Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Практикалық машықтар бейнеролигі жіберілген youtube-каналға сілтемені көрсету міндетті.



 

«Астана медицина университеті» КеАҚ

 

1 беттің 1 беті

Қашықтықтан оқыту кезіндегі практика бойынша студенттің есебі

 

 

Студенттің аты-жөні, тегі: Сағынғали Нурия Саматқызы                                                        Мамандығы: Жалпы Медицина                                                                                                       Курс: І                                                                                                                                                     Оқу / өндірістік практика: Клиникаға кіріспе және клиникалық практика - І                                 Кафедра: Медицина негіздері                                                                                                             Жетекшінің аты-жөні, тегі: Маншарипова Жазира Батырбековна                                           Практикадан өту күндері: 25.01.2021 – 29.01.2021                                                                             

 

 

Орындау күні Практикалық дағдылар Орындалған жұмыс (бейнеролик түсіру, мед. құжаттама толтыру және т. б.)*
25.01.2021 Дәрілерді тарату, үлестіру. Дәрілерді тері сыртынан қолдану (ысып жағу, сылап жағу, пластырь түрінде қолдану) Дәрі-дәрмекті ағзаға енгізу жолдары   энтералды 1)ауыз арқылы 2) тіл асты 3)тікішек арқылы парентералды 1) тері ішіне 2) тері астына 3)бұлшық ет ішіне 4) тамырға 5) күретамырға 6) қуыстарға 7) сүйек ішіне 8)субарахнойдалдық кеңістікке Дәрілік заттарды сыртқы енгізу жолдары. Сыртқы енгізу – бұл кілегей қабығына және теріге, құлаққа, көзге дәрілік заттарды қолдануы. Аталмыш дәрілік заттар тұрақты жерлерге арналған, яғни зақымдалған тері арқылы сіңіп кетеді. Компрестер, сепкіштер, майлау, жарақат үстіне арналғаы таңғыштар, құлаққа, мұрынға, көзге тамызғылар құю, құлақ пен көзді майлау - осылардың бәрі түрлі дәрілік сыртқа екгізу формалары болып табылады. Сонымен қатар, майлар, эмульсиялар, ерітінділер, ұнтақтар, түнбалар, сықпалар және т.б. жатады. Сұйық зат немесе майлар түрінде берілгеы дәрілік заттарды тері арқылы енгізу ысқылау әдісімен енеді. Жабысқақ таңғышты қолдану Жабысқақ таңғыш (пластырь) - су өтпейтін дәкемен жабылған қою, жабысқақ май. Май негізі дәрілік заттарды құрайды. Пластырьды жабыстырар алдында теріні спиртпен сүртеді, шаш болса қырқып тастайды. Содан кейін қайшымен пластырьды қажетінше қиып, теріге жабыстырады. Алдын-ала спиртпен бір шетін сулап, жайлап пластырьды шешеді. Таңғышты бекіту үшін пластырьды қолданады. Қызарғанда және терлегенде теріні құрғату үшін ұнтақ тәрізді заттарды немесе сепкіштерді қолданады. Емдеу бөліміне арналған дәрілерді жаздырып алдыру 1. Дәрігер бөлімшеде, науқастарды тексеру барысында, ауру тарихына немесе нұсқау қағазына осы емделушіге қажетті дәрілерді, олардың мөлшерін, енгізу санын және жолдарын жазады. Палаталық медбике күнделікті нұқауларды іріктеп, тағайындалған дәрілерді дәптеріне көшіреді. Егу туралы деректерді, оларды орындайтын процедура мейірбикесіне береді. Поста немесе ем жасайтын бөлмеде тағайындалған дәрілердің тізімі орыс тілінде бөлімшенің аға медбикесіне беріледі. Белгілі формада, латын тілінде, 2 данада жазылған, бөлім меңгерушісінің қолы қойылған дәріханадан дәрілерді алуға арналған талап ету құжатын аға медбике (қажет болған жағдайда)толтырады. Улы (мысалы: строфантин, атропин, прозерин, т.б.) және есірткілік дәрілер (мысалы: промедол, омнопон, морфин), сонымен қатар, этил спиртіне талап ету құжатьн бөлек бланкіге, 3 данада латын тілінде жазады. Осы талап ету құжаттарына ЕАМнің бас дәрігері немесе оның емдеу жөніндегі орынбасарының мөрі басылып, қолы қойылады. Аса тапшы және қымбат дәрілерге арналған талап ету құжаттарында, емделушінің аты-жөнін, ауру тарихының нөмірін, диагнозын көрсетеді.  
2. 26.01.2021 Ингаляциялау арқылы дәріні қолдану. Дәрілерді еріту және оларды флаконнан, ампуладан шприцке алу. https://youtu.be/2FZLUZz_08E 1. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуып, тері антисептигіне ылғалдатылған мақта домалақтарымен тазартыңыз. Қолғапты киіңіз. 2. Қолыңызға ораудағы бір рет қолданылатын шприцті алып, оның жасалған күнін және саңылаусыздығын тексеріңіз. 3. Сол қолыңызға ораудағы шприцті поршені мен жоғары қаратып алыңыз. 4. Поршень жағынан орауды ашыңыз. 5. Ораудағы шприцті шығарып, иненің канюлясын шприцтің ине астындағы конусына жалғастырыңыз. 6. Ине астындағы конус кеңістігіне (ине қалпақтың ішінде) ине канюлясын үйкеңкіреп бекітіңіз. 7. Инеден қорғаныс қалпағын алмай тұрып, поршенді өзіңізге қарай тартып шприцке ауаны сорып алып, шприцтен ауаны шығарыңыз, иненің өткізгіштігін тексеріңіз. 8. Құрастырылған шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.
3. 27.01.2021 Теріішілік егу алгоритмі. Теіастылық егу алгоритмі. https://youtu.be/1nHO_ZYcXwk ТЕРІІШІЛІК ЕГУ АЛГОРИТМІ: 1. Наукасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Оны жүргізуге келісімін алыңыз. 2. Гигиеналық деңгейде қолыңызға тазарту жүргізіңіз, қолғапты киіңіз. 3. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз. 4. Қажетті мөлшерде дәрілік ерітіндіні (0,2-0,3 мл) шприцке сорып алыңыз, инеден қалпағын алмай, ауаны шығарыңыз, шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз. 5. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, колды білектің ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз. 6. Инъекция жасайтын жерді спирттелген екі мақта шариктерімен тізбектілікпен бір бағытта тазартыңыз: алдымен үлкен көлемді, сосын тікелей иньекция жасайтын жерді (контейнерге мақта шариктерін салыңыз). Спирттің толық кебуін күтіңіз. 7. Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың II саусағымен – иненіңканюлясынан, V саусақпен–шприцтің поршенін, ІІІ, IV, I саусақтармен–цилиндрдің қыр жағынан ұстаңыз. 8. Сол қолдың саусактарымен инъекция жасайтын жердің терісін төмен қарай тартыңыз. 9. Иненің қиығын (кескен жер қимасын) жоғары қаратып, тері бетіне (50С бұрышпен) қатарластыра ине қиығының терендігіне (ине тек қана терінің мүйізді қабатына еніп, терінің қалыңдығынан көрінеді) енгізіңіз. Оң қолдың сұқ саусағымен иненің қалпын бекітіп, сәл иненің канюлясынан басыңыз. 10. ІІІприцті бір қолдан екінші колға ауыстырмай, сол қолдың                  ІІ, ІІІ саусактарымен цилиндрдің жиегінен ұстап. I саусақпен поршенді басып, 0,1-0,2 мл дәрілік ерітіндіні енгізіңіз. 11. Дәрілік ерітіндіні дұрыс енгізгенде, инъекция жасаған жерде диаметрі 2-4 мл дей кішкентай бұршақ көлеміндей ақшыл шамалы биіктік пайда болады («лимон» қабығындай). 12. Инені канюлясынан ұстап отырып жылдам қозғалыспен шығарыңыз (спирттелген мақта шаригін тері үстіне баспаңыз). 13. Шприцті контейнерге ( қалдықтарға арналған ыдысқа) салыңыз. 14. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. 15. Қолыңыздыжуып, кептіріңіз. 16. Белгілі бір уақытта инъекция жасаған жерге су тимеу керек екенің науқасқа түсіндіріңіз. https://youtu.be/KKOxAX6o8eY ТЕРІАСТЫЛЫҚ ЕГУ АЛГОРИТМІ: 1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті хабарлаңыз. 2. Гигиеналық деңгейде қолды тазартып,қолыңызды спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз. 3. Бір рет қолданылатын шприцтің орауын ашып, құрастырыңыз (стандартты қараңыз). 4. Шприцке дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қараңыз). 5. Науқасты отырғыңыз немесе жатқызыңыз. 6. Спирттелген екі мақта шаригімен инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз: ең алғаш үлкен көлемді, сосын тура инъекция жасайтын жерді. (мақта шариктерді контейнерге салыңыз). 7. Сол қолдың ІV-V саусақ арасына спирттелген үшінші мақта шаригін салыңыз. 8. Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың ІІ саусағымен иненің канюлясынан, V саусақпен – шприцттің поршенін, ІІІ, ІV, І саусақтармен цилиндрдің төменінен ұстаңыз. 9. Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолдың І және ІІ саусақтармен үшкілдің негізі төмен қараған үш бұрышты түрдегі қыртысты жинаңыз. 10. Тері қыртысының негізіне инені 450С бұрышпен ұстап, иненің ұзындығын 2/3 тереңдікке енгізіңіз, сұқ қол саусағымен иненің канюлясынан ұстаңыз. 11. Сол қолды поршенге ауыстырып (бір қолдан екінші қолға шприцті ауыстырмаңыз), І және ІІ саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып алып, саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз. 12. Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз. 13. Иненің канюлясынан ұстап отырып, инені жылдам қимылмен шығарыңыз. 14. Теріден мақта шаригін алмай, дәрі жіберілген жерді жеңіл уқалаңыз. 15. Шприцтті, мақта шариктерін және қолқапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 16. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. 17. Науқастың қал жағдайын сұраңыз.
4. 28.01.2021 Бұлшық етке егу. Тамырға егу. Ьұлшық етке егу алгоритмі: https://youtu.be/CXI2_RtU6rg 1. Қолыңызды жылы сумен жуыңыз, құрғатып резіңке қолғап киіңіз 2. Иньекция салатын орынды 70% спиртпен 2 мақта домалағымен сүртіңіз. Біріншісімен-үлкен алаңды,екіншісімен- иньекция салатын орынды 3. Дайындалған шпицті оң қолыңызға алыңыз,сұқ саусағынызбен поршеньді,кіші саусағынызбен иненің муфтасын,қалған саусағынызбен цилиндрді ұстаныз. 4. Сол қолыңызбен иньекция салатын орнының терісін тартыңыз 5. Инесімен шприцті перпендикуляр бағытта,инені 3-5-7см енгізіңіз. / жасқа байланысты/ муфта алдында 1см қалдырыңыз 6. Оң қолыңызды шприцтің поршеніне ауыстырыңыз 7. Поршеньді өзіңізге тартыңыз: қан тамырға түспегенін қадағалаңыз 8. Дәрілік затты енгізіңіз 9. Иньекция орнына 3-ші мақта домалағын қойып,иенені суырыңыз 10. Мақта домалағын теріден алмай иньекция орнына массаж жасаңыз.   Тамырға егу алгоритмі: https://youtu.be/vpO3hBfnO88 1. Қолды залалсыздандыру керек 2. Залалсыздандырылған пинцетпен сиымдылығы 10-20 мл шприцті құрастыр. 3. Екі ине дайындаңыз бірі дəріні сорып алуға екіншісі егу жасау үшін. 4. Қажетті мөлшерде дəріні сорып алу қажет. 5. Қолқап кию 6. Залалсыздандырылған 5тен кем емес мақта дайындау 7. Емделуші қолының астына жастық қойып иығын резеңке бұрауды салыңыз. 8. Емделуші жұдырығын бірнеше рет ашып жұмуы керек. 9. Егу жасайтын жерді шприцпен өңдеңіз 10. Ине тесігін жоғары қаратып шприцті теріге паралель ұстап, иненің 1/3бөлігін тамырға енгізіңіз
       
       
       
       

* Практикалық машықтар бейнеролигі жіберілген youtube-каналға сілтемені көрсету міндетті.

 

Оқу/ өндірістік практика бойынша студенттің ескертулері мен тілектері

 

 

 

 

Есеп тапсырылған күн                                                           



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.