|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Менеджмент». пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің. ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ. М072 Менеджмент және басқару«Менеджмент» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ (2019 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау. 2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау: М072 Менеджмент және басқару Шифр білім беру бағдармалар тобы 3. Тест мазмұны мен жоспары: Тестіге «Менеджмент» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:Тест тапсырмаларының мазмұнында -ұйым және басқару үдерісінің элементтері, байланыстырушы үдерістер, менеджмент функциялары, топтық динамика және көшбасшылық, дауларды және өзгерістерді басқару сипатталады. 5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты: Бір тапсырманы орындау уақыты – 2 минут Тест орындалуының жалпы уақыты – 60 минут 6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны: Тестінің бір нұсқасында – 30 тапсырма. Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі: - жеңіл (A) – 9 тапсырма (30 %); - орташа (B) – 12 тапсырма (40 %); - қиын (C) – 9 тапсырма (30 %). 7. Тапсырма формасы: Тест тапсырмалары жабық формада беріледі. Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір жауапты таңдау керек. 8. Тапсырманың орындалуын бағалау: Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін түсушіге 1 балл беріледі, одан басқа жағдайда - 0 балл беріледі. 9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: 1. Мескон и др. Основы менеджмента. – М.: Издательство «Вильямс», 2016. – 672 с. 2. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент: Учебник. – 2-е изд. – М.: «Экономистъ», 2014. – 576 с. 3. Дафт Р. Менеджмент. 8-е изд./пер. с англ.под ред. С.К.Мордовина. – СПб.: Питер, 2009. – 800 с. 4. Друкер П., Макьярелло Дж.А. Менеджмент. – М., 2010. – 704 с. 5. Виханский О.С., Наумов А.И. Практикум по курсу «Менеджмент». - М.: «Экономистъ», 2004. – 288 с.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|