|
|||
Модуль 2. Б. Тері және оның туындыларыМодуль 2. Б. Тері және оның туындылары Тері эпидермисінің даму көзі: 1 мезенхима 2 энтодерма 3 дерматом 4 тері эктодермасы 5 нейроэктодерма
Тері дәнекер тінді негізінің (дерманың) даму көзі: 1 мезенхима 2 энтодерма 3 дерматом 4 тері эктодермасы 5 нейроэктодерма
Қалың тері эпидермисі қабаттарының іштен сыртқа қарай орналасу ретін анықтаңыз: 1 үшкір, дәнді, базалды, мүйізді, жалтырауық 2 дәнді, базалды, мүйізді, жалтырауық, үшкір 3 мүйізді, үшкір, жалтырауық, базалды, дәнді 4 базалды, үшкір, дәнді, жалтырауық, мүйізді 5 базалды, жалтырауық, үшкір, дәнді, мүйізді
Қалың тері эпидермисі қабаты құрамына енетін, жұқа тері эпидермисі құрамына кірмейтін қабатты атаңыз: 1 үшкір 2 жалтырауық 3 дәнді 4 мүйізді 5 базалды
Тері дермасының қабаттарына жатады: 1 емізікше және мүйізді қабат 2 базалды және үшкір 3 емізікше және торлы 4 мүйізді және торлы 5 мүйізді, емізікше және торлы
Тері эпидермисінің қандай қабаты өсетін болып табылады және неге? 1 дәнді, себебі онда бағаналы жасушалар болады 2 базалды, себебі онда бағаналы жасушалар болады 3 жылтырауық, себебі онда бағаналы жасушалар болады 4 мүйізді, себебі онда бағаналы жасушалар болады 5 үшкір, себебі онда бағаналы жасушалар болады
Тері препаратында жіңішке коллагенді, эластикалық және ретикулярлы талшықтар, сондай-ақ фибробластар, макрофагтар, тіндік базофильдер, тегіс миоциттер және т.б. көрінеді. Препаратта қандай тері берілген? 1 эпидермис 2 гиподерма 3 дерманың торлы қабаты 4 дерманың емізікше қабаты 5 дерма
Тері препаратында коллагенді талшықтардың жуан будалары, эластикалық талшықтардың торы, аздаған фибробластар сондай-ақ тері бездерінің соңғы бөліктері көрінеді. Препаратта қандай тері берілген? 1 эпидермис 2 гиподерма 3 дерманың торлы қабаты 4 дерманың емізікше қабаты 5 дерма
Терінің папиллярлы суреті құралған: 1 эпидермистің мүйізді қабатының біркелкі еместігінен 2 эпидермисте пролиферативті бірліктердің болуы 3 без өзектерінің шығуымен 4 дерманың емізікше қабатымен 5 дерманың торлы қабатымен
Тері дермасынның торлы қабатының негізгі тіні болып табылады: 1 болбыр дәнекер тіні 2 тығыз қалыптасқан дәнекер тіні 3 тығыз қалыптаспаған дәнекер тіні 4 тегіс салалы бұлшық ет тіні 5 көлденең жолақты бұлшық ет тіні
Терінің неғұрлым қалың эпидермисінің орналасуын көрсетіңіз: 1 арқа, иық, сан 2 бас, бет, арқаның жоғарғы жағы 3 алақан және табан 4 қолтық асты және шап қыртыстары 5 барлық жерде
Терінің неғұрлым қалың дермасының орналасуын көрсетіңіз: 1 барлық жерде 2 бас, бет, арқаның жоғарғы жағы 3 алақан және табан 4 қолтық асты және шап қыртыстары 5 арқа, иық, сан
Гиподерманы (тері асты майы) түзетін тін: 1. болбыр талшықты дәнекер тін 2. тегіс салалы бұлшық етті 3. тығыз дәнекер тін 4. көлденең жолақты бұлшық ет тіні 5. майлы дәнекер тін
Балалар терісінде пигменттің түзілуінің төмендеуі қай жасқа дейін байқалады: 1 2 айға дейін 2 3 айға дейін 3 4 айға дейін 4 6 айға дейін 5 1 жасқа дейін
Жаңа туған балаларда терінің папиллрлы суреті жақсы көрінген дене бөлігін көрсетіңіз 1 арқа, иық, сан 2 бас, бет, арқаның жоғарғы жағы 3 алақан және табан 4 қолтық асты және шап қыртыстары 5 жаппай
Тері туындыларының – шаш, тырнақ, тері бездерінің даму көзі: 1 мезенхима 2 энтодерма 3 дерматом 4 тері эктодермасы 5 нейроэктодерма
Ұзын шашқа жатады: 1 қас және кірпік 2 сақал, мұрт, қас және кірпік 3 бастың шашы, сақал, мұрт, қолтық асты 4 сыртқы дыбыс жолы мен мұрын кіреберіс қуысы шашы 5 тек бастың шашы
Қылтанақ шашқа жатады: 1 қас, кірпік, сыртқы дыбыс жолы мен мұрын кіреберіс қуысы шашы 2 сақал, мұрт, қас, кірпік 3 бастың шашы, сақал, мұрт, қолтық асты 4 қолтық асты, бастың шашы, қас, кірпік 5 тек бастың шашы
Ұзын және қылтанақ шаш түбірі тұрады: 1 тек милы заттан 2 тек милы заттан 3 тек кутикулдан 4 шаш буылтығынан және шаш емізікшесінен 5 милы және қыртысты заттардан, кутикулдар
Үлпілдек шаш терісі тұрады: 1 тек милы заттан 2 тек милы заттан 3 тек кутикулдан 4 шаш буылтығынан және шаш емізікшесінен 5 милы және қыртысты заттардан, кутикулдар
Шаштың қыртысты заты тұрады: 1 түйіршікті пигменті бар полигоналды жасушалардан 2 түйіршікті пигменті бар жазық мүйізделген қабыршықтан 3 аморфты заттардан 4 эпидермистің өсу қабатының жасушаларынан 5 тіршілігін жойған меланоциттерден
Төмендегілердің қайсысы шаш буылтығын қоректендіруші көз болып табылады және неге 1 шаштың қыртысыты заты, себебі болбыр талшықты дәнекер тіннен түзілген 2 милы заты, себебі болбыр талшықты дәнекер тіннен түзілген 3 шаш кутикулы, себебі болбыр талшықты дәнекер тіннен түзілген 4 шаш емізікшесі, себебі болбыр талшықты дәнекер тіннен түзілген 5 шаш емізікшесі, себебі болбыр талшықты дәнекер тіннен түзілген
Шаштың қандай құрылымы оның өсуін қамтамасыз етеді және неге? 1 милы зат, себебі оның жасушалары өсуге қабілетті 2 қыртысты зат, себебі оның жасушалары өсуге қабілетті 3 шаш емізікшесі, себебі оның жасушалары өсуге қабілетті 4 шаш буылтығы, себебі оның жасушалары өсуге қабілетті 5 шаш фолликулы, себебі оның жасушалары өсуге қабілетті
Шаштың тіршілік ұзақтығы: 1 1-2 жыл 2 1 жыл 3 3 жыл 4 2-5 жыл 5 8 жыл
Терінің тер бездері құрылысы бойынша қандай? 1 қарапайым түтікшелі 2 қарапайым альвеолярлы 3 күрделі түтікшелі- альвеолярлы 4 күрделі түтікшелі 5 күрделі альвеолярлы
Терінің май бездері құрылысы бойынша қандай? 1 қарапайым түтікшелі 2 қарапайым альвеолярлы 3 күрделі түтікшелі- альвеолярлы 4 күрделі түтікшелі 4 күрделі альвеолярлы
Терінің май безіне секрецияның қай типі тән және неге? 1 микроапокринді, себебі себоциттерден секрет бөлінген кезде олардың микробүрлері бұзылады 2 голокринді, себебі себоциттерден секрет бөлінген кезде жасуша толығымен бұзылады 3 мерокринді, себебі секрет бөлінген кезде себоциттердің құрылысы бұзылмайды 4 макроапокринді, себебі себоциттерден секрет бөлінген кезде жасушаның апикалды бөлігі бұзылады 5 голокринді, себебі себоциттерден секрет бөлінген кезде жасушаның құрылысы толығымен сақталады
Май бездерінің соңғы бөліктері орналасады? 1 эпидермисте 2 теріс асты клетчаткасында 3 емізікше және торлы қабаттар шекарасында 4 дерманың емізікше қабатында 5 дерманың емізікше қабатында
Тер безінің секреция типі: 1 мерокринді 2 голокринді 3 апокринді 4 микроапокринді 5 мерокринді және апокринді
Тырнақ пластинкасының өсуі қандай жасушалардың бөліну есебінен жүреді? 1 түбіріндегі 2 денесіндегі 3 тырнақ матрицаларындағы 4 оның түбіріндегі және денесіндегі 5 тырнақ үсті табақшасындағы
|
|||
|