Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Дипломатиялық және консулдық қызмет»



 «Дипломатиялық және консулдық қызмет»

пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

 ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

(2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

М064 – Халықаралық қатынастар

Шифр    білім беру бағдармалар тобы

3. Тест мазмұны:Тестіге «Дипломатиялық және консулдық қызмет» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша)  ұсынылған.

Тақырыптың мазмұны Қиындық деңгейі Тап-сыр- малар саны
Дипломатиялық қатынастар A
Сыртқы қатынастардың мемлекеттік органдары B
Дипломатиялық өкілдік A
Консулдық қызмет және оның әрекет етуі  C
Дипломатиялық протокол B
Дипломатиялық хат алмасу C
Қазақстан Республикасының дипломатиялық тәжірибесі A
Дипломатиялық жұмыстың негізгі түрлері мен әдістері B
Дипломатиялық байланыстар, жеке сапарлар мен сұхбаттар B
Келіссөздер үдерісінің технологиясы C

Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны

 

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Тест тапсырмаларының мазмұны дипломатиялық және консулдық қызметтің негізгі міндеттері мен функцияларын қамтиды.

5. Тапсырманың орташа орындалу уақыты.

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 2,5 минут.

Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут.

6. Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны.

Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

- жеңіл (А) – 6 тапсырма (30%);

- орташа (В) – 8 тапсырма (40%);

- қиын (С) – 6 тапсырма (30%).

7. Тапсырманың формасы.

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.

8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Түсуші тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда түсуші 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін түсушіге 0 балл беріледі. Түсуші дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.

9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Ахтамзян А. Азбука дипломата. Учебное пособие. МГИМО, 2014

2. Дипломатическая служба: Учебное пособие / Под ред. А. В. Торкунова, А. Н. Панова. - М. : Аспект Пресс, 2014.

3. Әліпбаев А.Р. «Дипломатиялық құжаттама». Оқу құралы. –Алматы, 2009, 235 бет.

4. Әліпбаев А.Р. «Халықаралық келіссөздер». Оқу құралы. –Алматы, 2012, 404 бет.

5. Батырша-ұлы С. Дипломатиялық қызмет және халықаралық қатынастар.Астана,2011.

6. Дипломатическая служба Республики Казахстан: учеб.пособие/ под общ. ред. К. К. Токаева; ред. совет А. Ю. Волков и др. - 2-е изд., испр. и доп. – Алматы: Дом Печати Эдельвейс, 2005.

7. Исағалиев Қ. Исағалиев А. Дипломатия дәрістері.-Алматы, 2013. -308б.

8. Лапин Г.Э. Консульская служба. Учебное пособие. – М: «Международные отношения», 2012.

9. Попов В.И. Современная дипломатия: теория и практика. Дипломатия - наука и искусство. Курс лекций. – М: «Международные отношения», 2010.

10. Смағұлова Г.,Б,Төлеуова. Дипломатиялық және консулдық қызмет. Оқу құралы.-Қарағанды, 2011,311 б.

11. Фельтхэм Р.Дж. Настольная книга дипломата/Пер. с англ. В.Е.Улаховича. - Мн., 2000. – 304 с.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.