |